Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Тәуелдік жалғауының ерекшелігі, анайы және сыпайы жөн, оңаша, ортақ тәуелдеу, парадигмасы



бет88/102
Дата06.06.2023
өлшемі0,72 Mb.
#99280
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102
Байланысты:
Æûëäàð àðàëû?ûíäà?û çåðòòåóëåðäåã³ åñ³ìä³êòåðä³ æ³êòåóãå ?àòûñòû

69.Тәуелдік жалғауының ерекшелігі, анайы және сыпайы жөн, оңаша, ортақ тәуелдеу, парадигмасы
Байтұрсынұлы Ахмет Б 20 Алты томдық шығармалар жинағы. Тіл – құрал (қазақ тілі мен оқуағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. ІІІ: –384 б.
Тәуелді қалып – бір нәрсені екінші нәрсе меншіктеуін көрсеткендегі сөздің түрі. Тәуелдік екі түрлі: 1) Оңаша тәуелдік; 2) Ортақ тәуелдік. Оңаша тәуелдік бір нәрсені екінші нәрсе оңаша меншіктеуін көрсетеді. Ортақ тәуелдік бір нәрсені басқа нәрселер ортақ меншіктеуін көрсетеді. Тәуелді қалыпта үш жақ бар: І-нші жақ (мендік), ІІ-інші жақ (сендік), ІІІ-нші жақ (бөгделік). Тәуелді қалыпта екі рет (түрі) бар: 1. Анайылық рет; 2. Сыпайылық рет.
ОҢАША ТӘУЕЛДІК Жекеше: І-нші жақ (мендік): атам, денем, омырауым, белбеуім, ойым, үйім, ІІ-нші жақ (сендік): атаң, денең, омырауың, белбеуің, ойың, үйің, ІІІ-інші жақ (бөгделік): атасы, денесі, омырауы, белбеуі, ойы, үйі,
Көпше: І-нші жақ (мендік): аталарым, денелерім, омырауларым, белбеулерім, ойларым, үйлерім,. ІІ-нші жақ (сендік): аталарың, денелерің, омырауларың, белбеулерің, ойларың, үйлерің, ІІІ-інші жақ (бөгделік): аталары, денелері, омыраулары, белбеулері, ойлары, үйлері,
ІІ. ОРТАҚ ТӘУЕЛДІК Жекеше: І-інші жақ (біздік): атамыз, денеміз, омырауымыз, белбеуіміз, ойымыз, үйіміз, ІІ-нші жақ (сіздік): атаңыз, денеңіз, омырауыңыз, белбеуіңіз, ойыңыз, үйіңіз,
ІІІ-інші жақ (бөгделік): атасы, денесі, омырауы, белбеуі, ойы, үйі, Көпше: І-інші жақ (біздік): аталарымыз, денелеріміз, омырауларымыз, белбеулеріміз, ойларымыз, үйлеріміз, ІІ-інші жақ (сіздік): аталарыңыз, денелеріңіз, омырауларыңыз, белбеулеріңіз, ойларыңыз, үйлеріңіз, ІІІ-інші жақ (бөгделік): аталары, денелері, омыраулары, белбеулері, ойлары
Ескерту. Анайылық ретпен сөйлегенде, оңаша тәуелдік түрмен айтылады, сыпайылық ретпен сөйлегенде, ортақ тәуелдік түрмен айтылады, мәселен: Анайылық рет. Жекеше: І-інші жақ – атам, апам, балам, атым, асым, басым. ІІ-нші жақ – атаң, апаң, балаң, атың, асың, басың. ІІІ-інші жақ – атасы, анасы, баласы, аты, асы, басы. Көпше: І-інші жақ – аталарым, аналарым, балаларым, аттарым, астарым, бастарым. ІІ-інші жақ – аталарың, аналарың, балаларың, аттарың, астарың, бастарың. ІІІ-інші жақ – аталары, аналары, балалары, аттары, бастары Сыпайылық рет. Жекеше: І-інші жақ – атамыз, анамыз, баламыз, асымыз, басымыз. ІІ-нші жақ – атаңыз, анаңыз, балаңыз, атыңыз, асыңыз, басыңыз. ІІІ-інші жақ – анайылық ретше. Көпше: І-ші жақ – аталарымыз, аналарымыз, балаларымыз, аттарымыз, астарымыз, бастарымыз. ІІ-нші жақ – аталарыңыз, аналарыңыз, балаларыңыз, аттарыңыз, астарыңыз, бастарыңыз. ІІІ-інші жақ – анайылық ретше


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет