Жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша



бет1/11
Дата12.03.2023
өлшемі194,5 Kb.
#73512
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2023-2025 жылдарға арналған

ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша

жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінім


1. АННОТАЦИЯСЫ


Жоба еліміздің барлық өңірінің айтыс ақындарының шығармашылығын Қазақстандық мәдени дискурста зерттелуін кешенді қарастыруға бағытталған. Жоба тақырыбының негізгі идеясы, өзектілігі ежелден қазақтың дәстүрлі поэзиясы, әншілік-ақындық өнері, сал-серілік мәдениеті қалыптасқан өңірлердегі айтыс ақындары әлемінің жеке авторлық бейнесін қайта құру және сипаттау болып табылады.
Жұмыс барысында ұлттық өнерді дамытушы, Арқаның айтыс мектебін жалғастырушы, айтыстың талай дүлдүл жүйріктері, өнерпаз тұлғалары Баянғали Әлімжанов, Құдайберлі Мырзабеков, Арман Бердалин; Сыр өңірі айтыскерлік мектебінің өкілдері Әбілқайыр Сыздықов, Жібек Шахмарданқызы; Торғай өңірінің дарынды айтыскерлері Қонысбай Әбіл, Әсия Беркенова, Айбек Қалиев, Жадыра Құтжанова; Абай өңірінен Ринат Зайытов, Айнұр Тұрсынбаева; батыстық айтулы ақын Мэлс Қосымбаев; Жамбыл облысынан Мұхамеджан Тазабек; Елордалық ақын Серікжан Қажытай; Оңтүстік өңірден Бекарыс Шойбеков, Әселхан Қалыбекова, Тәушен Әбуова; алматылық белгілі айтыскер Балғынбек Имашев пен қарағандылық Аманжол Әлтаевтың шығармашылықтарын қарастырамыз. (Досымхан Қапбасов)
Зерттеуге негіз болған айтыс ақындарының шығармашылығын, олардың жеке авторлық бейнесін қайта құру және сипаттау арқылы мәдени мұрамызды жаңғыртуға, ұлттың мәдени кодын дамытуға ықпал етеді.
Жобаның мақсаты - Тәуелсіздік кезіндегі айтулы айтыс ақындарының өмір деректерін, ақындық ортасы мен дәстүр жалғастығын анықтау; қазақ поэзиясындағы ақындық шығармашылық тұлғаларына тән қасиеттерін жүйелі және жан-жақты жинақтау, талдау; ақындардың шығармаларын жүйелі поэтикалық тұрғыдан талдау арқылы ақындық, жыршылық даралықтарын, айтыстағы әдіс-тәсіл қолдану шеберліктерін анықтау; өскен орталары, қарсылас ақындарға қатысты деректер толықтырып, шығармаларының жанрлық, тақырыптық ерекшеліктерін сараптау; ақындық мұраларына поэтикалық тұрғыдан талдау жасау жұмыстарын жүргізу көзделді.
Жоба аясында Қазақстандық мәдени дискурстағы Қазақстанның барлық аймақтарындағы айтыс ақындары әлемінің жеке авторлық бейнесін қайта құру және сипаттау алғаш рет жүргізілетін болады.
Тақырыптың ерекшелігі мен жұмыстың мақсатына қарай зерттеу жұмысында әдеби-тарихи даму үрдісіндегі жекеліктен-жалпылықты тануға бағдарлайтын индуктивтік, сипаттамалық және теориялық талдау әдістері басшылыққа алынды. Ақындар поэзиясының генезисі мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеу мәселесі интеграциялық және пәнаралық байланыста қарастырылады. Ең алдымен қарастырылып отырған мәселеге қатысты ақпараттық-библиографиялық, ғылыми факті, салыстыру, жүйелілік, талдау, анализ-синтез әдістері қолданылады.
Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері және кешенді тұжырымдамалық талдау Қазақстандық мәдени дискурстағы еліміздің барлық өңірінің айтыс ақындары әлемінің жеке авторлық бейнесін барынша толық зерттеуге және сипаттауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет