Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия


«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



бет19/22
Дата26.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#35668
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
2 - нұсқа
1Металдық қасиетінің өсу реті бойынша орналасқан элементтер қатарын табыңыз.
А) Si P S
В) Be B C
С) Si Ge C
D) Ве Mg Ca
E) C N Li [1]
2. а) Сыртқы электрондық деңгейінде электрондар саны бірдей элементтерді табыңыз: B, Ga, O, Mg, N, Ne, Cl, Al [1]
b) Элементтерді бір топқа біріктіруге негіз болатын қасиеттерді атаңдар. [1]
3. Топ, период, атом нөмірінің оның физикалық мағынасымен сәйкестендіріңіз.










Физикалық мағынасы

1

Топ нөмірі

А)

Атомның ядро зарядын

В)

Ядродағы протон санын

2

Период нөмірі

С)

Атомдағы электрон санын

D)

Энергетикалық деңгей санын

3

Атом нөмірі

Е)

Сыртқы деңгейдегі электрон санын

[3]
4. Fe Ag Мg Nа К Аl
а) Берілген металдарды металдық қасиеті артуы бойынша орналастырыңыз. [1]
b) Металдық қасиетінің арту себебін түсіндіріңіз. [1]
5. Көміртекке қатысты келесі тұжырымдардың дұрысын анықтаңыз. [1]
А) екі энергетикалық деңгейі бар
В) қышқылдық та, негіздік те оксид түзеді
С) ұшқыш сутекті қосылысы СН4
D) ІІІ период, ІV топ, негізгі топшада орналасқан
Е) ІІ және ІІІ валенттілік көрсетеді
F) белсенді бейметалл
G) тотығу дәрежесі +4; -4; +2
H) жоғарғы оксиді СО2 , негіздік оксид
6. а) Сутек пен бром атомдарының арасында химиялық байланысты анықтаңыз [1]
b) Нүктелер және крестер диаграммасы арқылы сутек пен бром атомдарының арасында түзілуі мүмкін байланыстың схемасын құрыңыз. [1]
7. Қаныққан ерітінді концентрлі ерітінді бола ала ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз. [1]
8. а) Литий және фтор атомдарының электрондарының энергетикалық деңгейлерге таралуын көрсетіңіз. [1]
b) Литий және фтор атомдарының арасында иондық байланыстың түзілу сызбасын көрсетіңіз. [1]
9. Заттардың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіріңіз. [2]



Тұжырымдар

Себебі



1

Қатты заттардың ерігіштігі температура жоғарылағанда артады.




2

Газдардың ерігіштігі температура жоғарылағанда кемиді.



10. Жақсы еритін затты анықтаңыз.
A) темір B) калий гидроксиді
C) парафин
D) көміртек
Е) мұнай [1]
11. Суда калий перманганатын (марганцовка) еріткенде байқалатын құбылыстарды түсіндіріңіз. [3]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет