Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Көңіліңде сыз қалдырған жандарды кешіре біл



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата20.07.2023
өлшемі0,78 Mb.
#104577
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасыkazyna rkz

14-қағида
Көңіліңде сыз қалдырған жандарды кешіре біл.


Көңіліңде сыз қалдырған жандарды кешіре біл.
"Кешірдім" деп айту оңай, бірақ іштегі өкпе-наланы өшіріп тастау
қиын. Жүрегің сыздаған сол бір сәттер еске түскен сайын,
бұрынғы ренішің қайта оянғандай болады. Әркімге аша
бермейтін ішкі әлеміңнің есігін ашып, жүрегіңнің төрінен орын
бересің, бірақ ол түкіріп кетеді. Сен оған бәрін беруге дайын
боласың, бірақ ол сезіміңді, сеніміңді аяқасты етеді. Сондай
кезде кешіріп көрші. Шын кешіріп көрші. Қиын. Ет пен сүйектен
жаралған жұмыр басты пенде болған соң, мен де бірде осындай
күй кештім. Бір адам кәдімгідей көңілімді қалдырды. Негізі
проблемаларым жайлы айтқанды ұнатпаймын. Әлсіздігімді де
білдіргім келмейді. Сыртқа шығармағанмен, ішім қыз-қыз
қайнады. "Қайырлысы, кешірдім. Өмір жалғасуда" деп өзімді
жұбатқанмен, көпке дейін осы бір эмоцияның жетегінде жүрдім.
Біреу жайлы жаман ойда болудың өзіме еш пайда бермейтінін,
керісінше, эмоционалдық энергиямды соратынын білдім. Сөйтіп,
көңілімде сыз қалдырған сол бір жанға xат жаздым. Өлең
түрінде. Оны жоғары бағалайтынымды білдірдім, шын жүректен
бар жақсылықты тіледім. Сенесіздер ме, осы xатты жазып
жібергенім сол еді, ұзақ уақыт бойы еркін тыныстауыма
мүмкіндік бермеген бір жүк мойнымнан түскендей болды.
Ерекше бір жеңілдікті сезіндім. Бар өкпе-нала сол xатта еріп
кеткендей. Түсінгенім, оңай болмаса да, біреуді кешіру мүмкін
екен және жүрегімізді таза ұстау үшін өкпе-реніш дегендерден
барынша арылуымыз керек.
29


15-қағида
Қарапайым бол.


Қарапайым бол.
Қарапайымдылық - адамда болатын ең ұлы да әдемі қасиеттердің
бірі дер едім. Қарапайымдылық - өзіңді "мен осындай кереметпін"
деп көрсетуге тырыспауың, өз орныңды білуің, қандай адам
болмасын, сұрағына құрметпен жауап беруің, өзіңді жоғары
санамауың. Жалпы, бір байқағаным, адам неғұрлым мықты болған
сайын соғұрлым қарапайым болады екен. Жемісі көп ағаштың иіліп
тұратыны сияқты. Ел алдында жүрген ағаларымызға тірідей болсын,
желіде болсын, "жауап бермейді-ау" деп сұрақ қоюға, әңгіме бастауға
именетініміз рас. Бірақ, көзімнің жеткені, олардың мықты болуы
қарапайымдылығынан сияқты. Жазғаныңа жауап қайтарғанда, жауап
қайтарғанда да өзімен тең көріп тіл қатқанда, бір жағынан
таңқаласың, бір жағынан риза боласың. Талай рет елге белгілі
азаматтармен сұxбаттас болдым. Қарапайым адамның жанында
өзіңді жеңіл шынайы сезінеді екенсің. Бір ресмилік, жасандылық
жоқ. Лев Толстой "Мықты адамның бәрі қарапайым" деп айтқан еді.
Ұлылық қарапайымдылықта. Ұлы әдеби шығармалар, ұлы өнер
туындылары - бәрі қарапайым. Қарапайым айфонның дизайнына
қарасаңыз да, артық ештеңесі жоқ, ықшам, түсінікті. Бірақ сол
қарапайым дүниені жасау үшін талай тер төгілді, ми қайнады, күш
салынды.
Сұлулық та қарапайымдылықта. Ұлы мүсінші Микеланджелодан бірде
бір кісі сұрайды: "Осы сіздің туындыларыңыз шетінен әдемі, бұның
сыры неде?" - деп. Сонда оның айтқаны: "Бұның сыры мынада. Оңай.
Өңделмеген тасты алып, қашай бастаймын. Артық жерлерін алып
тастаймын. Алып-қосар ештеңесі қалмағанша осылай істеймін.
Нәтижесінде, өздеріңіз тәнті боп жүрген мүсіндер пайда болады".
Артық сөзі жоқ, артық ісі жоқ адам қандай әдемі!
Қарапайымдылық
жайлы
қарапайым
жазбамды
аяқтайын.
"Қарапайым бол" деген қарапайым қағиданы ұстанып жүрсек, жаман
болмаспыз.
31




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет