Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Түбір мен негіздің ұқсастығы мен айырмашылығы



бет93/102
Дата06.06.2023
өлшемі0,72 Mb.
#99280
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102
Байланысты:
Æûëäàð àðàëû?ûíäà?û çåðòòåóëåðäåã³ åñ³ìä³êòåðä³ æ³êòåóãå ?àòûñòû

73. Түбір мен негіздің ұқсастығы мен айырмашылығы
Аханов К. Тіл білімінің негіздері:
Түбір морфема сөздердің әртүрлі лексика-грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас морфемасы бастық, басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген зат есімдердің де, сын есімдердің де, етістіктердің де – бәріне бірдей ұйытқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастығың, бастығы деген зат есімдер тобына енетін сөздердің формаларына ортақ негіз – бастық, ал бастап, бастағалы, бастайтыны деген етістіктердің формаларының бәріне бірдей ортақ негіз – баста. Басқара, басқарып, басқарған, басқарар, басқаратын деген етістік формаларының негізі басқар болып саналады. Бұл айтылғандардан шығаратын қорытынды мынау: түбір морфема – сөздердің қандай лексика-грамматикалық топқа (қай сөз табына) жататындығына қарамастан, олардың бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйытқы болатын элемент те, негіз – белгілі бір лексика-грамматикалық топқа (сөз табына) қатысты бір сөздің әртүрлі формаларының бәріне бірдей ортақ ұйытқы.
Түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз, әдетте, түбір мен жұрнақтың қосындысынан жасалады. Мысалы: күйші, малшы, достық, таулы, өрле, бағала және т.б.
Негіз бір ғана морфологиялық элемент – таза түбірден де құралуы мүмкін. Мұндайда, түбір мен негіз, сөз бен түбір немесе негіз бен сөз тәрізді бірліктер бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы: от, өт, бел, без, жер; жел, тас, жаз, ай, күн және т.б.
Түбір сөз бен түбірдің, негіз бен сөздің формасы жағынан бір-біріне сәйкес келуі, орыс тіліне қарағанда, ағылшын тілі мен түркі тілдерінде әлдеқайда жиі ұшырасады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, сөздің негізі ары қарай морфемаларға бөлшектеуге келмейтін бір ғана түбірдің өзінен (мысалы, жас, қол) құралған жалаң негіз түрінде де, екі немесе одан да көп морфемадан құралған (жас-тық, қол-тық-та) құралған туынды негіз түрінде де ұшыраса береді. Жалаң негізден, яғни жалаң түбірдің өзінен құралған сөздер түбір сөздер деп аталады. Туынды негізден, яғни түбір мен жұрнақтың қосындысынан құралған сөздер туынды сөздер деп аталады.

Қазақстан” Ұлттық энцклопедиясы:


Негіз – сөздің өзекті, мағыналы бөлігі. Негіз түбір арқылы жасалады, белгілі бір сөз табының құрамына еніп, оның барлық тұлғалық категориясын қабылдайды. Негізде зат немесе құбылыстың лексикалық мағынасы көрініс табады, ол денотаттық және сигнификаттық мағынаға ие. Негіз түбір арқылы пайда болатын екінші тұлға. Ол көмекші тұлғалардан толық лексикалық мағынасы арқылы ажыратылады. Мысалы, балалық, балаша, балалықта деген сөздерде түбір сөз – бала, негіз сөз – балалық, балаша; көмекші формант – та. Негіз түбірмен салыстырғанда құрамы мен мағынасы жағынан күрделі құрылымдық бірлік саналады. Себебі негіз түбірдің мағыналық дамуы арқылы, екі не бірнеше тұлғалардың бірігуі не қосарлануы, сондай-ақ жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Негіздің жасалуы мен негіз сөз арқылы жасалған өзге атаулар сөзжасамдық тәсіл арқылы пайда болған екіншілік мағыналы туынды сөз ретінде танылады. Сөзжасам саласында әдетте мұндай тұлға себепші негіз ретінде қарастырылады. Негіз құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді: дара негіз бір ғана тұлғадан тұрса (мысалы, балалық, ойшыл, оқулық), күрделі негіз екі не үш тұлғадан құралуы мүмкін (мысалы, Сарыарқа, дарабоз, жерұйық, балабақша). Дәстүрлі тіл білімінде негіз термині әр түрлі аталады: түп негіз, туынды негіз, негізгі түбір, негіз түбір, т.б. Негіз кейбір түбірлер сияқты өлі тұлға емес, жаңа сөз тудырып, туынды сөзге ұйытқы болып, сөзжасамдық ұяны толықтырады. Негіз морфологиялық термин ретінде қарастырылады. Негіз ұғымы үлкен және кіші парадигмаларды айқындауда маңызды рөл атқарады, яғни сөздің септелуіне не жіктелуіне бір ғана негіз қатыса алады. Негіз лексема ұғымымен тығыз байланысты.

Қазақ тілі энциклопедиясы
Негіз - түбірге жұрнақ жалғану арқылы жаңа лексикалық мағынаны білдіретін сөздің кіші бөлшегі. Негіздің түбірден басты айырмашылығы - белгілі бір сөз табына жатып, оның барлық категорияларын қабылдай алады, сөзжасам негізінде жасалатын еншілік мағынасы болады. Түркі тілдерінде негіз түбірге қарама-қарсы қойылу арқылы ерекшеленеді. негіз сөзжасамның аффиксация, конверсия, бірігу, қосарлану тәсілдері арқылы жасалып, жаңа номинативті мағына беретін, жаңа денотатты атау сөз. Негіз құрамына қарай жай және күрделі негіз болып екіге бөлінеді. Жай негіз бір сөзбен, күрделі негіз екі не бірнеше сөзден құралады. Негіз ұғымы үлкен және және кіші парадигмаларды айқындауда маңызды роль атқарады, яғни сөздің септелуі не жіктелуіне бір ғана негіз қатынаса алады. Негіз ұғымы лексика ұғымымен тығыз байланысты. Негіз - түбірге қарағанда күрделі құрылымды бірлік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет