1930-1988 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМДАР.
Жалпы түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде ұзақ уақыт бойы талас тудырып жүрген мәселелердің бірі – рай категориясы. Бір қызығы – бұл категорияны топтастыруда алшақтық болғанмен, оны тануда алшақтық жоқ. Зерттеушілердің барлығы дерлік райды:
«сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы», - деп түсіндіреді. Райды осы негізде тануда бұрынғы зерттеушілер арасында да, бүгінгі таңдағы ғалымдар арасында да бірауыздылық байқалады.
Рай категориясын арнайы сөз етіп, өзінше топтастырған ғалымның бірі – Қошке Кемеңгерұлы. «Грамматика казакского языка» мен «Оқу құралында» райлардың берілуі жағынан кейбір өзгешеліктері бар: