Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып Нұр-Сұлтан, 2019 Құрметті мұғалім!



бет9/16
Дата09.05.2022
өлшемі0,81 Mb.
#33406
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар 9-сынып Н р-С л

Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқылым

Жазылым



Оқу мақсаты
9.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден

қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру

9.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін

сақтап, шолу жазу




Бағалау критерийі
Білім алушы:

 Қосымша мәліметтер негізінде қорытынды жасайды,

көзқарасын білдіреді

 Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сәйкес шолу

жазады



Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары




Орындау уақыты
15-20 минут


Тапсырма

  1. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет бүкілхалықтық президент сайлауын өткізіп, президенттік басқару институтына көшті. Арада 20 жыл өткен соң, 2011 жылдың желтоқсанында, парламент депутаттары бұл күнді ресми мереке ретінде тойлау керек деген бастама көтерді.


Осылайша, 2011 жылдың желтоқсанында Парламенттің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгеріс енгізілді. Президент тиісті құжатқа қол қойған соң, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді.
Шыны керек, алғашында бұл мерекені Қазақстан халқы толық түсінбеді. Оның үстіне, Тәуелсіздік күні, Астана күні, Наурыз немесе Жаңа жыл сияқты емес, ешқандай атрибуты жоқ. Бірақ бес жыл ішінде халықтың бойы әбден үйренген сияқты. Оның біз байқаған бірнеше белгісі бар. Біріншіден, Тұңғыш Президент күнін халық бір күнгі демалыс деп асыға күтетін болды. Ал кейбір ұйым қызметкерлері, әсіресе, мемлекеттік қызметшілер мерекеге берілетін сыйақыға қуанады. Егер бұл күн аптаның демалыс күніне дәл келсе, онда үкіметтің арнайы бұйрығымен басқа күнге ауыстырылып, халық қатарынан бірнеше күн демалады.
Екі жыл депутаттар Астана қаласының атын Нұрсұлтан Назарбаев атымен атауды ұсынған еді. Бірақ бұл бастамаға Президенттің өзі қарсы болды. Ол Астананың аты өзгермейтінін айтқан болатын.
Қазақстанда Назарбаев атындағы көше болмағанымен, Иорданиядағы Амман қаласында, Шешенстандағы Грозный қаласында, Түркияның бір емес, бірнеше қаласында, Татарстан астанасы – Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшелер бұрыннан бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет