Жылдық, ақаулы және жарамсыз деп бөледі. Жылдық өнім


Дайын өнім сапасын бақылау



бет6/9
Дата25.04.2023
өлшемі52,94 Kb.
#86895
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
15 лек

Дайын өнім сапасын бақылау.
Құжаттарда қойылған талаптар өндірістік процестерде бақыланады. Сапаны бақылау және өнімді қабылдау үшін өнім стандарттарында қарастырылған бақылау сынауларының мынадай категориялары қолданылады.
1. Қабылдау – тапсыру
2. Мезгіл – мезгіл
3. Типтік
4. Сертификациялық
1. Қабылдау – тапсыру сынаулары сынаулардың осы категориясы үшін қойылған өнімнің техникалық шарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізіледі. Сынаулардың оң нәтижелері алынған кезде техникалық бақылау бөлімі өнімді қабылдайды. Оларды белгілейді және де егер ұйым стандарты қарастырылған болса, өнім мен оның қораптарына және жалдама құжаттарына мөр және сәйкес таңбалар басылады. Қабылданған өнімдер тиеліп, жөнелтіледі немесе жауапты сақтауға өткізіледі.
2. Мезгіл – мезгіл сынаулар мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
- өнім сапасын терең бақылауда;
- бұдан бұрынғы және кезектегі мезгіл – мезгіл сынаулар аралығында технологиялық процестерді тұрақтандыруды бақылауда;
- өнімдерді қазіргі таңда күші бар конструкторлық және технологиялық құжаттар ұйым стандарты бойынша жасап дайындауды жалғастыру және оларды қабылдау мүмкіншіліктерін растауда.
Сынаулардың өнімді өндіру уақыты бойынша (ай, тоқсан, жарты жылдық және т.б) немесе жасалған бұйымдар саны немесе партиясы бойынша ұйым стандарты немесе жеткізіп беру келісім – шарттарында белгіленеді.
3. Типтік сынаулар, өнімнің (бұйымның) сапа көрсеткішіне әсер етуі мүмкін, егер оның конструкциясында немесе жасау технологиясында өзгерістер енгізуді ұсынудың мақсаттылығын бағалау мақсатында жүргізіледі. Сынауды бұйымдардың конструкциясында өзгерістер енгізілетін даналарында жүргізіледі.
4. Өнімнің (бұйымның), адамдардың өмірінің, денсаулығының немесе мүліктерінің қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік стандарттар талаптарының сәйкестігін анықтау үшін, сонымен қатар адамның өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін міндетті болып табылатын сертификациялық сынаулар жүргізіледі (қабылданған өнімдер үшін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет