Жылдардағы ксро кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес



бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі31,04 Kb.
#14236
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1920-1930 жылдардағы КСРО


1920-1930 жылдардағы КСРО

Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес

1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық-саяси күрес өріс алды. Бұл күрестегі басты мәселе - КСРО-дағы социалистік құрылыстың үлгісі жөнінде еді. Ол уақытқа дейін социализмнің екі үлгісі: бірі коммунизмге «секіріп өту» мүмкіндігі болған, шаруаларға одан әрі қысым жасау, күш қолдану мен террорға сүйенген әскери-коммунистік демократияны дамыту; екіншісі - өндірушілердің материалдық ынтасын арттыру қағидасына, тауар-ақша қатынастарын жан-жақты дамыту идеясына негізделген ЖЭС-тік үлгісі болған еді. Большевизм басшыларының қай-қайсысы болмасын индустрияландыруды, ауыл шаруашылығын кооперациялау мен мәдени революцияны жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән келтірмеді. Алайда олар социализм құрылысының қарқыны мен әдістері, пролетариат диктатурасының кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар мен топтарға деген көзқарасы жөнінде әр қилы түсінікте болды. Бұл уақытта Лениннің өзінде де бұл мәселені шешуде қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстаным болған жоқ.

Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы өсе түсті. Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады. Өнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары қазақтардың басшылық қызметтердегі санын шектеп отырды. 1920 жылы қазақтар барлық өнеркәсіп жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті.

1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру әрекеті орталық өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды. Партияның өлкелік комитеті таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет