Жылдардағы ксро кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес


жылдардағы халықаралық жағдай



бет6/6
Дата06.01.2022
өлшемі31,04 Kb.
#14236
1   2   3   4   5   6
1930 жылдардағы халықаралық жағдай

30-жылдардың екінші жартысында Еуропада жаңа соғыс қаупі төне түсті. 1937 жылы фашистік мемлекеттер - Германия мен Италия милитаристік Жапониямен бірге «Антикоминтерндік пакт» атанған әскери-саяси блокқа бірігіп, дүние жүзін қайта бөлісу соғысына белсенді дайындық жұмыстарына кірісті. Бұл агрессияшыл блоктың саясаты тек Кеңес Одағына ғана емес, басқа да көптеген мемлекеттердің мүдделеріне қауіп төндірді.

Фашистік лагерьдің күш біріктіру жағдайында КСРО өз әрекеттерін кеңейте түскен агрессорларға қарсы ашық күреске шықты: 1936 жылы - Испаниядағы соғыс, 1938 жылы - Жапониямен Хасан көліндегі «кіші» соғыс, 1939 жылы - Халхин-Голдағы кеңес-жапон соғысы болып өтті. Осындай жағдайда ашық күнгі найзағайдай әсер еткен, Молотов-Риббентроп пактісі атанған, КСРО мен Германияның арасында 1939 жылғы 23 тамызда (Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуынан 8 күн бұрын) өзара шабуыл жасаспау жөніндегі Пактіге қол қойылды.

1939 жылы 1 қыркүйекте бұған дейін Франция және Англиямен әскери көмек жөнінде шарт жасасқан Польшаға Германия тұтқиылдан шабуыл жасады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 3 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейінгі аралықта Германияға қарсы Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Канада соғыс жариялады; АҚШ бейтараптығы, Жапония Еуропадағы соғысқа араласпайтындығы жөнінде мәлімдеме жасады.

КСРО мен рейхтің арасындағы одақ қысқа мерзімдік болса да, КСРО-ның саясаты «Антикоминтерндік пактінің» тарапынан болатын агрессияға қолдау көрсетіп, фашистік блоктың Екішні дүниежүзілік соғысты бастауына белгілі бір деңгейде жағдай жасады. Финляндиямен болған қысқа әскери қақтығыс КСРО Қарулы Күштерін ұйымдастырудағы кеткен қателіктер мен әскери техниканың, басшылық құрамды дайындаудың төменгі дәрежеде екендігін көрсетті. 30-жылдардағы армияда да болған жаппай қуғын-сүргіннен соң, әскердегі командирлік лауазымға арнайы даярлығы жоқ адамдар келді.



Басталған дүниежүзілік соғыс пен халықаралық жағдайдың шиеленісуі елдің бүкіл өмірін қайта құруды қажетсінді. Республика экономикасы әскери мүдделерді орындауға көшірілді. Бейбіт мақсатқа бөлінетін қаржы барынша қысқартылды. Өндіріс орындары қорғанысқа қажетті өнімдер шығаруға көшірілді, карточка жүйесі енгізілді. МТС-тар мен совхоздарда саяси бөлімдер құрылды, халық комиссариаттары мен олардың басшыларының сала жұмысы бойынша құқықтары мен жауапкершілігі арттырылды. Басқару органдарының ұйымдастыру құрылымдарына өзгеріс енгізілді. Қазақ КСР ХШК-нің жанында жұмысшы күшін бөлу жөніндегі бюролар, көшіріп әкелінген тұрғындарды шаруашылықтарға орналастыру жөніндегі бөлімдер құрылып, Кеңестердің атқару қызметі күшейді. Қазақстан өнеркәсібі соғыс қарсаңында елдің экономикалық күш-қуатында маңызды рөл атқарды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет