Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 5-сынып 2019-2020 оқу жылы Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі



бет3/14
Дата11.12.2022
өлшемі274,83 Kb.
#56542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады;

  • Оқылым мәтінінің негізінде негізгі ойды сақтай отырып, компрессия жасайды

Білу және түсіну


Қолдану



Орындау уақыты

15-20 минут



Тапсырма

1. Мәтінді оқып, оның жалпы мазмұнына қатысты 2 сұрақ, мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырыңыз.


Жалпы мазмұнға қатысты 2 сұрақ
1)_______________________________________________________________________
2)_______________________________________________________________________


Нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ
1)_______________________________________________________________________
2)_______________________________________________________________________
3)_______________________________________________________________________


Мәтіндер
1-мәтін. Самал Шорманованың әнші Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбатынанүзінді.

Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын».


Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін әншілердің қатарына жатқызады. Өзіңіздің ойыңызша қалай?
– Мен өзін сыйлаған, өзін жақсы көрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын. Оның үстіне, өнер жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп жүрмесе, онда адам өз-өзін сыйламағандығы. Өзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын. Себебі, анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде ақшаң болған күннің өзінде киім тапшы болатын. Сондықтан анама әртүрлі сән журналдарындағы киімдерді көрсетіп, тіктіртіп алатынмын. 

2-мәтін. http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313сайтынан алынған.




Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып, бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығын, үрімді-бұтақты екендігін, мейірімін, қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған.

2.Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі ойын сақтай отырып, көлемін шамамен 30-40 сөзге дейін ықшамдаңыз.


«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.


15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет