Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия


Сутегі – ХХІ ғасырдың отыны. Оны суды айыру арқылы зертханада алуға болады. 4 г сутегін алу үшін қажет судың массасы мен зат мөлшерін анықтаңыз. [2] 7



бет17/22
Дата26.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#35668
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
6. Сутегі – ХХІ ғасырдың отыны. Оны суды айыру арқылы зертханада алуға болады. 4 г сутегін алу үшін қажет судың массасы мен зат мөлшерін анықтаңыз. [2]
7. Берілген эндотермиялық және экзотермиялық реакцияға байланысты тұжырымдардың бос орындарын қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Найзағай кезінде озонның түзілуінде энергия __________. Табиғи газ жанғанда энергия ________. Жылу бөле жүретін реакцияларда кинетикалық энергия ________. _____________ рeaкцияда температура төмендейді. Экзотермиялық реакцияда зат бөлшектері ______ жылдамдықпен қозғалады.
Қажетті сөздер: эндотермиялық,жоғарылайды, жоғары, бөлінеді,сіңіріледі [2]
Химия. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоуосова. – Алматы: Мектеп, 2018
8. Сутегі – ең кең тараған элемент, тіпті Күн массасының 75%-н құрайды.
a) Сутектің қолданылу салаларына екі мысал келтіріңіз:
1)_________________ 2)__________________ [1]
b) Төменде берілген айналымдарды іске асыруға мүмкін реакция теңдеулерін жазыңыз.
1 2
С → H2 → NH3
3
NaH
1)____________2)______________3)___________________________ [3]
9. Оттегі адамдардың есте сақтау, назар аудару және физикалық қасиеттерін арттырады. Организмге түскен оттектің 20%-ы мидың жұмысына жұмсалады. Оттегінің химиялық белсенділігі де жоғары.
а) Оттектің берілген заттармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңыз:
1) Al 2) Са [2]
b) Оттектің қолданылатын салаларын анықтаңыз.
A) метил спиртін алуда B) тұз қышқылын алуда C) су астында тыныс алуға
D) мұнай өнімдерін өңдеуде E) қатты майларды алуда [1]
с) Оттекті күрделі заттарды қыздырып, айыру арқылы алады. Өршіткі марганец (ІV) оксидінің қатысында сутек пероксиді (Н2О2) шабытты реакцияға түсіп, оттек газын түзеді. Реакция теңдеуін жазыңыз. [1]
10. Адам тіршілігінің нәтижесінде озон қабаты жұқарады. Озон қабатының жұқаруына суретте көрсетілген факторлар әсер етеді.

https://www.syl.ru/article/188050/new_chto-takoe-ozonovyiy-sloy-zemli-problemyi-ozonovogo-sloya
а)Осы факторлардың біреуінің озон қабатына қалай әсер ететінін жазыңыз. [1]
b) Озон қабатының жұқаруының бір салдарын көрсетіңіз. [1]
11. CaCO3 → CaO + CO2 реакциясында энергия өзгереді.
а) Жылудың бөлінуі немесе сіңірілуіне байланысты реакцияның типін анықтаңыз. [1]
b) Энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз. [1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет