Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Шүкірлік қылсаң, Алла арттырып береді



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата20.07.2023
өлшемі0,78 Mb.
#104577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасыkazyna rkz

4-қағида
Шүкірлік қылсаң, Алла арттырып береді. 
Күпірлік қылсаң, одан да жаманын көресің.


Шүкірлік қылсаң, Алла арттырып береді. 
Күпірлік қылсаң, одан да жаманын көресің.
Шүкірлік қылу - барды байлау, жоқты қармау. Шүкірлік қылу жай ғана
"шүкір" деп қана қоймай, жан-тәніңмен сол нығметтерді Берушіге
алғысыңды білдіру деген сөз. Өмірде байқағаным: қолда бар
мүмкіндіктерге, жалпы өміріңе риза болсаң, алдыңнан одан да үлкен
сыйлықтар шығады, ал разы болмасаң, жағдай одан сайын күрделене
түседі екен. Аллаға алғысыңды жаудырсаң, Ол "сен әлі нағыз
кереметтің не екенін білмейсің, мінекей көр" деп нығметтерін одан
сайын арттырып беретіндей. Керісінше, наразылық танытсаң, Ол "сен
нағыз проблеманың не екенін білмейсің, мінекей көр" деп одан да
үлкен қиындықтарды жіберетіндей.
Өзімді шүкірлікке үйрету үшін бір кезде "шүкірлік күнделігін"
жүргізген едім. Күн сайын нақты не үшін шүкірлік ететінімді жазып
отырдым. Күніге 10 шүкірліктен жаздым, қайталамауға тырыстым.
Бастапқы кезде "осы мен нақты не үшін шүкірлік етем?" деп,
күнделігімді толтыруда қиналғаным рас. Біз "шүкір, шүкір" деп
айтқанмен, көп нығметтерді байқай бермейді екенбіз. Адам нақты не
үшін алғыс білдіретінін білсе, ерекше сезімге бөленеді екен. Сөйтіп
күннен-күнге шүкірлік ететін нәрселер оңай табыла бастады,
айналамдағы бұрын байқамаған кереметтерді көре бастадым. Бұл
күнделікті 6 айдай жүргіздім, 1800-дей шүкірлік жазып тастаппын.
Пайдасы көп болды бұл жаттығудың. Ми құрылымы да өзгереді ғой
дейм. Өмірді түрлі-түсті бояуларда көре бастадым. Шын шүкірліктің
дәмін
сезгендей
болдым.
Достарым
үшін
шүкірлік
еттім:
айналамдағы ізгі жандардың қатары артты, білімім үшін шүкірлік
еттім: таным көкжиегім кеңейе түсті, денсаулығым үшін шүкірлік
еттім: аурудың не екенін ұмыттым, айта берсе мысалдар көп.
Психологтардың, "қорқыныш пен уайымды шүкіршілдік кетіреді"
деген сөзі рас екен. Яғни, шүкіршілік етсең, сенімділігің арта түседі,
қиындықтың өзін өсу мүмкіндігі ретінде көресің. Қысқасы, өмірің күн
сайын жақсара берсін десең, шүкірлік етуді тоқтатпа.
9




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет