Абжаппарова Бибіхадиша Жүрсінқызы
Тарих ғылымдарының кандидаты,
шығыстану кафедрасының доценті
1920-1930 жылдардағы қазақ диаспорасының қалыптасуы
кезеңдері.
Мақалада қазақ диаспорасының тарихында ерекше орын алатын 1920-
1930 жылдардағы тарихи кезең қарастырылған. Отырықшыландыру,
байларды
тап
жауы
ретінде
тәркілеу,
ұжымдастыру
саясатының,
ашаршылықтың 1920-1930 жылдардағы қазақ диаспорасының қалыптасуына
тигізген ықпалы ашып көрсетілген.
Кілтті сөздер: диаспора, отырықшыландыру саясаты, қазақ босқындары,
ұжымдастыру, әкімшілдік-саясат
Қазақ диаспорасы тарихында қайғылы да, қасіретті, көңілге кірбің
түсіріп, көзге жас алдыратын, азалы да, жантүршігерлік сәттер аз емес.
Соның ең бір шектен шыққан тұсы, ғылым тілімен айтсақ, апогейі – жеке
меншік шаруа қожалықтарын күштеп ұжымдастыру жылдары орын алғанын
халқымыз бүгінде жариялылықтың «желі соғып», «жабулы қазанның» беті
ашылғанда жан-жақты хабардар бола бастағандай. Ие бұл күндері «нәубет»,
«қызылтабан шұбырынды», «зобалаң», «голощекин геноциді», «этноцид»
тәрізді әрі жалпыхалықтық, әрі тарихи түсініктермен сипатталып жүрген
осынау ауыр кезеңнің зарлы үніне, сай-сүйекті сырқыратар әңгімесіне құлак
асар, біржола ден қойып зерттейтін кез келді. Қазақстан бойынша ПП ОГПУ-
дің жедел хабарлау мәліметі бойынша, 1932 жылғы 3 қаңтарда шет елге кету
қозғалысымен Қазақстанның барлық шекаралық аудандары түгелдей
қамтылды. Мұнан басқа да қозғалыстың айтарлықтай көлемді көрінісі
тылдағы аудандарда: Шелекте, Еңбекшіқазақта, Талдықорғанда, Аягөзде,
Ақсуда, Көкпектіде, Күршімде байқалды.
Ұлты жағынан эмиграцияның үлкен бөлігі қазақ халқына жатады,
екінші орынды ұйғырлар тобы және онан соң дүнгендер мен орыстар алады.
Қазақ диаспорасының қалыптасуына әсер еткен оқиғалардың бірі -
отырықшыландыру
саясаты
болды.
Қазақ
халқы
дәстүрлі
мал
шаруашылығымен айналысқандығы белгілі. 1928-1932 жылдары Қазақстанда
социалистік құрылысты жолға қоюдың негізгі міндеті етіп, халықтың табиғи-
тарихи даму заңдылықтарын ескермей, көшпелі және жартылай көшпелі
қазақ шаруаларын зорлап ұжымдастыру және сол негізде жаппай
отырықшыландыру саясатын жүргізді. Кеңес өкіметінің мұндай саясатына
түсінбеген кінәсіз шаруаларға кеңес органдарының «ұлтшыл», «бандит»,
«контрреволюционері» деген жалған жала жауып қуғын-сүргінге ұшыратуы
қазақ шаруаларын босқыншылыққа ұрындырды. Туған жерлерінен көшіп
кетуге мәжбүр болды.
Қазақстанға Қазақтан Компартиясы өлкелік комитетінің хатшысы
болып 1925 жылдың қазан айынан бастап әртүрлі партиялық жұмыстар
атқарғанымен,
Голощекиннің келуі қазақ еліне үлкен қанды қасірет әкелді. Күштеу бағытын
пайдалана отырып, бай-құлақтарды меншігінен айырып, тап жауы ретінде
тәркілеп, тіптем олардың қатарына орта шаруаларды іліп алды. Кедейлердің
өздері де ет даярлау, астық даярлау, ескі-құсқы даярлау жоспарын орындау
жолында түгі қалмай тақырланып, қолдарына малшы таяғын ұстап, жалғыз
қалды. 1929 жылдан бастап Голощекин саясатынан қашып, жаппай көшіп
кетулер басталды. Башқұртстанға, Сібірге, Волга бойына, Орта Азия мен
Қытайға жаппай көшуді тоқтату мүмкін болмады [1,78-88].
Қазақстанда ұжымдастыру және отырықшылыққа көшіруді басқарып,
байыппен іске асыра қоятын білікті мамандар бола қойған жоқ. Жергілікті
басқару органдарында, ауыл-селоларда белсенділік көрсетіп, «шаш ал десе
бас алатындардың» өзі болды. Колхоздастыру науқаны отырықшылыққа
көшірумен қатар жүргізілді. Қазақ өлкелік комитеті бұл науқанды жүргізуге
8 мың жұмысшы тартты. Бұлармен қоса республикаға 1204 адам жіберілді [2,
11]. Олар Москва, Ленинград, Харьков басқа өнеркәсіп орталықтарынан
келген, жергілікті ұлт-дәстүрлерінен, тарихынан, тілінен ешқандай хабары
жоқ адамдар болды. Бұлар ұжымдастыру мен отырықшылыққа көшіруді тек
бір халықты бір жерге жинап қоныстандыру, барлық мал-мүлкін ортаға
салдыру деп түсіндірді. Мұның арты малшылардың шаруа кеңістігінен,
жайылымынан қол үзуіне, малға қолайлы суаты мен жем-шөбінен айрылуына
әкеліп соқты.
1930 жылы көшіп кету қозғалысымен 34977 қожалық қамтылды. 1931
жылы толық емес мәліметтер бойынша 45000 шаруашылық көше бастады.
Мұның ішінде республикадан тыс көшіп кеткендерді ғана емес, сондай-ақ
өлкенің
өз
ішінде
туған
жерден
қозғалып,
босқындар
қатарына
қосылғандарды да көрсете алады. 1931 жылы қазақ шаруаларының жалпы
саны 225 000 адамдай босқындар жолына түскен [3, 257]. Осыншама
босқындардың қайда және қаншасы көшіп кеткенін дәлме-дәл анықтау тіптен
мүмкін емес. Себебі олар бір жерде тұрақтап қалмады.
Кесте №1
№ Босқындар барған жерлер
Босқын
қожалықтары
Олардағы
мал
саны
1.
Өзбекстанға
3436
187909
2
Түркменстанға
7371
319725
3
Тәжікстанға
1767
88350
4
Қырғыз республик.
1031
33595
5
Қарақалпақ
2355
112621
6
Төменгі Волга өлкесіне
2562
13797
7
Сібір өлкесіне
2100
27348
8
Украинаға
901
6652
9
РСФР-дің қалған бөліктеріне
13511
100801
10 Қытайға
593
2276
барлығы
35597
893074
Кестеден аңғарып отырғанымыздай, қазақ босқындары негізінен Ресей,
Орта Азия республикаларына қоныс аудара бастаған. Босқыншылық 1933
жылдың шілдесіне дейін толастамай қойды. 1931-1933 жылы Мәскеуге
берген
мәліметтер
бойынша,
1931-1933
жылдары
салық
есептері
мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан бойынша қожалықтардың жалпы саны
490 мыңға, ал село халқының саны 2,6 млн. адамға кеміді. Оның үстіне
Қазақстанда қалған қазақтар қожалықтарының аса үлкен бөлігі өздерінің
бұрынғы мекендерінен ауа көшті [3, 258].
Қазақстанның мемлекет қайраткері, Т. Рысқұлов Совет өкіметінің
саясатын жүргізе отырып, Ресей Федерациясы Халық Комиссарлар Советі
председателінің орынбасары қызметін атқарды. И. Сталин большевиктер
партиясының Бас секретары қызметін атқарғанда, Т. Рысқұловты өз
назарында ұстады. Елдегі болып жатқан босқыншылыққа байланысты Т.
Рысқұлов И. В. Сталинге 1933 жылы 9 наурызда жазған хатында босқын
қазақтар көшіп барған аудандардан алынған мәліметтер бар. Орта Волгада
босқын қазақтар -40 мың, Қырғызстанда – 100 мың, Батыс Сібірде – 50 мың,
Қарақалпақстанда - 20 мың, Орта Азияда - 30 мың адамға жеткен. Сондай-ақ
Т. Рысқұлов босқындардың Қалмақ, Тәжікстан, Солтүстік өлке өңірінен де
кездесетінін, Батыс Қытайға ауа көшкендерін атап көрсетеді.
Батыс Сібір Өлкелік партия комитетінің хатшысы М. Зайцевтің
айтуына қарағанда 1932 жылғы 9 ақпандағы мәліметі бойынша, 1931 жылдың
күзінен бастап қазақтардың Қазақстан территориясынан оған іргелес жатқан
Батыс Сібір аудандарына қашуы көрініс тапқанын, соңғы уақытта мұның
жаппай көлемге айналғанын, босқындар негізінен колхозшылар болды да,
олардың шамалы бөлігі бай-кулактар элементіне жатты. Қазақ даласынан
келген босқындардың қаншалықты көлем алғанын Батыс Сібірдің
Қазақстанмен шектесетін көрші Славгород ауданындағы қазақтардың 10000
адамға көбейгеніне, ал олардың 6000–ы Славгород қаласының өзінде ғана
орналасқанынан
да
байқауға
болатын
еді.
Батыс
Сібірдің
басқа
аудандарындағы қазақтар да босқындар есебінен шұғыл өсті. Мысалы,
Баевск ауданында 1300 босқын қазақ есепке алынды деп мәлімдейді [4, 109-
110]. Аштық адам кейпінен айыра бастаған есі ауып, ісініп кеткен қазақтар
көшедегілерден де, пәтер тұрғындарынан да нанды ашықтан-ашық тартып
алып, аштық аранына араша іздеді
Батыс Сібір өлкесінің кейбір аудандарының өздері де азық–түлік
қиыншылықтарына кездескендіктен аштық қуалап босып келген қазақтарға
қажетті көмек көрсетуге жергілікті мүмкіндіктер шамалы. Сондықтан б
Батыс Сібір өлкелік партия комитеті Қазақ өлкелік партия комитетінен
қазақтардың қашып келуін тоқтатуды, оған қажетті шараларды жедел
қолдануды, босқындарға қажетті көмек көрсетуді қайта-қайта өтініп сұрады
[4, 110].
Қазақтанмен көршілес одақтас республикаларға бытырай қоныстанған
қазақ босқындары аз емес. Егер 1926 және 1937 жылдардың Бүкілодақтық
санақ
материалдарына
сүйеніп
талдау
жасасақ,
көрші
одақтас
республикалардан қайтпай қалған қазақтардың 300 мыңнан астам екенін
байқаймыз. Қысқа мерзімде мұншама халықтың жат жерлерге қоныс аударуы
адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған қасіретті оқиғаға айналды [3, 272].
Қазақ диаспорасының қалыптасуындағы ірі кезеңдердің бірі 1918-1920
жж. азамат соғысы, соның салдарынан болған 1921-1922-ші жылдардағы
орын алған ашаршылық, 1920-шы жылдардың соңы, 1930-шы жылдардың
басындағы
атақонысын
тастап
ауа
көшулері.
Тарихшы
ғалым
Т.Омарбековтың мәліметі бойынша, миллионнан астам қазақ осы жылдары
қазіргі Қазақстан жерінде босқынға айналып, оның шамамен 500 мыңдайы
мемлекетімізден тысқары елдерге шығып кетіп, одан 200 мыңдайы елге
қайтып оралған [5].
Шет ел тарихшысы Роберт Конквест Қазақстанның шекаралық
аудандарынан аталған жылдары 200 мыңдай қазақтар Синьцзянға, (Батыс
Қытай) көшіп кетті деп мәлімдейді [6]. Ресей тарихшылары Ю.А. Поляков,
В.Б. Жиромская, И.Н. Киселев 1930-1932 жылдары шетелге кеткен қазақтар
санын (қайтып келгендерін шығарып тастағанда) 1,3 млн адамға жеткізеді
[7].
Белгілі демограф ғалым М.Тәтімов «Бірнеше жүз мыңдаған адамдар өз
республикаларын тастап, Қазақстаннан ауа көшіп, мұндай бұрмалаушылық
белең алмаған көрші Орта Азия, республикалары - Өзбекстанға,
Түркменстанға,
Қарақалпақстанға,
Қырғызстанға,
Тәжікстанға,
және
Ресеймен жапсарлас жатқан жақын облыстарына жан бағып, бас сауғалады.
Олардың
бестен
екісі
дерлік,
44
мыңнан
астам
адам,
яғни
республикадағылардың бұрынғы 11 проценті кейін еліне, жеріне қайтпай,
біржола сонда қалып қойды (қазір осы аталған көрші одақтас
республикаларда тұрып жатқан 1млн 547 мың қазақтардың жартысынан
астамы сол қиын жылдары көшіп кеткендер). Сол тауқыметті жылдары,
кейбір деректер бойынша шетелдерге, атап айтқанда көрші Қытайға,
жапсарлас Монғолияға асып, алыстағы Ауғанға, жырақтағы Иранға, тіптем
түпкірдегі Түркияға дейін ауып кетіп, өз ата мекенінен кері қайта алмай
қалғандардың ұзын саны 205 мыңға жетіп жығылған. Бұл сол кездегі
Қазақстандағы байырғы жұрттың 5 проценті болады. Бүгінгі таңда 1,5
милионға жетіп қалған шетелдегі қазақтардың үштен бірі – сол асыра сілтеу
жылдарының босқындары мен шұбырындылары», - деп қорытындылайды[ 8,
46-47].
Тарихшы ғалымдар М.Қ. Қозыбаев, ҚС. Алдажұманов, Ж.Б.
Әбілқожиндар «Түпкілікті халықтың күрт азайып кетуіне қоныс аудару көп
зиян келтірді. Ашаршылық салдарынан сол жылдары 1030 мың адам
республикадан тысқары жерлерге босқын болып кетті. Оның 414 мыңы
кейіннен қайтып оралды. 616 мың адам келмеске кетті. Олардың ішінде 200
мыңға жуығы Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иран, мен Түркияға өтіп
кетті деген дәлел айтады [2, 33].
Ғалым Т.Омарбековтың пікіріне жүгінсек, Батыс Қытайға өтіп кеткен
қазақтар шамамен 70 мың адамдай деп шамалауға болады [13, 280].
Қытаймен Шекаралық аудандардағы қазақтардың жалпы саны жарты
миллионға да жетпейді (334268). Қытайдағы қазақтардың санының көптігіне
қарап, олар ұжымдастыру жылдары өтіп кеткен деп айтуға болмайды. Батыс
Қытай қазақтардың ежелгі отаны. Тарихшы М. Тынышпаев 1917 жылы
Қытайда 450 000 қазақ өмір сүрген деген мәлімет береді [9, 63].
Қорыта айтқанда Қазақстаннан шетелдерге біржолата көшіп кеткен
қазақтар жалпы алғанда 100 мыңға жуық. Бұлардан басқа бірнеше мың қазақ
шекарадан өтерде өлген және «контробандит» деген жаламен тұтқындалған.
Сталиндік әкімшілдік-әміршілдік саясат қазақ халқын өз отанынан бездіріп,
қайғы-қасіретке ұшыратты.
Әдебиеттер:
1. Омарбеков Т. Тарихпен өрілген тағдыр. –Астана: «Ана тіл – Ата
тарих» баспа-зерттеу орталығы жшс., 2007. - 460 б.
2. Қозыбаев М.Қ. Алдажұманов Қ.С., Әбілқожин Ж.Б. Қазақстандағы
күшпен коллективтендіру: қорлық пен зорлық. –Алматы, 1992. - 36 б.
3. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Көмекші оқу
құралы. –Алматы: Санат, 1997. - 320 б.
4. Насильственная коллективизация и голод в Казахстане в 1931-1933
гг. Сборник документов и материалов /Вступ. Статья ис ост. К.С.
Алдажуманов, М.К. Каиргалиев, В.П. Осипов, Ю.И. Романов. - Алматы:
Фонд «ХХІ век», 1998. - 263 с.
5. Омарбеков Т. Отызыншы жылдардағы ойран // Қазақ елі. 1995 жыл.
1-желтоқсан.
6. Конквест Р. Жатва скорби реестр смерти // «Вопросы истори», 1990,
№ 4. – С. 87-88.
7. Поляков Ю.А., Жиромская В.Б., Киселев И.Н. Полвека молчания //
«Социологические исследования», 1990, №6 – С. 6.
8. Тәтімов М. Зұлматтың ауыр зардабы. Зауал: мақалалар, естеліктер. –
Алматы: Жазушы, 1991. - 272 б.
9. Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. -
Ташкент, 1925. - 65 с.
Резюме
В данной статье рассматриеваются этапы формирования казахской диаспоры
в 20-30 годы ХХ века. Автор анализирует политику оседания, причины
откочевки и голода казахов.
Abstract
In given article it is written about stages of formation of the Kazakh diaspora to 20-
30 years of the XX-th century. The author analyzes the reasons of a policy of
subsidence, откочевки, hunger of Kazakhs.
Достарыңызбен бөлісу: |