Деректі зат есім сөздер деп көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын, түрі, түсі, тұлғасын көзбен елестетуге болатын адамды қоршаған нақтылы заттардың атаулары саналады.Мысалы, тау, тас, ағаш, гүл, қала, ауыл, озен, көл, адам, хайуан, қоян, түлкі, көше, су, нан, орындық, аспан, жер т.б. Адам бұл сөздердің мағынасын олардың түрі, түсі, дәмі т.б. белгілері арқылы таниды.
Дерексіз зат есімдер деп мағынасы оймен танылатын заттық ұғымды білдіретін зат есім сөздер аталады. Мысалы, ақыл, ҳуаныш, қайғы, үміт, талап, жақсылық, білім, сана, ықпал,т.б. Бұл дерексіз мәнді зат есім сөздердің мағынасын ойлау, топшылау әрекеттері арқылы ғана түсінуге болады, өйткені олардың нақтылы тұлғасы, сыртқы белгісі жоқ. Сондықтан оларды әркім әр түрлі түсінуі мүмкін. Мәселен, біреудің білімін әркім әр түрлі бағалайды, өйткені оның нақтылы көлемі, салмағы, аумағы жоқ.
Құрамы жағынан алғанда, тілде деректі зат атаулары өте көп, дерексіз мағыналы зат есім сөздер дәл олардай емес.
Грамматикалық түрленуі жағынан оларда үлкен айырмашылық жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |