"Жыл оқушысы" конкурсын өткізу бойынша білім беру ортасына әдістемелік әзірлемелер мен ұсынымдар «Жыл оқушысы»



бет2/20
Дата24.11.2022
өлшемі94,24 Kb.
#52255
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Конкурстың қазылар алқасы:

  • бағалау критерийлерін анықтайды;

  • конкурстың ІІ турына (эссе жазу), III турына (шешендік өнер конкурсы) ұсынылған конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалайды,

  • конкурстың қорытындысын жасайды, жеңімпаздарды анықтайды.

Конкурсқа мемлекеттік білім ұйымдарының 6-11 сынып оқушылары қатыса алады. Мектеп әр жастық топтан (тіпті аралас) біреуден көп емес оқушыны ұсыну құқығына ие болады.
1-жастық топ – 6-7 сыныптар;
2-жастық топ – 8-9 сыныптар;
3-жастық топ – 10-11 сыныптар.


Конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттардың бірі – конкурсқа қатысушы үздік немесе жақсы оқитын оқушы болуы (төрт деген бағасы үшеуден көп болмауы) керек!

І турға үміткерлерді ұсыну білім ұйымының педагогикалық кеңесінің, ата-аналар комитетінің, оқушылардың өзін-өзі басқару кеңесінің және басқа да қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің шешіміне сәйкес өткізіледі.




Конкурстың 1 турын өткізуге дейін, өтінімдер жиналғаннан кейін сауалнама және конкурсқа қатысушының тұсаукесерінің өзі тапсырылады.

Конкурсқа қатысушының сауалнамасының мазмұнымен және нысанымен №1 Қосымшадан танысуға болады.




Конкурс V турдан тұрады.

І тур (сырттай) – өзін-өзі таныстыру. Мәлімделген қатысушы Power Point бағдарламасында орындалған (нысаны еркін) өзі туралы тұсаукесерді ұсынады.


II тур – берілген тақырыптарға эссе жазу
«Жыл оқушысы» конкурсына қатысушысының эссе жазу бойынша әдістемелік ұсыныстарымен осы Ережеге № 2 Қосымшада танысуға болады.


ІІІ тур – Шешендік шеберлік конкурсы
Қатысушыны «Жыл оқушысы» конкурсының осы кезеңіне дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар осы Ережеге №3 Қосымшада танысуға болады.
Қазылар алқасы конкурстық жұмыстарды және конкурсқа қатысушылардың өнерлерін бағалайды және ІІІ тур басталғанға дейін оқушылардың әр жастық санатындағы 15 үздіктен іріктеп алады.


IV турға қатысушылар конкурстың Ұйымдастыру комитетіне оқушының Портфолиосын ұсынады.
IV тур (сырттай) оқушылардың жетістіктерінің Портфолиосын сараптау түрінде өтеді. Конкурсқа қатысушының Портфолиосы қағаз және электронды түрде (флэш-картада) ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет