Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



бет126/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

Ахмет Байтұрсынов: «Етістік – заттардың еткен-етпеген істерін көрсететін сөздер. Етістік болған-болмаған екі түрлі істі көрсеткендіктен екі түрге бөлінеді: 1) болымды; 2) болымсыз. Мұнан бөлек етістік тағы екі түрге бөлінеді: 1) есімше; 2) көсемше. Етістікте он түрлі етіс бар: сабақты, салт, ортақ, өздік, өзгелік, беделді, ырықсыз, шығыс, дүркінді, өсіңкі. 14 рай бар: тұйық, билік, ашық, шартты, ереуіл, реніш, қалау, сенімді, сенімсіз, мұң, көніс, қайрау, азалы, теріс рай»

  1. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі ғалымдардың сан есімді жіктеуге қатысты ұстанымдары

А.Байтұрсынұлы: Сан есім нәрсенің есебін һәм ретін көрсететін сөздер. Нәрсенің дәл санын білу үшін – неше? Нәрсенің дәл санын емес, шамасын білу үшін – қанша?

А.Байтұрсынұлы сан есмідердің мағыналық тобына қарай екіге бөледі. ОЛар есептік және реттік.

Есебін көрсетін сөздер – есептік деп аталады: бір, екі, үш, төрт, түмен.

Ретін көрсететін сөздер – реттік деп аталады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші.

Есептік сан есімнің өзін екіге бөліп қарастырады. Бірі – жай есептік, екіншісі – жадағай есептік. Жай есептік – кәдімгі қарапайым түбір тұлғасындағы сандар. Ал жадағай есептік – қазіргі таңдағы жинақтық сан есім. Яғни жетіге дейінгі ғана біреу, екеу, үшеу.....жетеу.

Есептік пен реттіктен бөлек «нәрсенің бүтін емес бөлімтігінің санын көрсететін сөздер бар». Олар, «темілдік» деп аталады. Темілдік сандар: жарты, жарым, ширек. Қазіргі таңда бөлшектік сан есімдердің құрамында.

Қ.Жұбанов осы топтастыруға сүйене отырып, реттік, есептік, жинақтау және бөлшектік сан есімдерді атайды да, реттік сан есімдерді өз ішінен тең үлес түрі (екі-екіден); болжал түрі (бес-он, бестер, он шақты) деп жіктейді.

Топтау сан есмідері мен болжалды сан есімдер сан есімге көптік жалғауы, шығыс септік жалғауы, –лап,-леп,-дей,-сыз,-сіз,-лы,-лық т.с.с. қосымшалар да жалғана береді. Алайда ол қосымшалар жалғанған сөздің бәрін сан есімнің мағыналық топтарына қоса беруге болмайды. Кейінгі оқулықтарда топтау сан есімдері деп танылған екеулеп, он-оннан, бір-бірлеп сөздері үстеу ішінде де сөз болып, топтау (я саралау) үстеулері, кейде мөлшер үстеулері ретінде беріліп жүр. Яғни бір форма екі түрлі сөз табының аясында қарастырылудан А.Байтұрсынұлы еңбектерінде болжалды сан есім мен топтау сан есімдері сан есімнің мағыналық топтары ретінде қарастырылмай, сан есімнен жасалатын басқа сөз таптарының қатарында, үстеу ретінде берілген. Яғни ғалымның оқулықтарында қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері, нақты табиғаты берілген. Қазақ тіл білімінде өзіндік із қалдырған ғалым – Маманов көлемдік-мекендік септіктер мен көптік форманың контекте немесе түбір сөздің мағынасына байланысты әртүрлі мағыналық қырлары болатынын айта келіп, сан есімнің шығыс септік формасы (бестен, он-оннан) мен көптік формасын (ондар, жүздер) мағынаға бағындырып, сан есімнің лексика-семантикалық топтарына жатқызудың ғылыми тұрғыдан негізсіз екендігін айтады.



78. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңдегі зерттеушілердің есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдары
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет