Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия 8-сынып


Тапсырма 1(a)



бет7/28
Дата15.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#122674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Тапсырма




1(a) Реакция нәтижесінде сілті және сутек газын түзе отырып бөлме температурасында сумен әрекеттесетін металдар қатарын көрсетіңіз.

  1. K, Na, Zn

  2. Mg, Zn, Cu

  3. Na, Li, K

  4. Fe, Mg, Ag



(b) Белсенділігі орташа металдар сумен тек қыздырғанда (немесе су буымен) әрекеттеседі. Магнийді мысалға алып су буымен реакция теңдеуін жазыңыз.


2. Археологиялық қазбалар кезінде табылған артефактар: мыс, күміс, темірден жасалған бұйымдар берілген.


(a) Мыстан және күмістен жасалған артефактардың осы күнге дейін сақталу себебін түсіндіріңіз.
















  1. Уақыт өте келе мыстан жасалған бұйымдарда жасыл дақтың пайда болуы, ал күмістен жасалған бұйымдардың қараюы мен темірдің тоттануына әсер еткен факторларды атаңыз.



3(a) Сұйытылған тұз қышқылы ерітіндісімен әрекеттесетін металдар жұбы.

    1. алюминий, магний

    2. темір, күміс

    3. алтын, мырыш

    4. күміс, сынап



(b) 3(а) тапсырмадағы таңдап алынған металдар жұбының сұйытылған тұз қышқылы ерітіндісімен реакция теңдеуін жазып, теңестіріңіз.

? + HCI =


? + HCI =


4(a) Берілген металдардың ішінде қайсы металл тұз ерітіндісінен металды ығыстырып шығарады. Мүмкін болатын реакциялардың тұсына « + » таңбасын қойыңыз.



Тұз \металл

темір

магний

мыс

мырыш

Темір (II) хлориді













Магний хлориді













Мыс (II) хлориді













Мырыш хлориді















(b) Темір (ІІ) сульфаты (FeSO4) ерітіндісінің Mg, AI металдарымен реакция теңдеуін жазыңыз.

1.


2.



  1. Мүмкін болатын реакция теңдеуін құрастырыңыз.

(а) никель нитраты(ер-ді) + қорғасын (қ)


(b) мыс (II) нитраты(ер-ді) + мырыш(қ)



Бағалау критерийі

Тапсыр
ма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесу теңдеуін құрастырады

1

сілті және сутек газын түзе отырып сумен әрекеттесетін
металдар қатарын көрсетеді;

1

магнийдің су буымен реакция
теңдеуін жазады;

1

Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін факторларды анықтайды

2

мыстан, күмістен жасалған артефактардың осы күнге дейін
сақталу себебін түсіндіреді;

1

уақыт өте келе мыс, күміс, темірден жасалған бұйымдардың бұзылуына әсер ететін факторларды атайды;

1

Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазады

3

металдар жұбының сұйылтылған тұз қышқылы ерітіндісімен
әрекеттесетінін анықтайды;

1

металл алюминийдің сұйылтылған тұз қышқылымен реакция теңдеуін
жазады;

1

металл магнийдің сұйытылған тұз қышқылымен реакция теңдеуін жазады;

1

Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесу теңдеуін жазады

4

тұз ерітіндісінен темір ығыстырып шығаратын металды анықтайды;

1

тұз ерітіндісінен магний ығыстырып
шығаратын металды анықтайды;

1

мыс белсенділігі төмен металл
екенін көрсетеді;

1

тұз ерітіндісінен мырыш ығыстырып
шығаратын металды анықтайды;

1

темір (ІІ) сульфатының магниймен реакция теңдеуін жазады;

1

темір (ІІ) сульфатының алюминиймен реакция теңдеуін
жазады;

1

Металдардың белсенділік қатарын қолданып орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжайды

5

никель нитраты (ер-ді) + қорғасын (қ)
теңдеуінің жүрмейтінін жазады;

1

мыс (II) нитраты (ер-ді) + мырыш (қ)
теңдеуін құрастырады.

1

Барлығы

15

«Металдар белсенділігін салыстыру» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні




Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесу теңдеуін құрастырады

Na , Li , K сумен әрекеттескенде сілті және сутек газы түзілетінін анықтауда, су буымен реакция теңдеуін жазуда қиналады

Na , Li , K сумен әрекеттескенде сілті және сутек газы түзілетінін анықтауда / және су буымен реакция теңдеуін жазуда қателіктер жібереді

Na , Li , K сумен әрекеттескенде сілті және сутек газы түзілетінін анықтайды және су буымен реакция теңдеуін жазады













Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін факторларды анықтайды

Мыстан және күмістен жасалған артефактардың осы күнге дейін сақталу себептері түсіндіруде / әсер ететін факторларды атауда қиналады

Мыстан және күмістен жасалған артефактардың осы күнге дейін сақталу себептерін / әсер ететін факторларды атап түсіндіруде

Мыстан және күмістен жасалған артефактардың осы күнге дейін сақталу себептері / әсер ететін факторларды атап түсіндіреді

қателіктер жібереді










Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазады

Металдар жұбын анықтауда және сұйытылған тұз қышқыл ерітіндісімен реакция теңдеулерін жазуда қиналады

Металдар жұбын анықтауда / AI / Mg
– дің сұйытылған тұз қышқыл ерітіндісімен реакция теңдеулерін

Металдар жұбын анықтайды және сұйытылған тұз қышқыл ерітіндісімен реакция

жазуда қателіктер жібереді




теңдеулерін жазады




Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесу теңдеуін жазады

Fe, Mg, Zn-тың тұз ерітіндісінен металды ығыстырып шығаратынын, Cu белсенділігі төмендігін анықтауда, реакция теңдеуін жазып дәлелдеуде қиналады

Fe / Mg / Zn -тың тұз ерітіндісінен металды ығыстырып шығаратынын/ Cu белсенділігі төмендігін анықтауда
/ реакция теңдеуін жазып дәлелдеуде

Fe, Mg, Zn -тың тұз ерітіндісінен металды ығыстырып шығаратынын Cu белсенділігі төмендігін анықтайды, реакция

қателіктер жібереді




теңдеуін жазып дәлелдейді




Металдардың белсенділік қатарын қолданып орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжайды

Металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжауда қиналады

Металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының (а)/ (b) жүру мүмкіндігін болжауда қателіктер жібереді

Металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжайды












2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР





    1. A «Зат мөлшері» және «Стехиометриялық есептеулер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау




Оқу мақсаты

8.1.1.3 Масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу

        1. Химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу

        2. Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану

        3. Газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу

        4. Газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет