Жылдық, ақаулы және жарамсыз деп бөледі. Жылдық өнім


Сапа пирамидасы. Сапа аймағындағы жетістік пирамидасы



бет3/9
Дата25.04.2023
өлшемі52,94 Kb.
#86895
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
15 лек

Сапа пирамидасы. Сапа аймағындағы жетістік пирамидасы



САПА

Фирама сапасы
Басқару жүйесінің сапасы
Ұйым сапасы
Фирманың жабдықталу сапасы
Персонал сапасы
Басқарушылар сапасы

Жұмыс сапасы
Материал сапасы
Жабдықтар сапасы
Процесс сапасы
Жұмысшылар сапасы
Жұмыс жағдайының сапасы

Өнім сапасы
Үлгіні жасау сапасы
Қызмет сапасы

Пирамида негізінде өнім сапасы бар. Оған кәсіпорынның барлық әрекеті негізделеді. Жұмыс сапасына қабылданған басқару шешімдерінің, жоспарлау жүйесі, өнімді шығару, сапаны басқару және ақаудың өз уақытында пайда болуының дәлелдігі кіреді. Өнім сапасы жұмыс сапасын құраушы және салдары болып табылады.


Жұмыс сапасы сонымен бірге фирманы функционирлеуді қамтамасыз етуінен байланысты. Бұл басқару сапасы (жоспарлау, талдау, бақылау). Жоспарлау сапасына (стратегияны жасау, саясатты, мәселені, жоспарлау жүйесін құрастыру т.б.) сапа аймағында қойылған мақсаттарға жету тәуелді.
Пирамида үстінде ТQМ "Total Quality Managment" - сапаның тотальды (жалпы) менеджменті бар, ол тек сапамен басқаруды емес, сонымен бірге сапаны қамтамасыз етуді игереді, яғни басқару шешімін, жоспарлау жүйесінің дәлелін, талап етілетін еңбек жағдайын, өндірістің жоғары ұйымдастырылған – техникалық деңгейін қамтамасыз етеді.
Бұйым сапасын жобалау кезінде орнатады және өндіріс кезінде қамтамасыз етіледі. Өндіріс процесінде сапаны қамтамасыз ету алдыңғы қатарлы технологияларды қолданумен, технологияның тәртіпті сақтаумен, ырғақтылықпен және өндіріс мәдениетінің қажетті деңгейімен қамтамасыз етумен, шикізатқа, материалға, жартылай фабрикаттарға нормативті құжаттардың және стандарттардың сәйкес келуін бақылауды ұйымдастырумен, сондай-ақ оның барлық сатысында технологиялық процесті бақылауды ұйымдастырумен жүзеге асады. Бақылау өнім сапасын қамтамасыз етудің ажырымас бөлігі болып табылады. Сапаны бақылау деп – талаппен орнатылған, өнім сапасы тәуелді болатын, процестің немесе өнім қасиеттерін сандық немесе сапалық сипаттамаларын сай келуін тексеруді айтамыз.
Сапаны бақылауды ұйымдастыру – нормативті – техникалық құжатқа толықтай сәйкес келетін, өнім өндірісін қамтамасыз етуге бағытталған, техникалы және административті іс – шаралар жүйесі.
Бақылау маңыздылығы бақылау объектісінің жағдайы, оның көрсеткіштерінің көрсеткіштері және себептері туралы ақпаратты алу және алынған нәтижелерді өнімді жіберуге келісім – шарттарда, нормативті құжаттарда, жобалы-конструкторлы құжаттарда табылған, орнатылған талаптармен салыстыру болып табылады.
Бақылау объектілері өнім немесе оны құру, сақтау, тасымалдау, жөндеу кезіндегі процесс және техникалық құжат болуы мүмкін.
Бақылауды жүргізу кезінде бақылау объектісін, бақылау әдісін (бақылауды жүргізу технологиясын, бақыланған көрсеткіштерді, бақылау дәлдігін) бақылауды орындау шараларды және бақылауды жүргізуге нормативтік құжаттарды анықтау маңызды.
Сапа бақылауына қойылатын талаптар орнатады:
- сынақ түрлері
- сынақтың периодтылығы
- таңдаулы бақылауды қолдану кезінде сынаққа арналған таңдамалар және үлгілерді жасау ережесі
- бақылауды өткізу тәртібі
- нормативті құжаттар талабына өнім сапасының сәйкес келуін талдайтын критерилер және бақылау процесінің параметрлері
- бақылау-өлшегіш аппаратурасына, приборларға және қажетті дәлдікте көрсететін құралдарға қойылатын, сондай-ақ сынақ стендтерінде және қондырғыларына талап
- бақылау нәтижелері өңдеу әдістері
- бақылау нәтижелерінің хаттама формасы.
Бақылаудың жеке түрлерін қолдану жағдайын қарастырайық.
Өнімнің жайланған кеңдігі бойынша бақылаудың тұтас және іріктелген екі түрі бар.
Тұтас бақылау кезінде бақыланатын партиядағы барлық бұйымдар қатысады, іріктелгенде – іріктеме деп аталатын бұйым бөлігі ғана қатысады.
Тұтас бақылау, ережеге сай мына кезде қолданылады:
- жаңа өнімді игеру кезінде, егер технологиялық операцияның орындалу сапасы келесі сатылардан тексеру мүмкін емес болса
- шығарылатын өнім сапасына қойылатын жоғары талап кезінде
- бақылау объектілерінің саны тұтынушы және дайындаушы тәуекелімен бекітілген үлгілерді алуға жеткіліксіз болса.
Іріктелген бақылау тұтас бақылаудың алдында экономикалық құндылықтары бар. Көп жағдайлар қатарында тұтас бақылау мүлдем қолданылмайды. Осылайша, сенімділік және ұзақтылық бақылауы бұзушы өнімді одан әрі қолдануға жарамсыз етеді және сондықтан мұндай бақылау қажеттілігі бойынша іріктелген болуы керек.
Іріктелген бақылау реттеу және бақылаудың статистикалық әдістеріне негізделген және қолданылады:
- массалы және ірі сериялы өндірісте, өнім бірлігінің саны дайындаушы және тұтынушы тәуелдіктерімен орнатылған үлгіні немесе іріктемені алуға жеткілікті болғанда;
- автоматты және жартылай автоматты және ағымды желілерден қолданатын, операцияларда, бақыланатын өнім бірлігі жекелеп бұзылады немесе өзінің қасиетін жоғалтатын жағдайда;
- бақылаудың еңбек сиымдылығы үлкен кезде.
Өнімнің бақылауға түсу сипаты бойынша бақылаудың келесі түрлері бар:
Үздіксіз бақылау – бақыланатын параметрлер туралы ақпарат үздіксіз түскенде болады.
Үздіксіз бақылау сандық және сапалық сипаттамаларды тұрақты қамтамасыз етуді қажет ететін, тұрақсыздық кезінде технологиялық процестерді тексереді. Ережеге сай, бақылаудың автоматты құралдарымен жүзеге асады.
Периодтық бақылау – бақыланатын параметрлер туралы ақпарат, орнатылған уақыт интервалы арқылы түсетін бақылау. Өнім бірлігінің және технологиялық процестердің периодтылығы бақылауды тұрақты технологиялық процесте және бекітілген өндірісте жүргізеді.
Ұшу (летучий) бақылау уақыттың кездейсоқ сәтінде фирмалы стандарттарда бекітілген жағдайда жүргізіледі. Ол технологиялық тәртіпті, бақылау рперациясының дұрыс жүргізілгендігін тексеруге арналған, Ұшу бақылауының тиімділігі кездейсоқтығымен шартталады, қамтамасыз ету ережесі арнайы жасалуы тиіс. Ұшу бақылауы, ережеге сай, өнімді дайындау, жөндеу, сақтау орнында тікелей жүзеге асуы керек.
Кіріс бақылауы – тұтынушыға түсетін жеткізушінің өнімін бақылау. Кәсіпорын – тұтынушыда дайындау, жөндеу, пайдалану кезінде өнімді бақылауға арналған. Бақылаудың бұл түріне шикізат, материалдар, жартылый фабрикаттар, жеткізушінің дайын өнімі, техникалық құжат және тағы басқа жатады. Кіріс бақылауы міндетті емес, бірақ кейбір жағдайда өте пайдалы және өте қажет. Мысалы: өнім сапасының көрсеткіштерін сақтау және тасымалдау процесінде өзгеруі мүмкін.
Дайын өнім сапасы бастапқы шикізат және материалдар сапасына тәуелді болатын өндіріске кіріс бақылауы қажетті.
Операциялық бақылау – белгілі бір операцияның орындалудан кейін немесе орындалу уақытында, процесті немесе өнімді бақылау.
Мұндай бақылау үздіксіз болуы керек және өнім сапасын анықтайтын, барлық технологиялық операцияларды игеру қажет.
Бақылау технологиялық операциялар көрсетілген алдын ала жасалған сұлбамен жүзеге асырылады. Операциялы бақылау өнімді өндірістің келесі учаскісіне беру кезінде жауапты немесе соңғы операцияларда ақаулы бұйымдарға немесе ақауы көп пайда болатын, технологиялық процестер үшін міндетті. Мысалы: өндіріс жағдайындағы бұл мәселені технологиялық процесті реттеудің статистикалық әдістер базасында шешеді.
Қабылдау бақылау – комплексті тексеру жүзгег асатын, ал реттеудің қажеттілігінде дайын бұйымды қарастыратын, өндіріс сатысын бақылаудың соңғы сатысын. Осылайша, қабылдау бақылауы – нәтижесі бойынша жеткізуге және қолдануға жарамдылығы туралы шешім қабылдайтын, өнімді бақылау.
Бақылау объектісіне әсер ету бойынша бұзылатын және бұзылмайтын бақылау болады.
Өнімді құру және жүзеге асыру сатысы бойынша бақылаудың екі түрі бар - өндірістік және пайдаланылатын. Өндірістік бақылау, ережеге сай, барлық көмекші, дайындаушы және технологиялық операцияларды игеруі.
Пайдалану бақылаудың объектілері пайдаланылатын бұйымдар және пайдалану процесі болуы мүмкін.
Бақылаудың негізгі мәселелердің бірі – бұл сапас көрсеткіштерінің анықталуы.
Сапа көрсеткіштерін анықтау – құралды немесе сынақ әдісімен шешілітін қарапайым өлшеу есебі. Түрлеріне тіркелмелі, органолептикалық және әлеуметтік әдістерді жатқызуға болады.
Құралды әдіс өлшеудің техникалық құралын қолдануға негізделінеді.
Бұл әдіспен мысалы, бұйым массасы және өлшемі, ток күші, автокөлік жылдамдығы және т.б. анықтайды. Ол барлық салаларды әсіресе өнеркәсіптен неғұрлым кең таралған. Өлшеуді автоматтандыру мүмкіндігі, жоғары дәлдік, объективтілік күшімен бұл әдіс артық көрінеді және әрқашанда қолдану керек.
Сапа көрсеткіштерін өлшеудің сынақ әдісін, өлшеудің техникалық құралдарын қолдану мүмкін емес немесе экономикалық ақталмаған жағдайда қолдану керек.
Тіркеу әдісі процестердің немесе өнімдердің бақыланатын параметрлерін тіркеу болып табылады.
Органолептикалық әдісте алғашқы өлшегіш түрлендіргіштері ретінде көру, дыбыс, есту, дәм сезу мүшелерін қолданады. Сапа көрсеткіштерінің мәні тәжірибе негізінде алынған сезімдерді талдау жолымен жүргізіледі. Сондықтан бұл мәндердің дәлдігі және сенімділігі оларды анықтайтын тұлғалардың дағдыларына және қабілеттеріне, класификациясына тәуелді. Бұл әдісті медицинада, тағамда, парфюмералы өнеркәсіпте кең қолданылады.
Сапа көрсеткіштерін өлшеудің әлеуметтік әдісі халықты массалы сұраудан немесе әлеуметтік топтардан құралады және олардың мүшелері сарапшылар рөлінде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет