Жылдары Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі


-параграф. Пилоттық халық санағын өткізу



бет4/7
Дата27.02.2023
өлшемі182,5 Kb.
#70284
1   2   3   4   5   6   7
2-параграф. Пилоттық халық санағын өткізу

14. Негізгі санақ әдістерін тексеру, оның құралдарын, санақ бағдарламасы сұрақтарының тұжырымдамасын, мәліметтерді жинауды ұйымдастыру және ұсыну тәртібін, санақ персоналына түсетін жүктемелерді және алдыңғы жалпы халық санағының және алдағы тұрған жалпы халық санағының басқа да әдіснамалық және ұйымдастыру жақтарын тексеру, сондай-ақ ел өңірлерінде санақты өткізуге жауапты алдағы санақтың басшыларын оқыту үшін пилоттық халық санағын өткізу ұсынылады.


Пилоттық халық санағы елдің табиғи-шаруашылық талаптарымен, халықтың құрамы және оның аумақтық орналастыру сипатымен ерекшеленетін елдің бірқатар өңірлерінде өткізу ұсынылады. Санақ өңірлерінің осындай таңдауы елдің әрбір бөлігінде халықты есепке алу ерекшеліктерін нақтылау, бағдарламалардың жобаларын, нұсқаулықтарын және қажетті санақ құжаттамаларын байқаудан өткізуге мүмкіндік береді.
15. Пилоттық халық санағын өткізу мақсаты – санақты өткізудің маңызды кезеңдерінде – тіркеуден бастап деректерді өңдегенге дейін – ықтималды кемшіліктерді және қиындықтарды айқындау және түзету.
Пилоттық халық санағының негізгі міндеттері:
1) негізгі халық санағын Бағдарламасының жобасының және санақ парақтары бланкілерін қағаз жүзінде, сондай-ақ электрондық түрлерінің қолайлылығын тексеру;
2) халық санағын өткізудің оңтайлы күні және мерзімін анықтау;
3) халық туралы мәліметтерді жинауды ұйымдастыру әдістерін өңдеу (сұрау әдісі және өздері толтыру әдісі)
4) санаққа дайындық жүргізу және оны өткізу үшін құжаттардың, оларды толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың қолайлылығын тексеру;
5) үй шаруашылықтарының болмаған мүшелерінің және санаққа қатысудан бас тартатын үй шаруашылықтарының санағының рәсімін өңдеу;
6) халықтан алынған мәліметтердің құпиялылығын сақтау бойынша шараларды қамтамасыз ету;
7) геоақпараттық технологияларды пайдалануды апробациялау;
8) халық санағына дайындық жүргізу және оны өткізу кезінде статистикалық және әкімшілік тіркелімдерді пайдалану мүмкіндігін тексеру;
9) халық санағы кезінде деректерді жинау үшін Интернетті пайдалануға халықтың даярлығын тексеру;
10) уақытша санақ қызметкерлерінің тұрғын үй-жайларға қатынауымен байланысты ұйымдастыру іс-шараларын дайындау;
11) тіркелмеген көшіп-қонушыларды және баспанасыздарды санақпен есепке алу бойынша ұйымдастыру іс-шараларын байқаудан өткізу;
12) халық санағының материалдарын автоматтандырылған түрде өңдеудің технологиялық үдерісін тексеру;
13) уақытша санақ қызметкерлеріне оңтайлы жүктеме нормасын айқындау;
14) үй-жайлармен, көлік құралдарымен, байланыспен және материалдық-техникалық мақсаттағы құралдармен қамтамасыз етудің нормативтерін тексеру;
15) уақытша санақ қызметкерлерін тартудың, олардың еңбегіне ақы төлеудің нысандарын, ақшалай сыйақы төлеуді ұйымдастыру схемалар тексеру;
16) қаржы құралдарын бақылау тетігін әзірлеу мақсатында халық санағына дайындық жүргізу бойынша өкілеттікті орындау бөлігінде билік мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
17) халықтың арнайы контингенті бар аумақтық статистика органдарының құрылымдық бөлімшелерінің мамандарын және министрліктер мен ведомстволардың тиісті орталық аппаратының өкілдерін пилоттық халық санағын өткізу тәртібіне оқыту;
18) санақтың онлайн-сұрақнамасын - интерфейсті тестілеу, сұрақтардың тұжырымы, бақылаудың түрлері;
19) интернет-пікіртерім өткізу кезінде жүйеге түсетін жүктеме деңгейлерін тестілеу.
16. Пилоттық халық санағын екі кезеңде өткізу ұсынылады: 1-кезең – интернет-санақ, 2-кезең – «дәстүрлі» санақ. «Дәстүрлі» деректерді жинақтау әдісімен өткізілген халық санағы берілген уақыт кезінде далалық операцияларға сүйенетін және барлық белгілері бойынша деректерді жинақтаудың бәрін қамтуды немесе негізгі белгілері бойынша деректерді жинақтаудың бәрін қамтуды көздейтін, сондай-ақ таңдаулы белгілері бойынша ішінара негізде (толық формуляр/ қысқартылған формуляр) деректерді жинауды білдіреді.
Сондай-ақ жиналған деректерді тексеру мақсатында халықты бақылау арқылы аралап шығуды өткізу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет