Жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша


Зерттеу әдістері және этикалық сұрақтар



бет5/11
Дата12.03.2023
өлшемі194,5 Kb.
#73512
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тлеубердина Г.Т. проект

4. Зерттеу әдістері және этикалық сұрақтар
Тақырыптың ерекшелігі мен жұмыстың мақсатына қарай зерттеу жұмысында әдеби-тарихи даму үрдісіндегі жекеліктен-жалпылықты тануға бағдарлайтын индуктивтік, сипаттамалық және теориялық талдау әдістері басшылыққа алынды. Ақындық поэзияға тән саралауда салыстырмалы және жүйелі талдау әдістері қолданылды. Ақындар поэзиясының генезисі мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеу мәселесі интеграциялық және пәнаралық байланыста қарастырылады. Ең алдымен қарастырылып отырған мәселеге қатысты ақпараттық-библиографиялық, ғылыми факті, салыстыру, жүйелілік, талдау, анализ-синтез әдістері қолданылады. Сонымен қатар ғылыми жобаны зерттеу барысында жоба тақырыбының өзектілігін айқындау мақсатында айтыс ақындарының ғұмырнамасын зерттеп-зерделеу, поэзиялық мұраларын жинап, оған текстологиялық талдау жасап, көркем мәтіндерді тақырыптық-жанрлық, көркемдік-стилдік ерекшеліктеріне қарай танымдық тұрғыдан концептуалды сұрыптау, салыстырмалы, қорыту, жинақтау әдістері қолданылады.


Этикалық сұрақтар.
Зерттеу ғылыми қызметтің жалпы танылған негізгі этикалық қағидаттарына сәйкес, яғни ғылыми білім мен шындықтың құндылығы, ғылыми жаңалыққа бағдарлану, өзінің ғылыми қызметінің нәтижелерін сыни бағалау және басқа ғалымдардың еңбектерін объективті бағалау, жобаны іске асыру барысында алынған мәліметтерді тек ғылыми мақсаттарда пайдалануға кепілдік беретін құпиялылықты сақтау қағидаттарына сай жүргізілетін болады; ғылыми қауымдастық өкілдері арасындағы қарым-қатынастағы ашықтық пен айқындықты, оның ішінде бірлескен авторлық этика мен дәйексөз этикасы қағидаларын сақтауды; жалпы қоғамға қатысты ізгілік пен қайырымдылық қағидатын білдіретін академиялық және зерттеушілік адалдық қағидаты алға қойылған.
Осы жобаның ұжымы зерттеу деректерін бұрмалауды, плагиатты, жариялау этикасы ережелерін бұзуды немесе зерттеуге қатысқан қызметкерлерге нұсқаулардың болмауын және т.б. болдырмайтын адал ғылыми-зерттеу қызметіне қойылатын талаптарды реттейтін ғылыми тұжырымдаманы қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет