Жылдары Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі


-параграф. Халық санағын өткізу барысында инновациялық тәсілдерін қолдану



бет6/7
Дата27.02.2023
өлшемі182,5 Kb.
#70284
1   2   3   4   5   6   7
2-параграф. Халық санағын өткізу барысында инновациялық тәсілдерін қолдану

19. Халық санағына дайындық жүргізу және өткізу үдерісінде санақты өткізудің тиімділігін арттыру мақсатында келесі инновациялық тәсілдерді қолдану ұсынылады:


1) Интернет жүйесін қолдану;
2) тасымалданатын құрылғыларды қолдану;
3) геоақпараттық технологияларды қолдану.
Бұл тәсілдерді қолдану кезінде, мемлекет едәуір артықшылыққа қол жеткізеді: халық санағына дайындық жүргізу және өткізуде материалдық, еңбек және қаржылық шығындар қысқарады.
Халық санағын ұйымдастыру және өткізу үшін интернет ұсынатын жаңа мүмкіндіктерді талдау және жинақтау, келесі позитивті сәттерді бөліп көрсетуге негіз береді:
интернетке шығу мүмкіндігі бар болған жағдайда, респонденттердің тұрған жеріне, көлікке қолжетімділігіне және басқа факторларға қарамастан, колжетімділік қамтамасыз етіледі;
халық санағына қатысатын тұрғындардың санақшылармен дене байланысын жою есебінен қауіпсіздік деңгейі жоғарылайды;
халық санағы барысында санақшылардың респонденттермен дене байланысын жою есебінен қауіпсіздік деңгейі жоғарылайды;
электронды түрде түсетін халық санағы нәтижесін жинау, өңдеу және жариялау мерзімдері едәуір қысқарады.
20. Халық санағын өткізу барысында тасымалданатын құрылғыларды қолдану халық санағы барысында деректерді жинаудың кейбір аспектілері үшін шығындар тиімділігінің шешімі болып табылады. Мұндай құрылғыларды қолданудың ықтимал түрлері оларды қағаз карталармен, тіркелімдермен және санақшылар үшін мекенжайлардың тізімдерімен ауыстыруды, сондай-ақ оларды халыққа пікіртерім жүргізу барысында деректерді енгізу құралы ретінде қолдануды қамтиды. Олар санақ барысында деректерді жинаудың әртүрлі тәсілдері шеңберінде қолдана отырып, формулярларды таратудан/қайтарудан бастап, санақ парақтарынан деректерді жинаумен аяқтайды.
Тасымалданатын құрылғыларды қолдана отырып және интернет желісі арқылы деректерді жинау барысында автоматты түрде деректерді енгізу және республикалық деңгейде өңдеу көзделеді.
21. Ұсынылатын геоақпараттық жүйелердің технологияларын енгізу халық санағы деректерінің анықтығын және оның толықтығын қамтуды арттыруға, қаржылық және уақытша шығынды қысқартуға, санақ нәтижелерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы геоақпараттық жүйе саласындағы мамандар әзірлеген бар ішкі жүйелер, қосымшалар мен бағдарламалық қамтамасыз етулер келесі функцияларды:

  1. электрондық картада бірнеше ақпараттық жүйе қабаттарын бейнелеуді;

  2. карталар бойынша навигациялауды жүзеге асыруға;

  3. кескіндік қабаттарды қамтитын иерархиялық құрылым түріндегі карта құрамындағыны бейнелеуге;

  4. объектілер бойынша деректерді қарастыруға: картадан керекті кескіндік объектіні іздеуге, картадан табылған кескіндік объектіні бөліп көрсетуге; кескіндік объекті бойынша атрибутивтік деректерді қарауға;

  5. кескіндік қабаттармен жұмыс: кескіндік қабаттарды қосуға және алуға, картада белгілі кескіндік қабат сипатын қарауға, картада кескіндік қабаттар стилін қарауға;

  6. ақпаратты басып шығаруға: картаның қазіргі кескіндемесін басып шығаруға, жиынтық есептерді генерациялауды (есеп шаблонын таңдауға, шаблонды күйге келтіруді жүзеге асыруға, шаблон бойынша ақпаратты автоматты түрде генерациялауға, есепті алдын ала қарауға, баспа форматын күйге келтіруге) орындауға мүмкіндік береді.

Геоақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу келесі іс-шаралар кешенін қамтиды:
ағымдағы және перспективалы міндеттерді зерттеу;
бар үдерістерді талдау;
картографиялық материалдарды дайындау;
деректер қорларымен жұмысты жүргізу;
заманауи бағдарламалық компьютерлік қамтамасыз ету орнату;
персоналды оқыту.
Заманауи интернет желісінің технологияларын геоақпараттық технологиялармен және тасымалданатын құрылғылармен бірге кешенді қолдану санақтың өзінің сапасымен қатар ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет