Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып Нұр-Сұлтан, 2019 Құрметті мұғалім!


«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет13/16
Дата13.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#73772
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
osh sor kazahskiy-jazyk-i-literatura 9-klass kaz

«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым

Оқу мақсаты

9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну 9.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау





Бағалау критерийі Білім алушы:
 Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді
 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда
берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді


Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты 15-20 минут


Тапсырма

  1. Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.

Жер бетіндегі әртүрлі кезеңдегі халық санының өсуі әрқалай болды. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзаттың қол жеткізген нәтижелері адам санының өсуін тұрақтандырды. XVI ғасырда халықтың негізгі бөлігі Еуропада тұрғанымен, салыстырмалы түрде Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытайда да халық саны көп болды.


XVIII ғасырға дейін халық саны орташа жылдамдықпен, жүзжылдықта 1%-ға көтеріліп отырған, ал 1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер бетіндегі халық саны 1 млрд-ты құрады. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырды. Бұл жағдай әлемдегі халық санының аса жылдамдықпен дамуына әсер етті.


XVIII ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың ортасына дейін экономикасы жылдам дамыған Ұлыбритания, АҚШ, Франция секілді елдердің есебінен жер бетіндегі халық санының артуы байқалды. Ал XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы — «демографиялық жарылыстың» туындауына себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан некеге тұруға, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады. Сонымен қатар кейбір мемлекеттердің тәуелсіздік алуы, медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына алып келді. Әлемдегі халық санының өсуі «перифериялық», яғни дамушы елдер және өтпелі экономикасы бар елдерге тән сипат алуда




А. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзат қол жеткізген ___________________________ адам санының өсімін тұрақтандырды.


В. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық ________________________
жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала
26

өлімін төмендетіп, өмір сүру ұзақтығын арттырды.


С. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан _____________________________, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет