Жылдары Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі


Халықтың ұлттық санағына дайындық және оны өткізу үдерісін әдіснамалық қамтамасыз ету



бет3/7
Дата27.02.2023
өлшемі182,5 Kb.
#70284
1   2   3   4   5   6   7
4. Халықтың ұлттық санағына дайындық және оны өткізу үдерісін әдіснамалық қамтамасыз ету


1-параграф. Халық санағының бағдарламасын әзірлеу

12. Халық санағы бағдарламасы белгілі талаптарды есепке ала отырып, құрастырылған және талдап жинақталған сұрақтар тізімін, тәртібін, жинақтау ретін және сұрақтар жауабын белгілеуді, ақпаратты өңдеу тәртібі мен ұлттық санақ қорытындысын жариялауды қамтиды.


Санаққа дайындықты тиісті деректерде мемлекеттің қажеттіліктеріне және халықаралық ұйымдардың ұсынымдарға жауап беретін бағдарламаны әзірлеуден бастау ұсынылады. Санақтың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында бағдарламаның жобасын деректердің пайдаланушыларымен – мемлекеттік, ғылыми ұйымдармен, кәсіпкерлік топтармен, басқа да мүдделі шетелдік ұйымдармен талқылау ұсынылады.
Халық санағы бағдарламасы: Санақтың басқа да зерттеулермен байланысымен негізделген мекенжай бөлігін, санақ бағдарламасының өзін және белгілерін қамтиды.
Санақ бағдарламасын халықты зерделеудің әр түрлі аспектілеріне сәйкес келетін бірнеше топқа бөлу ұсынылады:

  1. халықтың сол немесе басқа санаттарын есепке алуды қарастыратын сұрақтар;

  2. демографиялық сипаттамалары - жынысы, жасы, неке жағдайы;

  3. әлеуметтік-экономикалық сипаттары – халықтың әлеуметтік топтары, кәсібі, күнкөрістің қаражат көзі, жұмыс орны;

  4. білімі және сауаттылығы;

5) этникалық сипаттары – (ұлты, ана тілі, діни нанымы туралы сұрақтар). Халық санағын өткізу кезінде үй шаруашылықтарының тұрғын үй жайлары туралы мәліметтерде бір уақытта жиналады.
Алдыңғы халық санағының қорытындыларымен салыстыру үшін санақ бағдарламасында қажетті сабақтастықты сақтау ұсынылады, осы басты бағыттардың үйлесімділігі, алдағы тұрған санақты өткізуді ұйымдастырудың негізіне жатады.
Халық санағының бағдарламасын әзірлеу және жекелеген сұрақтарды іріктеу кезінде:
1) қанағаттандыру үшін ақпараттың әр түрлі пайдаланушыларының қажеттіліктерін есепке ала отырып, санақ деректері қажетті мемлекеттің қажеттіліктерін;
2) деректерді халықаралық салыстырудың ең жоғары дәрежесін қамтамасыз етуді;
3) елдің аумағында өткізілген алдыңғы халық санағының деректерімен салыстырудың ең жоғары дәрежесін қамтамасыз етуді;
4) жауап беретін адамдардың өздеріне қойылған сұрақтарға тиісті ақпаратты берудің ықтимал даярлығын және қабілеттілігін;
5) неғұрлым анық ақпаратты алу үшін сұрақтарды түсінуінің мағыналылығын;
6) тікелей байқау жолымен ақпаратты жинау үшін санақшылардың техникалық біліктілігін;
7) деректерді өңдеу және жариялау үшін және халықты есепке алу үшін қажет мемлекеттегі бар ресурстарды (қаржылық, техникалық, кадрлық) назарға алу ұсынылады.
13. Халық санағын өткізу үшін санақтың әдіснамалық материалдарын және құралдарын әзірлеу ұсынылады, соның ішінде бірқатар санақ парақтары көзделеді:
2П санақ парағы (тұрғындар тізімі) үй шаруашылығының орналасқан жері туралы ақпаратты және осы мекенжайда тұратын үй шаруашылығы мүшелерінің тегі, аты мен әкесінің аты туралы деректерді қамтиды.
2Ж санақ парағы (тұрғын үй жағдайлары) тұрғын үйдің типі, оның салынған жылы, қолайлықтың болуы, сыртқы қабырғаларының материалы, тұрғын үй иелігінің түрі, тұрғын бөлмелер саны және алып отырған аудан көлемі туралы ақпарат қамтылады.
3С санақ парағы демографиялық (жынысы, жасы, некеде болуы, балалар саны), географиялық (туған жері, азаматтығы), экономикалық (жұмыс орны, күнкөрістің қаражат көздері, алынған табысының алу кезеңділігі және көлемі, жұмыс саласы), білім (сауаттылық, соның ішінде компьютерлік, білім деңгейі, ғылыми дәреженің болуы), этномәдени (ұлты, діні, ана тілі, басқа тілдерді меңгеруі), көші-қондық (негізгі жұмысының орналасқан жері, алдыңғы тұрған жері) сипаттамалар, сонымен қатар мүгедектік мәртебесі (бар болған жағдайда) қамтылады.
4И Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып жатқан адамдарға арналған санақ парағы уақытша тұрып жатқан адамның тұрғын үйінің мекенжайы, тегі, аты, әкесінің аты, жынысы туралы мәліметтер, туған елі және тұрақты тұратын елі, азаматтығы, ұлты, келу мақсаты және уақыты туралы мәліметтер қамтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет