Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


«Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті»



бет5/18
Дата04.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#121834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
osh sor kazahskiy-jazyk-i-literatura 10-klass kaz

«Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті»


Оқу мақсаты 10.4.4.1 Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр
тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді
жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта,
презентация)
10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-
қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы
өмірмен салыстырып бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша

ақпараттар бойынша тірек-схема, менталды карта,


презентация дайындайды

 Көтерілген мәселені анықтап, кейіпкерлер әрекетін шынайы өмірмен салыстырып, баға береді




Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Орындау уақыты 25 минут


Тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

«Рахат» акционерлік қоғамы – 70 жылдық дара тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі. Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы шығарыла бастады. Фабриканың күнделікті өндірістік қуаты тәулігіне 250 тонна өнім шығарады. Кәсіпорын 10 цех пен бір қосалқы цехтен тұрады.


«Рахат» АҚ-да 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.


«Рахат» АҚ – сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетін адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды игерген Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға қуаттылығы төмен әрі қантты тең дәрежеде табиғи шикізатпен ауыстыру арқылы шығарылған шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атауы кіреді.


«Рахат» АҚ-ның қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілерден өзгешелігі – алуан түрлілігімен айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдық танытуы. Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Қазіргі кезде «РАХАТ» АҚ өнімі Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан секілді елдерге экспортталады. Компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.





  1. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз. Жоспар

1.


2.

3.



9


4.



  1. Әр абзацтағы негізгі және қосымша ақпараттар негізінде 4 тірек-схема әзірлеңіз.


  1. «Әпке» шығармасында көрініс тапқан 3 мәселені анықтаңыз.




  1. Қамажайдың бауырлары үшін өз бақытынан бас тартуы дұрыс па? Кейіпкердің шешімін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, ойыңызды 5-6 сөйлеммен беріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет