16
Адамзат ойының асқар шыңына баланатын асқақ тұлғалардың
бірі Абайдың шығармашылық әлемі, жандүниеңді байытатын
тағылымы мол туындылары, ізгілікке бастайтын өміршең поэзи-
ясы – иісі қазақ қана емес, өзге халықтар да сусындайтын кәусар
бұлақ іспетті. Бұл ретте Абай шығармалары өзбек елінде де ерек-
ше танымал екендігін айта кеткен жөн.
Бұған ұлыларын ұлықтап, құндылықтарын қастерлейтін
қасиетті мекен – Өзбекстанда кемеңгер тұлғаның жүз жетпіс
жылдық мерейтойына орай руханиағарту шараларының жоғары
деңгейде өткізілуі айқын дәлел. Бұл мерейтой ғұламаның ақыл
өсиетке толы өлеңжырларынан нәр алған халықтың сағынышы
мен шексіз құрметін бұрыңғыдан да айқындай түсті. Бұған ме-
рейтойда айтылған:
«Бүгін бейбіт, берекелі тұрмыста,
Арқау болған бір бастама жұмысқа.
Жүз жетпіс жылдық тойы тойланып,
Бөленуде күллі халық ырысқа» деген жыр жолдары айқын дәлел.
Соның нәтижесінде, берекебірлікті басты қағида етіп, барша
ұлт пен ұлыс өкілдерін бауырына үйірген Ташкенттегі Ұлтаралық
мәдениет орталығында Абай атамыздың мерейтойы асқақ рухта той-
ланды. Нақтырақ айтқанда, зәулім сарай сахнасында Өзбекстан Жа-
зушылар одағы жанындағы Қазақ әдебиеті кеңесінің, Республикалық
қазақ ұлттық мәдени орталығының және «Нұрлы жол» газетінің
ұйымдастыруымен ұлы ақынның шығармашылығы мен мәңгілік по-
эзиясына арналған әдебисазды кеш пен жырмүшайрасы өтті.
«Бірдің қуанышы – мыңның қуанышы» деген емес пе, алқалы
жұрт асыға күтетін, ақындар мен жыр сүйер қауым сағына
қауышатын, асыл сөздің айбыны асатын, көркем сөздің көрігі
қызатын бұл шараға алыс жолды ауырсынбай, Қазақ елінен
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастағы Оңтүстік Қазақстан
аймақтық филиалының жетекшісі Жарқынбек Төлтебайдың,
Халықаралық публицист, жазушы Бақытқожа Рүстемовтің, со-
нымен қатар «Достық» университетінің президенті Әбдімұса
Қуатбековтердің келгені қонақжай елдің халқын шатшадыман етті.
Мерейтойдың
ашылу
салтанатында
Қазақстанның
Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті Елшісінің кеңесшісі Нау-
рыз Айдаров, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Мухам-
мед Али, сондайақ, Ұлтаралық мәдениет орталығының төрағасы
Насриддин Мухаммадиевтер сөз сөйледі. Қазақтың жаны жомарт
азаматтарының бірі, медицина ғылымдарының кандидаты, про-
фессор Ерәшім Рүстемов мерейлі мерекеге демеушілік жасады.
Қазақөзбек әдебиетінің алтын көпірі саналатын қаламгер На-
сыр Фазылов, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Оңтүстік
Қазақстан аймақтық филиалының жетекшісі Жарқынбек
Төлтебай, академик Қалдыбек Сейданов, Өзбекстан және
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мекембай Омарұлы
сынды көптеген көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері екі
елдің достығын, мәдени және әдеби қарымқатынастарды тілге
тиек ете отырып, ақынның шығармашылығынан сыр шертті.
Абайдың «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» өлеңін әнге са-
лып, тамаша өнер көрсеткен Өзбекстан халық әртісі Жеңісбек Пиязов
адал жарға, махаббат пен сүйіспеншілікке толы, лаулап жанған ғашық
жүректің ішкі толғанысын шебер жеткізе білді. Ал, Нөкіс мәдениет
және көркемөнер колледжінің оқушысы Ақылбек Пиязов болса
Құрманғазының күйін күмбірлете шертіп, Майлықожаның термесін
толғап, келген жұртшылықтың құлақ құрышын қандырды. Шәмші
Қалдаяқов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясынан
келген Ербол Халмұрзаев «Сегіз аяқпен» залды ғажайып әуенге бөледі.
Екі елдің берік достығына арналған «Мәңгілік достық» атты
екі томдық кітабының тұсаукесерін өткізген Өзбекстан елінің ту-
масы Бақытқожа Рүстемовке туған жердегі бауырластары ыстық
ықыластарын көрсетті. Соған орай, «Нұрлы жол» газетінің бас
редакторы Ғұламзәкір Юсупов, Низами атындағы Ташкент
мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі және әдебиеті
бөлімінің меңгерушісі Ергеш Абдувалитов, Халықаралық Д.
Қонаев атындағы қордың Өзбекстандағы бөлімі төрағасының
орынбасары Абдулла Рүстемовтер алғыс хаттарын тарту етті,
ал Республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығы төрағасының
міндетін атқарушы Хамза Халмұратов авторға зерлі шапан
жауып, сыйсияпат көрсетті. Абай өлеңдерін оқыған Низами
атындағы ТМПУдің студенттері мен өзбекқазақтың би үлгісін
көрсеткен «Қыз Жібек» тобы көптің көңілінен шықты. Жарқ
етіп көзге түсіп, өнерімен жан сүйсінткен ақындар мен дарынды
жастарды ынталандырған Достық университетінің Президенті
Әбдімұса Қуатбеков ақын тойына шашу шашты.
Ұланбайтақ елдің халқы шадыман,
Ұлылардың жыры өшпес жадынан.
Науаидай ғазиз білген ақынның,
Тастамайды жыр кітабын жанынан, – демекші, тағылымы
мол талантқа арналған торқалы тойдың екінші бөлімінде ақынның
даңғыл жолын жалғастырып жүрген, сөз бәйгесінің дүбірі табанын
қыздырған жыр тұлпарлары, құнарлы да құнды сөздің тереңіне
бойлаған білімғылым дүлдүлдері, сырлы сөздің сырын тануға
құштар, жырдан жақұт іздеп, өмірін өлеңмен өрнектеген өнер тарлан-
дары бас қосып, ақындар мүшайрасы өткізілді.
Осылайша, сахна төрінде Абайдың құдіретті поэзиясы мен
даналық үлгі ісін дәріптеген жырлар жаңғырды.
Мүшайраға шалғай аймақтардан қатысқан ақындардың
қабілеті, қарымы бірбірінен асып түспесе, кем болмады. Әйтсе
де, жырбәйгеде топтан озған Ақшагүл Төлегенова бас жүлдені
еншіледі. Өзгелерден өнері асқан Наурызбай Жарбосынұлы
бірінші орынды иеленсе, Лала Жүнісқызы мен Болат
Қазыбековтер екінші орынға лайықты деп табылды. Сонымен
қатар Төребай Сәрсенбайұлы, Абдулла Рүстемов пен жас ақын
Жарасқан Мырзамұратовтарға үшінші орын бұйырды.
Шара соңында жүлдегерлер мен қатысушылар диплом
және сыйлықтармен марапатталып, құрметті қонақтар мен
ақсақалдарға сыйсияпат жасалды.
Марат АРЫНОВ,
Арухан АҚПАНБЕТОВА
аБаЙға аРналған кеш
17
1990 жылғы қазанда өткен Қырғыз Кеңестік Социалистік
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы елдің атауын
Қырғызстан Республикасы деп өзгертті. Сол жылы 15 желтоқсанда
Жоғарғы Кеңес елдің егемендігін жариялады. Қырғызстан
тәуелсіздігі туралы Декларация 1991 жылғы 31 тамызда
қабылданды. 1993 жылғы 5 мамырда Жоғарғы Кеңестің сессиясы
Қырғызстан Республикасы атауын Қырғыз Республикасы деп
өзгертті. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы
арасындағы дипломатиялық қарымқатынастар 1992 жылғы 15
қазанда орнатылып, күні бүгінге дейін достықтуысқандық қарым
қатынас үзілмей келеді. «Қазаққырғыз – бір туған» дегендей ара
жігіміз, туысқандығымыз артуда. Бұған көрші тұратындығымыз
да, киіз туырлықты салтдәстүріміз үлкен әсерін тигізсе керек.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қызметкерлері іс
сапарға шыққан сайын сол елдерде тұратын қазақтар санын,
қашан, қайдан келгендерін білуге тырысады. Осыған орай,
«Қырғыз туы» газетінің жауапты хатшысы, қандасымыз Назарбек
Байжігітовпен жолығып, біраз мәліметтер алған едік. Солардың
біразымен таныстырып өтейік. Республикадағы қазақтар 1959
жылғы халық санағында 20067 болған, ал 1979 жылғы санақта
– 27442, 1989 жылы – 37318, 1999 жылы – 42657, 2009 жылы –
33198 адамда құраған. Сонда, 19891991 аралығындағы екіүш
жылды есептемегенде, егемендіктің 8 жылында Қырғызстанның
қазақтары 5 мыңға көбейіпті. Мұның бір себебі мынадай:
жылына шамамен қазақ отбасында 190 адам дүниеден өтсе,
770 бала дүниеге келеді екен. Демек, қазақтардың жылдық
табиғи өсімі 580 адам. Ресми статистикадан көрініп тұрғандай,
19992009 жылдардың арасындағы он жылда қазақтар 9,5
мыңға азайған. Мұның себебін қазақтардың Қазақстанға көшіп
кетуімен түсіндіруге болады. Көшкендердің көпшілігі дерлік
квота арқылы емес, өз бастамаларымен барған. Ал енді, 2014
жылдың басында Қырғызстанда 33 мың 701 қазақ тіркеліпті.
Демек, 2009 жылдан бергі бес жылда 500 адамға ғана көбейген.
Жоғарыда белгіленгендей, жылына қазақ отбасыларында 770
бала дүниеге келетінін ескерсек, бұл аралықта да 2 мыңдай қазақ
Қырғызстаннан шығып кеткен болады. Олардың барлығы дерлік
Қазақстанға көшіп барды десек жаңылыспаймыз.
Қырғыз жеріндегі
ҚазаҚ Құрылтайы
Қырғыз Республикасы солтүстігінде Қазақстанмен, Шығысы мен Оңтүстік-Шығысында Қытаймен, Оңтүстік-
Батысында Тәжікстанмен, ал Батысында Өзбекстанмен шектеседі. Жер аумағы 198,5 мың шаршы шақырымды құрайды.
2014 жылдың басындағы Қырғыз Республикасының Статистика комитетінің мәліметі бойынша елдегі халықтың саны -
5 миллион 776 мың адам. Ал, 2014 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 5 миллион 850 мыңға жеткен. Яғни, бір жылда халық 75
мыңға көбейген. Демек, Қырғызстанның халқы өсу үстінде. Қырғыздар елдің 60,6 пайызын құрайды, ал орыстар 15,3 пайыз,
өзбек 4,3 пайыз. Бұдан басқа украин, татар, қазақ, ұйғыр, неміс, тәжік, дүнген т.б. ұлттардың өкілдері бар. Ел астанасы
Бішкек қаласында 1 миллионға жақын адам тұрады.
кіріспе немесе қырғызстанда қанша қазақ бар?
Қырғызстандағы 33 мың 701 қазақтың көбірек шоғырланған
жері Бішкек қаласы және Шу облысы. Республикалық дәрежедегі
екі қала мен жеті облыстағы көрсеткіштер бойынша: Бішкекте –
9395, Ош қаласында – 269, Баткенде – 169, Жалалабадта – 692,
Нарында – 203, Ош облысында – 495, Таласта – 2956, Ыстықкөлде
– 6674, Шуда –12848 қазақ тұрып жатыр.
қырғызстандағы қазақтар қандай
кәсіппен айналысады?
Қырғызстандағы қазақтар, негізінен, диқаншылық және мал
шаруашылығымен айналысады. Кәсіпкерлер де бар. Мысалы,
Тоқмақтағы «Елімай» қазақ мәдени орталығының басшысы
Жәнібек Алыбаевтың шаруа қожалығы бар. Өнерлі адамдар да
жетерлік. Бұрын Бішкекте тұрған шебер, халықаралық сурет
көрмелерінің жеңімпазы, еңбек сіңірген суретші Әлижан Амантаев
қазір Шолпаната қаласында жұмыс істеп жүр. Оның балаларды
қолөнерге үйрететін жеке мектебі бар. Ағаштан, теріден ұлттық
бұйымдарды жасайды. Әлижан Қырғызстанда «Дүниежүзілік
көшпенділер ойыны» өтерде бір жыл бойы ұйымдастыру
комитетінде көркемдік істер бойынша жұмыс атқарған. Қырғыздың
боз үйін арнайы жасап, ішісыртын безендірген. Оған өзінің де
бұйымдарын қойып, арнайы көшпенділердің хан отыратын тағын
жасап, көрме ашқан. Осы ойынды тамашалауға келген Қырғызстан
Президенті А. Атамбаев «Көшпенділер ойынын» ашық деп
жариялаған соң, сол таққа барып отырған. Бұл орындықтақты
қазақ шеберінің жасағаны белгілі болған соң Қырғызстандағы қазақ
ағайындардың мерейі бір көтеріліп қалған екен.
Кейін бұл орындықтақ Шолпанатадағы Ш. Айтматов
атындағы «Рух Орда» мәдени кешеніне қойылып, «Көшпенділер
ойынына» қатысушыларға көрсетілді, қалағандар оған отырып,
естелікке суретке түсті.
қазақтар қырғызстанға
қашан келген?
Ел тарихында дәуірді бөлген межелі уақыттар болады емес
пе, егер 1917 жылғы Ресейдегі Қазан революциясын межелі
18
жыл деп алсақ, сол уақытқа дейін қазақтар да, қырғыздар да
руруымен, ауылауыл болып отырған. Қазақ түгілі, қырғыздың
бір руы, әлдебір амалсыз себеп болмаса, екінші бір рудың ішіне
барып қоныстана бермеген. Осы қисынға мақұл болсақ, қазақтар
революцияға дейін қырғыз жеріне жаппай қоныс аударған емес.
Қырғызстандағы қазақтар туралы кандидаттық диссертация
қорғаған Яқшы Абдуллах өз еңбегінде 19 ғасырда руластарына
өкпелеп кеткен қазақтардың қырғыз жеріне келіп орналасқанын
мысалға келтірген. Ондайондай оқиғалар қазақ және қырғыз
тараптан да ішнара болып тұрған.
Рас, қырғыздардың арасында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат
рулары бар. Қыпшақтар көп, ал найман мен қоңырат азырақ.
Қазақтардың қырғыз жеріне жаппай баруы 1916 жылғы
Ресей патшасының қазақтарды әскерге, нақтырақ айтқанда,
әскердің қара жұмысына алу алу жөніндегі бұйрығынан кейін
дереу басталған. Өйткені, Жетісу өлкесінде Бекболат Әшекеев
бастаған көтеріліс шықты да, оны басу үшін патша жазалау
әскерін шығарған соң, көтеріліске қатысқаны да, қатыспағаны да
бар, біраз қазақ Қырғызстанға шығып кеткен.
Кеңес Үкіметі орнай бастаған алғашқы бес жылда ауқатты
қазақтардың Қытай асқаны мәлім. Қытайға кететін бір асу
Қордай маңы болған. Сол дүрбелеңге қатысқан қазақтардың
кейбіреулері Қырғызстанда қалып қойған. Оның жарқын бір
мысалы – Талғат Бигелдиновтің әкесі жылқышы Жақыптың 1922
жылы Қырғызстанда тұрақтап қалғаны.
Сондайақ, қазақтар Қырғызстанға ашаршылық пен тәркілеу
салдарынан да барған. Мысалы, қазір Шу және Ыстықкөл
облысында тұрып жатқан қазақтардың басым көпшілігінің ата
бабалары 19221932 жылдардың аралығында Қазақстандағы
осындай ашаршылық пен тәркілеу салдарынан келген.
1940 жылдарда қазақтардың Қырғызстанға көптеп келуі сол
жылдардағы Луговой – Пішпек темір жолының салынуына
байланысты болған. Яғни, бұл темір жолды салуға қатысқан
қазақтар үкіметтің ұйғарымымен Пішпекке көшіп келген. Сол
теміржолшылардың ұрпақтары бүгінгі күнге дейін қазір Бішкек
аталған қалада тұрып жатыр. Әкелерінің жолымен балалары да
теміржол саласында жұмыс істеген.
1935 жылдардан бастап Қазақстанда арнайы орта және
жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар Қырғызстанға жолдамамен
келіп, көпшілігі сонда қалған.
1950– 1991 жылдарда Жамбыл облысының Қордай, Мерке,
Луговой, Шу аудандарының жастары жақын жерге – сол кездегі
Фрунзе, қазіргі Бішкекке барып оқыған. Сондайақ, Бішкектегі
зауытфабрикаларда жұмыс істеген Қазақстанның шекаралас
аудандарының қазақ жастары да көп болған. Бұлардың көпшілігі
Бішкекте үйжайлы болып, тұрақтап қалған.
қырғызстан қазақтары және кӨші-қон
Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдардан бастап, Қырғызстан
қазақтары өздерінің тарихи отаны – Қазақстанға кете бастаған.
Бұл үрдіс кейбір жылдары баяу, кейбір жылдары қарқынды
болған. Қырғызстандағы қазақтардың айтқандарына сүйенсек,
Қырғызстаннан кетіп жатқан қазақтар Ресейге, не басқа
өлкелерге бара жатырмыз демеген, барлығы да Қазақстанға
көшіп бара жатқандығын айтқан. Яғни, 1999 жылдан 2009 жылға
дейін Қырғызстаннан шамамен 3 мың 700дей қазақ шығып
кеткен. 2009 жылы – 737, 2010 жылы – 870, 2011 жылы – 662,
2012 жылы – 309, 2013 жылы – 305 қазақ Қырғызстаннан кеткен.
Демек, бес жылда 2 мың 800 қазақ тарихи отанына оралған.
Сондайақ, аталған бес жылда 477 қазақ Қазақстаннан
Қырғызстанға келген, – дейді Н.Байжігітов.
қырғызстанда тұрып құрметке бӨленген
Қырғызстанда лауазымды қызмет атқарған қазақтар көп.
Оларды шартты түрде 19201941 жылдардағы, 19411991
жылдардағы және 1991 жылдан қазіргі күнге дейінгілер деп
бөлуге болады.
Бұлардың арасында Қырғыз Халық ағарту комиссариаты
төрағасының орынбасары болған Саймасай Тәтібеков (1902
1973) сол алғашқы буынның белді өкілдерінің қатарына
жатады. Әке жолын қуған қызы Жаннет Тәтібекова (19292005)
да оқуағарту саласында еңбектеніп, Қырғызстандағы Қыздар
педагогикалық институтының ректоры болған. Қазір ол институт
– Бішкек гуманитарлық университеті деп аталады.
Қырғыз Республикасының Конституциясын жазғандардың
бірі – қазақ, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Серікұл
Қосақов (19452013). Ол «Тіл туралы», «Қырғызстан тәуелсіздігі
туралы», «Қырғыз ССРінің азаматтығы туралы» Заңдарды
жазуға белсене атсалысқаны үшін 3 дәрежедегі мемлекеттік
кеңесші (әділет генералмайоры), Қырғызстанның еңбек сіңірген
заңгері атақтарын алды, бірнеше жыл Әділет министрінің
орынбасары болды.
Қазіргі күнде Қырғызстанда «Газпромнефть Азия»
серіктестігінің Бас директоры Әбілдаев Болат, Қырғызстанның
Орталық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары
Жорабаева Гүлнар, Бішкек қалалық білім беру басқармасының
бастығы Мейірманова Сәуле, РесейҚырғыз даму қоры
басқармасының төрайымы, мемлекеттік қызметтің 3 кластағы
кеңесшісі Ахметова Нұрсұлу, заң ғылымының докторы
Рақымбаев Еркінбек, Қырғызстанның Ұлттық ауруханасының
бөлім меңгерушісі, республиканың бас оториноларинголог
дәрігері, медицина ғылымының кандидаты Шалабаев Болат,
Қырғыз әуе жолдарының үздік қызметкері Бошымова Тілеуқор,
Қырғыз Республикасының мәдениетінің үздік қызметкері
Мусин Ержан, техника ғылымдарының докторы Бексалов
Есенкелді, Қырғыз Республикасының спортына еңбек сіңірген
жаттықтырушы Бабаев Әлшиораз, мемлекеттік сыйлықтың
иегері Сартбаев Мақсұт өз мамандықтары бойынша табысты
еңбек етіп жүр.
Жақында ғана, яғни 2015 жылдың 26 маусымында сот
саласында 37 жыл қызмет атқарған Қырғыз Республикасына
еңбегі сіңген заңгер Қырғызбаев Қуанбек Қырғызстандағы ең
жоғарғы сот инстанциясы – Қырғыз Республикасының Жоғарғы
сотының Конституциялық палатасының судьясы болып сайланды.
қырғыз жеріндегі қазақ құрылтайы
Жуықта ғана Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
Төралқа Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев
бастап, Қауымдастықтың қызметкері Ерлік Кебекбай үшеуміз
Қырғызстан қазақтарының Құрылтайына қатысып келдік.
Бұл елде осыдан оншақты жыл бұрын «Алаш» қоғамдық
бірлестігі (20032010 жж.) мен «Отан» қазақ мәдени орталығы
қоғамдық бірлестігі (19922010 жж. ) деген екі ұйым жекежеке
қызмет атқарып келген еді. Оларды Еркін Бөлекбаев, екінші
ұйымды құрылғанынан бастап әр жылдары Құрмантай Ысқақов,
Мұхтар Түгелов, Нұрсыдық Жақсығұлов, Смағұл Нұрғалиев
және дүниеден мезгілсіз өткен Бауыржан Ермекбаев басқарған
еді. Осы екі қоғамдық бірлестік 2010 жылғы желтоқсанда
Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы болып бірікті.
Аталмыш Қауымдастықты 2010 – 2013 жылдары Серіқұл
Қосақов басқарды. 2013 жылы С. Қосақов қайтыс болғаннан
кейін 2015 жылдың маусым айына дейін Ерғали Әбдіқайымов
Қауымдастық төрағасының міндетін атқарды.
19
Қырғызстан қазақтарының V Құрылтайын өткеруге үлкен
дайындық жүргізілген. Республикалық дәрежедегі екі қаладан
және республиканың жеті облысынан 201 қазақ жержерлердегі
конференцияларда Құрылтайға делегат болып сайланыпты.
Біз Бішкекке барған күні «Ақ кеме» қонақ үйінде Қазақстан
Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты
Жолдауына орай «дөңгелек үстел» өткіздік. Оған қырыққа
жуық жергілікті ағайындар және Қырғыз Республикасындағы
Қазақстан Елшілігінің кеңесшіуәкілі Ербол Ахметов қатысты.
Дөңелек үстелді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
Төралқа Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев
ашып, жүргізіп отырды.
Сөз реті келгенде, Қауымдастық Елбасының Жолдауларын
қазақ диаспорасы тұратын елдерге арнап жыл сайын қазақ, орыс,
түрік, өзбек және моңғол тілдерінде кітап етіп шығарып, таратып
келе жатқанын айта кеткен жөн. Жолдауларды өзге тілдерге
аударуды марқұм Жәмлиха Шалұлы мен қазір Ұланбатыр
қаласында тұратын Асай Рәміштен бастап Үсемхан Қалиакбар,
Марат Арынов, Құрметхан Мұхамәдиұлы қатарлы аудармашылар
жүзеге асырды.
Елбасының Жолдауына арналған Қырғызстандағы дөңгелек
үстелге қатысушылар бұл маңызды құжат туралы өз ойларын
ортаға салды.
Бұдан кейін Қырғызстандағы қазақ қауымдастығының V
Құрылтайы өз жұмысын бастады. Құрылтайда сөз сөйлеген
Қырғыз Республикасы Халық Ассамблеясының құрметті
төрағасы Бектемір Мырзаибрайымов екі елдің достық
байланысының нығая беруінің аса маңызды екендігіне тоқтала
келіп, Қазақстан жұртшылығына үлкен ризашылығын білдіріп,
рахметін жеткізді.
Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы атынан
Талғат Мамашев та арнайы сөз сөйлеп, болашақта екі ел арасында
ағайындармен бірлесе отырып жүзеге асырылуға тиіс жұмыстар
туралы өз ойпікірлерін ортаға салды.
Құрылтай барысында Қырғызстан қазақ қауымдастығының
төрағалығына үш үміткер Еркін Бөлекбаев, Болат Шалабаев
және Уәсіп Аманбаев ұсынылды. Бұлардың арасынан Құрылтай
делегаттарының көпшілігінің дауысына ие болған Еркін
Бөлекбаев төраға болып сайланды.
Осыған орай, Еркін Бөлекбавты қысқаша таныстыра
кетсек дейміз. Еркін Қасымұлы 1961 жылы Қырғызстанның
Шу облысының Сокулык селосында дүниеге келген. 1987
жылы Қырғыз ауылшаруашылық институтын «Экономист,
ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру» мамандығы
бойынша бітірген. 2000 жылы Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық
университетінен қосымша заңгер мамандығын алған. Кейіннен
осы мамандық бойынша АҚШтың Бостон унверситетінде, Ресей
Федерациясы Президенті жанындағы басқару академиясында
білімін жетілдірген. Қырғыз Республикасының екінші сыныпты
мемлекеттік кеңесшісі шені бар.
Е. Бөлекбаев 19982005 жылдар арасында Қырғыз
Республикасының Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып
сайланған. Республиканың жоғарғы заң шығарушы органының
бірқатар комитеттеріне мүше болды. Еуропадағы ынтымақтастық
және қауіпсіздік кеңесі парламентаралық ассамблеясында Қырғыз
Республикасы Парламенті Ұлттық делегациясының жетекшісі,
осы ассамблеяның тұрақты комиссиясының (Копенгаген қаласы),
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың парламентаралық
ассамблеясының (СанктПетербург қаласы), ТМДға қатысушы
мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы комиссиясының
аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология мәселелері
жөніндегі (СанктПетербург қаласы), Қазақстан және
Қырғызстан парламентаралық комиссиясының (АстанаБішкек)
мүшесі қызметтерін атқарды.
2003 жылы ол Қырғыз Республикасы қазақтарының «Алаш»
қоғамдық бірлестігіне жетекшілік етіп, «Қырғызстан жасылдар
партиясы» орталық кеңесі төралқасының төрағасы болып
сайланды. Осынау аса күрделі салаларда ол күні бүгінге дейін
өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді.
Міне, осындай мол тәжірибесі бар танымал қайраткердің
Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасы болып
сайлануы үлкен үмітке бастайды. Яғни, жаңа басшының жақсы
жұмысының нәтижесінде болашақта Қырғыз Республикасында
тұратын ағайындарымыздың мәденирухани жағдайы қазіргіден
де жақсарып, Қазақстанмен байланысы бұрыңғылдан де кеңейе
түседі деп есептейміз.
Ботагөз УАТҚАН,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі
|