Жиынтық бағалауға арналған



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата10.12.2023
өлшемі390,46 Kb.
#135991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
БЖБ-8-с.қазақ т.

Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау
талқылау), құрылымын салыстыра талдайды 

Берілген тақырып негізінде тезистік жоспар құрады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Орындау уақыты 
Қолдану 
15-20 
минут 
 
Тапсырма 
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. 
1-
мәтін
 
«Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және 
мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі – құндылықтар, ал 
басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның 
жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі – құндылық бағдар.
Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты 
қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің 
соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар 
болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, 
жемқорлық, өлтіріп кету сияқты келеңсіздіктер толып жатыр. Адамзаттың ең асылы 
«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме? 
Көпшілігі «заманына қарай адамы» деген принциппен өмір суруде. Ал заманды құрайтын 
адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі 
әлемді сақтап қалатын бірден-бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз. 
Рухани-адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін-өзі тану» жобасының 
авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол 
іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек 
жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті… 
2-
мәтін 
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде, ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды 
ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз 
құндылықтарымызға назар аудара бермейміз. Ойланып көріңізші, сіздің қандай 
құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, 
түсінігі мол керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды 
қасиеттерге жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді
еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін 
құндылықтары. Сіздің үйіңіз, материалдық жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, 
хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында. Болмысыңыз бен пішініңіз, 
сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз – құндылықтың бір түрі. Сонымен қатар іске аспай 
жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды 
табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар... 
7


1. 
Екі мәтінді салыстырыңыз.
1-
мәтін 
2-
мәтін 
Мәтіндердің стилі қандай? Себебі неде? 
Мәтіндердің тақырыбы қандай? 
Мәтіндердің түрлері қандай? Неге олай? 
Мәтіндердің құрылымы қандай? Неге? 
 
2. 
Сіз тәрбие сағатында «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті» тақырыбында 
баяндама оқығалы жатырсыз. Баяндамаңыздың тезистік жоспарын жасаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет