-са еді форманты шартты райдың реңкін сипаттауда қолданылады, бірақ -са етті, -у еттітүрі кездеспейді. Сонымен, Ы.Маманов жіктеуінде өкініш райдан басқасы А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы топтастыруларына ұқсас.
Қазіргі кезде рай категориясын төрт түрге бөліп, жіктеп жүрген зерттеушілердің пікірлерінен де А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлдарының райды жіктеуіне ұқсастық-айырмашылық табуға болады:
А.Байтұрсынұлы
|
Қ.Кемеңгерұлы
|
Ы.Маманов
|
А.Ысқақов
|
С.Исаев
|
«Қазақ
тілінің грамматикасы»
|
ашық
|
ашық
|
ашық
|
ашық
|
ашық
|
ашық
|
билік
қайрау (+шы)
|
бұйрық
-шы (қайрау)
|
бұйрық
|
бұйрық
-шы
|
бұйрық
-шы
|
бұйрық
-шы
|
болжал
-р еді
|
болжал
-р еді
|
шарттылық
-р еді
-атын еді
|
–
|
–
|
–
|
шартты реніш ызалы
|
шартты
-са + шы
(реніш)
|
шартты
-са+шы
|
шартты
-са+шы
|
шартты
-са+ шы
|
шартты
-са+шы
|
ереуіл
(-са да)
|
–
|
–
|
–
|
–
|
|
қалау
-са екен
|
қалау
-са екен
–
-ғай
-р ма еді
|
қалау
–
-ғы кел
-ғай
|
қалау
-са екен
-ғы кел
-ғай
|
қалау
-са екен
-ғы кел
-ғай
|
қалау
-са екен
-ғы кел
-ғай
|
сенімді –ғай
|
|
мұң -р ма еді
|
|
–
|
–
|
–
|
–
|
теріс
-са игі еді
|
теріс:
-са игі еді
|
–
|
-са игі еді
|
-са игі еді
|
-с игі еді
|
сенімсіз
-р ме екен
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
көніс
айтады да
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
тұйық
-ыу/-іу, -ма
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
өкініш
-у етті
-са етті
|
–
|
–
|
–
|
С.Исаев, А.Ысқақов еңбектерінде «Қазақ тілінің грамматикасындағы» топтастырулар өзара ұқсас. Ашық рай мен бұйрық райды тануда аталған ғалымдар мен А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлының жіктеулері ұқсас. А.Байтұрсынұлының қайрау рай деп бөлек топтастырған рай түрі Қ.Кемеңгерұлы, Ы.Маманов, А.Ысқақов, С.Исаев еңбектерінде, «Қазақ тілі грамматикасында» бұйрық райдың реңкі ретінде берілген.
Бүгінгі таңдағы оқулықтарда да шартты райлы етістіктің мағыналық реңктерінің алуан түрлілігі жөнінде түрлі пікірлер бар. Мысалы, «Қазақ тілі грамматикасында»: «Шартты рай тұлғалары еді, болар еді, екен, ғой сөздерімен тіркесіп, сөйлеушінің тілегін, арманын, өтінішін (ғой демеулігі мен екен көмекші етістігі), екіншіден, опыну және өкінішін (еді, болар еді) білдіреді», - десе [Қазақ тілі грамматикасында, 172], С.Исаев «Шартты райлы етістік жіктеліп келіп, ғой, еді, екен, етті, (ма, ме) сұраулық шылау сияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтініш-өкінішін, болжам, ниетін т.б. білдіреді: бар-са-м екен, сөйле-се-ң етті, бар-са-ңыз ғой, жолық-са еді т.б.», - деп жазады [С.Исаев, 197].
Бұл – қазақ тіл білімінде райдың нақты саны әлі анықталмағанын, оның қыр-сыры мол категория екендігін көрсетеді. Ендеше, рай категориясының түсін түстеп, түгендеу қажеттігі әбден сезіледі.
XІX ғасырдағықазақтілінзерттеушілерденбастапкүнібүгінгедейінталастудырыпкележатқанмәселелердіңбірі – бұйрықрайдың
Іжағы. П.М.Мелиоранский «Краткаяграмматикаказак-киргизскогоязыка» дегенеңбегіндебұйрықрайдыңІжақкөрсеткішінқалаурайдептүсіндіреді. Сол сияқты Қ.Кемеңгерұлы да «Оқу құралында» бұйрық райдың І жағын «желательное наклонение в повелительной форме» деп береді:
10.
|
Желательное наклонение
|
а) свободное и решительное намерение с желанием осуществить его
б) обещание с свободным расположением исполнить
в) (во множеств. числе) приглашение к действию
|
Мұнан шығайын – выйду из этого (отсюда)
Жазайын – да я напишу
Сөйлесейік – (давайте) поговарим
|
11.
|
Вотрицательной форме
|
Опасение и предположение
|
Тоңып қалмайын – как бы мне не замерзнуть
|
12.
|
В вопросительной форме
|
а) размышление и колебание
б) угрозу, гнев
|
Барайын ба – да пойду ли я? (идти ли мне?)
Көзіңді шығарайын ба! – не выколоть ли тебе глаза
|
Ал «Қазақ тілі грамматикасында» ғалым бұйрық райдың анайы және сыпайы, болымды, болымсыз түрлерінің кестесін келтіріп, бұйрық райдың І жағын осы категорияға қатысты қолданады. Бұл топтастыруларынан Қ.Кемеңгерұлының бұйрық райдың І жағында бұйыру мәнінен гөрі ниеттену, тілек мәні басым болатынын байқағанын көреміз.
Бұйрық райдың І жағының осындай мағыналық реңктеріне байланысты оны қалау райға жатқызу түркологияда одан кейін де өріс алып келді. Мәселен, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев, А.А.Юлдашев еңбектерінде бұйрық райдың І жағын қалау райдың І жақ формасына қосады. Бұл мәселе қазақ тіл білімінде де қызу талас тудырды. Мысалы, А.Ысқақов, М.Томанов т.б. еңбектерінде бұйрық райдың І жағының басқа жақтармен салыстырғанда, мағыналық ерекшеліктері болатыны туралы айтылады. Мәселен‚ А.Ысқақов: «І жақ формалары (мен бар-айын, біз бар-айық, бар-алық)амалды жүзеге асыруды біреуге (ІІ жаққа) бұйырудан гөрі, сөйлеуші орындауды өз міндетіне алғаны, оны істеуге өз ынтасы барлығын, оны істеуге бекігені анығырақ аңғарылады (сөйлеуші өзіне-өзі бұйырмаса керек, тек тыңдаушыға бұйрық берсе керек-ті). Өйткені бұл формалар (-йын, -йық, -лық) іске қозғау салмайды, біреуге сілтемейді, сөйлеушінің амалды өзі істейтінін, яғни оны жүзеге асыруға өзі ынталанатынын, өзі бел байлағанын білдіреді», - дейді [86, 329]. Ғалымдар арасында бұйрық райдың І жағының өзіндік ерекшеліктері бірдей танылғанмен, І жақ қана емес, ІІ, ІІІ жақтың да үнемі бұйрық мәнде айтыла бермейтіні, әрі бұлардың бәрі – бір форманың үш жағы екені ескеріліп, сол себепті оларды бір-бірінен бөліп, әр түрлі грамматикалық категория деп тануға болмайтыны негізге алынып, бұйрық райдың І жағы – қалау рай ретінде емес, бұйрық рай деп танылуда. Мұндай пікір Н.Сауранбаев, Ы.Маманов, С.Исаев, Л.Дүйсембекова т.б. еңбектерінде айтылады.
Рай түрлерінің түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде де әлі талас тудырып, оның түрліше топтастырылуы бұл категорияның әлі де жүйелі зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді. Зерттеулердің бір жақты болмай, рай категориясын тереңірек түсіну үшін А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы сияқты ғасыр басында рай туралы өз тұжырымдарын түсіндіріп, өзінше топшылаған ғалымдардың еңбектерін әлі де жете талдап, тіл ерекшелігін дөп басып тани білген ғалымдардың еңбектерін негізге алуымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |