Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


ЖАҚ ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІН, АНАЙЫ, СЫПАЙЫ ПАРАДИГМАСЫ



бет33/102
Дата19.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#108476
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102
Байланысты:
Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты-emirsaba.org

15. ЖАҚ ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІН, АНАЙЫ, СЫПАЙЫ ПАРАДИГМАСЫ
Жақ категориясының өзiне тән аффикстерi бар, ол жiктiк жалғау немесе баяндауыштың жалғауы деп аталады. Жiктiк жалғауы қазақ тiлiнде тек қана етiстiкке тән емес, есiмдер (зат есiм, сын есiм, сан есiмдер баяндауыштық қызметте) де жiктеле бередi: Мен мұғалiммiн, сiз ақылдысыз, сiз үлкенсiз, сiздер екеусiздер, т.б. Бiрақ есiмдер баяндауыш болуы үшiн мiндеттi түрде жiктiк жалғауын қабылдауы тиiс, сөйтiп барып бастауышпен жақ, жекеше-көптiк тұлғасында қиысады.
Шығу төркiнiне қарай жiктiк жалғаулары сөз соңынан келетiн есiмдiктiң энкликтикалық (дербес екпiннен айырылу) және дыбыстық өзгерiстерге түсiп, аффикске айналуының нәтижесi болып табылады. Мысалы, Бiз адам бiз – бiз адамбыз, т.б. Қазақ тiлiнде ауыспалы осы шақта және бұрынғы өткен шақта -мын, -мiн ықшамдалып, түрiнде келедi: барамын – барам. Барам, келем, жүрем, т.б. сөйлеу тiлiне тән.
А. Ысқақов жiктiк жалғауларының төрт түрлi үлгi бойынша жiктелетiндiгiн көрсетедi:
1-топқа: отыр, тұр, жұр, жатыр етiстiктерi, есiмшелер, зат есiмдер, сын есiмдер, сан есiмдер, есiмдiктер, үстеулердiң жiктелуi жатады. Бұл топтағы сөздерге жiктiк жалғау тiкелей әрi үндестiк заңы сақталып жалғанады, 3-жақта жiктiк жалғауы болмайды.
2-топқа: -а, -е, -й формалы және -п, -ып, -iп формалы көсемшелер жатады. 3-жақта -ты, -тi (-ды, -дi) жалғауы жалғанатындығы басты ерекшелiгi болып табылады.
3-топқа: етiстiктiң жедел өткен шақ формасы мен шартты рай формасының жiктелуi жатады. Жекеше түр 1, 2-жақ қосымшалары тәуелдiк жалғауына ұқсас (-м, -ң, -ңiз немесе айтты-м// әке-м), 1-жақ көпше түрi алдыңғы топтардың ешқайсысына да ұқсамайды, ерекше (оқысақ), 2-жақ көпше түрiнде (-ңдар, -ңыздар) алдыңғы үлгiлерге қарағанда, өзгешелеу, ал үшiншi жақтың арнаулы қосымшасы жоқ.
4-топқа: етiстiктiң бұйрық рай формасының жiктелуi жатады.
1-жақта: -айын, -ейiн (қарайын, келейiн),
2-жақта: қосымшасы жоқ (сен қара, кел),

3-жақта: қарасын, келсiн болып түрленедi (Ысқақов, 1991, 65-б.).


Бiрақ әдеби норма -йық, -йiк формасы болып табылады (барайық).
Жақтық мағына жiктiк жалғауларында да, тәуелдiк жалғауларында кездеседi: менiң әкем, мен айттым.
2-жақ жекеше, көпше түрiндегi жiктiк жалғауы да, тәуелдiк жалғауы да анайы, сыпайы түрде болады.
Жiктiк жалғауларының (категориясының) ерекшелiктерi:
Жiктiк жалғауының ықшамдалған түрлерi болады: мен көргем, бiлгем, т.б.
Жiктiк жалғауы болымсыз түрде қолданылғанда болымсыздық формасына жоғарыда айтылған 2, 3, 4-үлгiдегi етiстiктердiң қосымшалары тiкелей жалғанады (тұрма-ған, барма-с, барма-йтын), оған жiктiк жалғауы қосылады: бармаймын, көрмеймiн, бармасам, бармайтынмын, көрмесем, бармайын, көрмейiн, бармаппын, т.б.
Болымсыздық формасына емес сөзi тiркескенде жiктiк жалғауы емес-ке жалғанады: Мен бала емеспiн. Көсемшенiң ауыспалы өкiнбеймiн, жасымаймын формасының орнына өкiнбен, жасыман қолданылады. Ауыспалы осы шақ формасының болымсыздық тұлғасының қысқарған түрi – -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен.
Болымсыздық формаға емен көмекшi сөзi тiркесiп жақтық мағына тудырады: көрген емен, бiлген емен, т.б.
Сөйлемнiң бастауышы жiктеу есiмдiгiнен болып, ол айтылған жағдайда жiктiк жалғауының қолданылмайтын кездерi бар: Мен сен емес, жас күнiм жайнап тұрған (Абай). Мен сәби, мен ақкөңiл, мен турашыл, т.б. Бұл есiм баяндауыштардың жiктiк жалғаулары түсiрiлiп айтылып тұр.
Сөзге ең алдымен көптiк жалғау, одан кейiн тәуелдiк жалғау, одан соң септiк жалғанған соң ең ақырында жiктiк жалғауы жалғанады: жұмыстарымыздамыз, үйлерiмiздемiз.
Көптiк жалғауы сөзге екi рет жалғанғанда екi түрлi қызмет атқарады: заттың көптiгiн бiлдiредi, бастауышпен қиысу қызметiн атқарады: студент-тер-сiң-дер.
Бұйрық райдың жiктелуiндегi ерекшелiктер: Бұйрық райдың формасының үш жағына -шы, -шi жұрнағы жалғанады. Ондайда етiстiк таза бұйрық мәнiнен гөрi тiлек, ниет мәндi болады: мен барайын-шы, келейiн-шi, сен бар-шы, сен кел-шi, сiз барыңыз-шы, сiз келiңiз-шi, ол барсын-шы, ол келсiн-шi, сендер барыңдар-шы, сiздер барыңыздар-шы, олар барсын-шы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет