Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


ЗАТ ЕСIМНIҢ НЕГIЗГI БЕЛГIЛЕРI, ДЕРЕКТІ, ДЕРЕКСІЗ ЗАТ ЕСІМДЕРДІ ТАНУҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМДАР



бет36/102
Дата06.06.2023
өлшемі0,72 Mb.
#99280
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102
Байланысты:
Æûëäàð àðàëû?ûíäà?û çåðòòåóëåðäåã³ åñ³ìä³êòåðä³ æ³êòåóãå ?àòûñòû

18. ЗАТ ЕСIМНIҢ НЕГIЗГI БЕЛГIЛЕРI, ДЕРЕКТІ, ДЕРЕКСІЗ ЗАТ ЕСІМДЕРДІ ТАНУҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМДАР
[1914 ЖЫЛЫ, «ТІЛ - ҚҰРАЛЫ» А.Байтұрсынұлы]
Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Мәселен: жер, тау, тас, су, ағаш, шөп, жапырақ, күн, ай, жұлдыз, бұлт, қарт, жаңбыр, жел, бу, сағым, кісі, мал, аң, құс, бақа, шаян, шыбын, шіркей, құрт, құмырсқа, қала, үй, төсек, орын, аяқ, табақ, киім, қазан, ошақ, арба, шана, ер, тоқым, қамыт, доға, арқан, жіп, тамақ, су, мыс, қалам, сия, астық, жеміс, бақан, сойыл, құрық, таяқ, асық, топай, доп, қобыз, домбыра, сыбызғы, ақша, киіз, қадақ, мылтық, найза, қылыш, қанжар, оқ.
Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз. Зат есім туралы «кім?», «не?» деп сұраймыз. «Кім?» деп адам туралы сұраймыз. «Не?» деп басқа заттар туралы сұраймыз.
Мысалы: 1. Ат ерінді келер, ер мұрынды келер; «кім?» мұрынды келер?» – «ер», «не» ерінді келер?» – «ат».
2. Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман; «не жаман?» – «шаншу», «не жаман?» – «қаңқу».
3. «Жылы-жылы сөйлесең жылан іннен шығады, қаттықатты сөйлесең, қарт та діннен шығады. «Не: іннен шығады?» – «жылан». «Кім діннен шығады?» – «қарт».
4. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. «Не тойған жеріне?» – «ит». «Кім туған жеріне?» – «ер».
5. «Ас – адамның арқауы». «Адамның арқауы не?» – «ас». «Ас кімнің арқауы?» – «адамның».
6. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада». «Кімнің көңілі балада? – «ананың». «Кімнің көңілі далада? – «баланың». «Ананың көңілі кімде?» – «балада». «Баланың көңілі неде?» – «далада».
Осындай кім? не? деген сұрауларға жауап болып айтылатын жаңа нәрселердің атын көрсететін сөздерді зат есім дейміз.


[А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»]
Зат есім — семантикалық сипаты (жалпы грамматикалық мағынасы) жағынан зат атауын білдіретін сөздер, сондықтан кім? (адамға байланысты) және адамнан баска затқа байланысты не? деген сұраққа жауап береді.
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі, бір жағынан, оның жалпы грамматикалық мағынасымен — заттық мағынасымен және қандай түрлену тұлғасыңда жұмсалуымен, соның нәтижесіңде қандай сөзбен тіркеске түсуімен байланысты.
1. Зат есім атау септікте тұрып, кім? не? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бастауышы болады. Мысалы: Таулардан өзен ағар сарқыраған (Ы.А.) Бұл сөйлемде өзен сөзі атау септікте тұрып, (не ағар?) бастауыш қызметін атқарып тұр.
2. Зат есім жіктеліп келіп сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы: Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (Ж.) Ынтымак —оқ өтпес сауыт (мәтел).Бұл сөйлемдерде Жамбылымын, сауыт деген сөздер 1 және 3-жақта жіктеліп келіп баяндауыш болып тұр.
3. Зат есім ілік септікте немесе түбір тұлғада тұрып, анықтауыш болады. Мысалы: Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді (М.Ә.) Дайрабай әрі күйші, әрі әнші, әрі ақын адам болған (С.Бег.). Бұл сөйлемдерде Абайдың (кімнің?) ілік септікте түрып, күйші, әнші, ақын (қандай адам?) туынды және негізгі түбір түлғада тұрып, анықтауыш қызметін аткарып тұр.
4. Зат есім атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде объект мәнін білдіріп толықтауыш та болады. Мысалы: Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке бойлап бұлттан асқан (С.С.) Бұл сөйлемде Көкшетауды (нені мүнар басқан?) табыс септікте, бұлттан (неден асқан?) шығыс септікте келіп толықтауыш болып тұр.
5. Зат есім көлемдік септіктерде тұрып немесе түбір түлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін аткарады. Мысалы: Орманның оңтүстік жақ бүйірінен Жол шықты айдаһардай иірілген (С.М.). Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап (С.С.) Бұл сөйлемдерде бүйірінен (қайдан) шығыс септікте, көкке қарай (қайда қанат қағып?) барыс септіктің үстіне қарай шылауы тіркесіп, пысықтауыш болып тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет