Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Шырай жұрнақтары мен сын есім тудыратын жұрнақтарды тануға қатысты ұстанымдар



бет130/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

81. Шырай жұрнақтары мен сын есім тудыратын жұрнақтарды тануға қатысты ұстанымдар

Шырай жұрнақтарына қатысты түрліше көзқарастар, көбінесе, шырай жұрнақтарының ішіндегі кейбір қосымшалардың бірде сөз тудырушы, бірде форма тудырушы жұрнақтар қатарында қарастырылуына байланысты туындайды. Бұл, əсіресе, -шыл/ -шіл, -ғыш/ -гіш, -ғылт,-қай жұрнақтарына қатысты. Ғ. Мұсабаев -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шіл жұрнақтарын шағын шырай деп қараса, А. Ысқақов бұл жұрнақтарды салыстырмалы шырай тудыратын өнімсіз жұрнақтар ретінде қарастырады. Ал Ы. Маманов «жалпы тіл білімі қағидасы бойынша, бір категорияға жататын грамматикалық формалардың қосымшалары бірінің үстіне бірі жалғанбайды. Ал сарғыш, ақшыл, қоңырқайлау деп шырай формаларымен түрлендіруге болады. Олай болса, -ғыш, -шыл, -қай қосымшаларын форма тудырушы қосымша деп тану дұрыс емес. Бұлар – сөз тудырушы қосымшалар. -ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау -теу қосымшалары сапалық сын есімге түгелдей жалғанады, ал -ғыш/- гіш, -ғылт/ -шыл қосымшалары бірді-екілі сөздердің ғана құрамында кездеседі, сонымен қатар ақшыл, сарғыш, сұрғылт сөздерінің өзі шырай формасымен түрленеді» деп, -ғыш, -шыл, -ғылт қосымшаларын шырай формасының грамматикалық көрсеткіші емес, сөз тудырушы қосымшаларға жатқызады. Мұндай тұжырым Н. Оралбайдың еңбегінде де жасалады. Ғалым -ғыл, -ғылт, -қыл, -қылт, -шыл, -шіл, -ақ сияқты бір топ жұрнақтарды шырай жұрнақтарына жатқызбай, сөзжасамдық жұрнақтар ретінде қарастырады.



«Қазақ грамматикасында» аталған қосымшаларды салыстырмалы шырай жұрнақтары ретінде қарастырып, одан кейін шырай жұрнақтарының жалғануын тілдік құбылыстардың, заңдылықтардың өзгеріп отыруымен байланысты түсіндіреді. Сондықтан кейбір шырай жұрнақтарының қызметі мен қолданысындағы мұндай ерекшеліктерді тілдік заңдылықтардың өзгеріп, дамып отыруымен байланысты қарастыру да ғылыми тұрғыдан негізсіз емес.

*


1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет