Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



бет49/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

[А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»]

Зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар, негізінен алғанда, біркелкі болғандарымен іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалкылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды да қамтиды. Мысалы, ағаш, су, шөп, сүт, темір, шүберек тәрізді сөздер, әдетте, көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлықтай нақтылы, деректі заттармен байланысты ұғымдарды білдірсе, ақыл, сана, ой, ықпал, әсер, жақсылық, адамгершілік, кіріс, зұлымдық, пікір секілді сөздер ойлау, топшылау қабілеттері арқылы танылатын абстракті (дерексіз) заттармен байланысты ұғымдарды білдіреді. Әрине, дерексіз (абстракт) заттық ұғымдардың аттары деректі заттық ұғымдардан кейін шыққан да және сол нақтылы ұғымдардың негізінде туған. Өйткені, мысалы, кісілік, балалық деген дерексіз ұғымдар да, олардың аттары да әуелгі кісі, бала деген деректі ұғымдардан, атаулардан туған. Бірақ конкретті ұғымнан абстракт ұғымның тууы бірден-бір ғана жол болмаған. Қонкретті ұғымдардан абстракт ұғымдар туа беретіні сияқты, адамның ойлау қабілеті дами келе, керісінше, абстракт ұғымдардан конкретті ұғымдар да туа беретін болған. Осыған сәйкес, конкретті зат есімдерден абстракті зат есімдер де, керісінше, абстракт зат есімдерден конкретті зат есімдер де жасала береді. Осы себептен қазіргі тілдегі абстракті ұғымдарды білдіретін көп сөздердің мағыналары конкретті ұғымдармен түйісіп те отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет