Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең



бет127/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең

Ұлттық тіл біліміне дейінгі зерттеушілер арасында жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін тануда алшақтық болмағанмен‚ есімдіктердің мағыналық топтары түрліше сараланған. Мәселен, Н.Ильминский есімдіктің 3 түрін ғана көрсетсе, М.Терентьев, П.Мелиоранскийлер 5 түрін, И.Лаптев, Н.Созонтовтар 6 түрін атайды.


  • Ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең


Қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912 — 29)

(Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезең)

Басқа зерттеушілердегі өздік, тәуелдік есімдіктері Қ.Кемеңгерұлы жіктеуінде жоқ, ал анықтау (определительные) есімдігі басқа ғалымдарда кездеспейді.

А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлының есімдіктерді топтастыруы еңбектеріне ұқсас:

А.Байтұрсынұлы

Т.Шонанов

Қ.Кемеңгерұлы

жіктеу

личные

личные

сілтеу

указательные

указательные

сұрау

вопросительные

вопросительные

шектеу



определительные

танықтау



неопределенные



возвратные





притяжательные


Т.Шонанов есімдіктерді жіктеуде П.Мелиоранский еңбегіне сүйенсе, Қ.Кемеңгерұлы А.Байтұрсынұлы топтастыруын басшылыққа алған. Оқулығы орыс топтарына арналғандықтан, атаулары орысша болғанмен, есімдіктерді тануда Қ.Кемеңгерұлы мен А.Байтұрсынұлы еңбектерінде алшақтық байқалмайды.

Қ.Кемеңгерұлының есімдіктерді тануынан мынадай ерекшеліктер көреміз: а) А.Байтұрсынұлы еңбектеріне сүйене отырып, тәуелдеу есімдіктерін есімдік қатарына қоспай, жалғау ретінде қарастырады;

ә) өздік есімдіктерін есімдіктің бір түрі ретінде жеке шығармай, оны анықтау (определительные местоимения) есімдіктерінің ішінде түсіндіреді. Бұдан басқа әркім, әрқайсысы, бәрі, барша т.б. есімдіктерін де анықтау есімдіктері қатарында атайды. Осы орайда ғалым есімдіктердің атауы ретінде «анықтау есімдігі» дегенді ұсынады да, оған «танықтау есімдігін» қарсы қояды. Яғни «анықтау есімдігі» – жеке адамды немесе топты көрсетсе, «танықтау есімдігі» – нәрсенің жоқтығын, белгілі еместігін немесе түгел еместігін білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, бүгінгі таңдағы өздік есімдігі, жалпылау есімдігі деп танылып жүрген есімдіктердің басын қосып, «анықтау есімдігі» деп атайды да, белгісіздік есімдігін «танықтау есімдігі» дейді;

б) Қ.Кемеңгерұлы есімдіктердің септелу үлгісін көрсетіп, онда жіктеу есімдіктері жатыс септіктен басқа септіктерде азатынын, яғни дыбыстық өзгерістерге ұшырайтынын (маған, сені т.б.), сілтеу есімдіктері септелгенде, көптік жұрнағын* қабылдағанда, соңғы дыбысы түсіп қалатынын (о-ның, бұ-дан, мына-лар т.б.); сілтеу есімдіктері есімдерден бұрын келіп, анықтауыш қызметін атқарғанда септелмейтінін; сұрау есімдіктерінің ішінде қайсы есімдігі барыс септігін -ған түрінде қабылдайтынын (қайсыған); қашан есімдігі ілік, табыс септігінде түрленбейтінін айтады;

в) сілтеу есімдіктерінің жекеше түріне тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, негізден кейін н дыбысы қосылатынын әрі сөз басындағы б дыбысы м дыбысына ауысатынын, ал көпше түрде мұндай өзгерістердің болмайтынын ескертеді. Шектеу (определительные) есімдіктерінің ішінде әркім есімдігінен басқалары тәуелдеулі түрде ғана қолданылатынын, ал кей, қайсыбір, ешбір сияқты танықтау есімдіктері тәуелденбей тұрып септелмейтінін, жіктелмейтінін айтады;

г) жіктеу есімдіктерінің анайы, сыпайы, жекеше, көпше түрлері болатынын ескертеді;

ғ) есімдіктерденкейін-шыл, -ша, -лық, -дай, -дағы, -нікі, -сызжұрнақтарығанажалғанаалатынынайтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет