Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата12.02.2017
өлшемі12,25 Mb.
#3967
1   2   3   4   5   6

 

 

 

Марат ӘБДІХАЛЫҚ,

 

 

 

 

 

журналист

ЌАЙЫЅНЫЅ КҐЗЖАСЫ



  Патриоттық тәрбие хақында

Патриоттық тәрбие хақында

       


Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтар-

дың  бірі  –  уақыт.  Бүгінгі  күні  дамыған  өркениетті  ел-

дерге  бара  қалсаңыз,  кез-келген  адамның  осы  уақыт 

мәселесіне  келгенде  тым  сараң  екенін  байқайсыз. 

Өйткені, олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен 

қағылатындықтарын  жақсы  біледі.  Тіпті,  метролары 

мен көлік аялдамаларында тұрсаңыз, жүру мезгілдерінің 

«16.03»;  «12.01»;  «17.08»  секілді  әрбір  минутқа  дейін 

есептеулі  екендіктерін  байқап,  таңғаласыз.  Көліктері 

де сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, 

я  бір  минут  озбайды.  Біздегі  сағат  сұрағанда  «Жетіден 

он  минут  кетті»  десең,  «Е,  жеті  жарым  деші»  дей  сала-

тын уақытқа деген тым ысырапшыл түсінік оларда жоқ. 

Бір  жолы  азиялық  бір  қызметкер  батыс  компаниясына 

жұмысқа  тұрып,  небәрі  екі-ақ  минутқа  кешігіп  келге-

ні  үшін  кәдімгідей  сөгіс  естіген  екен.  Батысқа  барып 

олардың  әрбір  минутпен  санаса  отырып,  жұмыстарын 

реттейтіндігіне таңғалған азиялық мұсылман жігітке бір-

де  сол  жақтың  бір  адамы:  «Оның  несіне  таңырқайсың? 

Бұл  өздеріңде  бар  құндылық  емес  пе?  Сендер  мину-

тына  дейін  санап  күнделікті  бес  уақыт  намаздарыңды 

оқисыңдар, ауыз бекітіп, ауыз ашар кездеріңде де уақыт 

бір минутқа кірмесе, соны күтесіңдер ғой, бар болғаны, 

осы біз бұған енді қол жеткіздік» деп ой салған екен. Ра-

сында да, уақыттың қадірін кезінде мұсылман ғалымдары 

жақсы білген. Мәселен, өте қызықты мынандай деректер 

бар: қырық бес жасында қайтыс болған ислам ғұламасы 

Нәуауидің  артқа  тастап  кеткен  еңбектерін  есептесеңіз, 

45 жылға қайта сыйғыза алмайсыз. Өйткені, ол уақытын 

қалай  үнемдеуді  жақсы  білген.  Ғылым-білім  алуға, 

құлшылықтарын атқаруға уақыт жеткізу үшін ол кісі тек 

қана  сәске  уақыттарында  ғана  бір-ақ  рет  тамақтанған 

екен.  Әш-шейх  Фахраддин  «Аллаһқа  ант  етейін,  тамақ 

жеген  уақыттарымда  ғылыммен  айналыса  алмағаныма 

қатты өкінем. Өйткені уақыт қашан да қымбат қой» деген. 

Әл-имам Әбул уәфа Али ибну Ақил былай деген: «Мен 

тамақ  уақыттарын  қысқарту  үшін  барынша  қолымнан 

келгенді жасаймын. Тіпті, көп шайналатын тамақтан гөрі 

тез жұтылатынын таңдаймын. Неге десеңіз шайнауға да 

уақыт кетіп қалады. Содан барып жазуға, оқуға көп уақыт 

таба алам». 

Имам  Малик  болса  көбірек  ғылым-біліммен  айна-

лысу үшін уақытын өте тиімді пайдаланған. Ибни Ақил 

ешқандай бос уақыт жібермейтін. Тыныққан уақыттарын 

ол  былай  деп  суреттейді:  «Қолым  қалт  етіп  демалған 

кездерімде мен аяқты созып құры жатқаннан гөрі терең 

ойға беріліп, ойша шешілетін біраз мәселелерді шешумен 

айналысам. Жазатындай бірдеңе есіме түсе қалса, дереу 

тұрам  да  жазам.  Сексен  жасымда  ғылымға  деген  менің 

ынтам  жиырма  жасымдағы  кезіме  қарағанда  әлдеқайда 

жоғары  болатын»...  Айтқанындай,  осыншалықты 

ынтасының арқасында Ибни Ақил ғылымның 20 шақты 

әр  түрлі  саласында  өте  құнды  еңбектер  қалдырған. 

Көп  кітап  оқуға  құштар  Жахыз  кітап  сатып  ала  беретін 

ақшасы болмағандықтан кітапханаларды түні бойы жалға 

алып, кітап оқумен айналысатын болған. Андалусиялық 

ғалым Ибну Рушд үнемі кітап оқудан бас алмайтын. Кітап 

оқымай өткізген өмірінде екі-ақ түні болған екен: біреуі 

- үйленген түні, екіншісі - әкесі қайтыс болған түн.

Медицина саласында өте мықты еңбектер қалдырған, 

қан айналымын тұғыш рет ойлап тапқан ғалым Ибну-Нәфс 

жазу кезінде қолындағы қаламның сиясы бітіп қалғанда, 

оны  ашып  уақыт  шығындамау  үшін  қасына  бірнеше 

қалам  қойып,  солардың  кез-келгенімен  жалғастыра  бер-

ген. Ибнул-Жаузи: «Адамға жарасатын нәрсе - уақыттың 

қадірін  біліп,  оның  әр  сәтін  ұтымды  пайдалана  білу. 

Мен  адамдардың  уақыттарын  сұмдық  өлтіретіндіктерін 

байқадым.  Ондай  адамдарды  батып  бара  жатқан  кеме-

де  алаңсыз  әңгіме-дүкен  құрып  отырған  жолаушыларға 

ұқсатам» деген. Оның өміріне көз жібергенімізде, расында 

да, оның уақытты өте үнемді пайдаланғанын байқаймыз. 

Ғылым-білім, жазу, пәтуамен өткізген өмірінің бір сәтін 

де бекерге өткізбеген. Ғылымның қай саласында да еңбек 

жазып  қалдырған.  Кейбіреуі  20  томға  жететін  340-тан 

астам еңбек қалдырған. Күн сайын төрт қалың дәптерлік 

жазу  жазған.  Бір  жылда  жазғаны  50-60  томға  жеткенін 

байқаймыз. Ибнул-Жаузидің кітап жазу кезінде ұштаған 

қалам  жаңқалары  ол  қайтыс  болғанда  мәйітін  жуатын 

суды ысытуға жеткен екен. Байқасақ, «Адам баласы екі 

нәрсенің  қадірін  білмейді:  бос  уақыт  және  денсаулық» 

деп  хадисте  ескертілген  әрі  кезінде  ислам  ғұламалары 

осыншалықты  көңіл  бөлген  уақыт  мәселесіне  біз  бүгін 

өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені, бүгінгі күні 

уақытты текке өлтіретін жағдайлар көп. Соның бірі теле-



дидар  деуге  болады.  Жасыратыны  жоқ,  бүгінгі  күні 

көк  сандығы  жоқ  үйді  елестету  қиын.  Алайда  осы 

теледидардың  уақыттың  нағыз  жауы  екеніне  екінің 

бірі көңіл бөле бермейді. Орташа есеппен күніге 3 сағат 

теледидар  тамашалайтын  адамның  жылдық  осыған 

жұмсалатын уақыты 1095 сағатты құрайды екен. Бұл 

дегеніңіз  күндіз-түні  45  күн  теледидар  көрдіңіз  деген 

сөз.  Яғни,  тоқтамай  көрген  45  түн  мен  45  күнге  тең. 

Есіл  уақыт!  Ал  теледидарға  босқа  кеткен  осы  1095 

сағат  ішінде  қандай  істер  бітіруге  болады,  соны  бір 

көрейік. Бұл уақыт оқушының бір жылғы орташа оқу 

жылынан да артық. Яғни, 1 жыл оқымай қалдыңыз 

деген  сөз.  1095  сағат  ішінде  шет  тілін  өте  жақсы 

меңгеруге болады. Ал кітап оқығыңыз келсе, өте баяу 

оқитын адамның өзі осыншама уақытта 25 мың беттік 

кітапты оқып тауысады екен. Ал әрбір әрпі сауапқа 

батыратын Құран Кәрімді оқимын десеңіз, 1095 сағат 

ішінде  сіз  оны  10  рет  хатым  (бастан-аяқ  оқу)  жасай-

ды екенсіз. Бұны осылай көбейте беруге болады. Міне, 

қажеттен тыс теледидар көрудің адамды қаншама игі-

лікті істерден құр қалдыратынын осыдан-ақ байқауға 

болады. 

Уақыттың тағы бір жауы ол – ұйқы. «Ұйқы - өлімнің 

бауыры» деген Пайғамбарымыздың хадисін әрі «Көп біл-

мек болсаң, аз ұйықта», «Түнгі ұйқысын түгел ұйықтаған 

адам мақсатына жете алмайды» деген халық даналығының 

астарын  түнгі  уақыттарын  шығармашылыққа  арнаған, 

ұйқымен өткен уақыттарын өлдіге балап, өкініш білдір-

ген  Мұқағали  ағамыздың  мына  бір  ғибратты  өлеңінен 

аңғарғандаймыз:

Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған, 

(Ұйықтасын сапарларын тәмамдаған). 

Алдымда сапар жолы тарам-тарам

Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам. 

Түн маған ұйықтау үшін берілмеген, 

Ұйқы тең шала-жансар өлімменен.   

Қанша менің өлді екен уақытым, 

Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?!

Рас, уақыттың бұдан да басқа жаулары өте көп. Көп 

қыдыру да солардың қатарында. Біле білгенге уақыт – ол 

мүмкіндік.  Адам  мүмкіндікті  дер  шағында  пайдаланып 

қалмаса,  «қолын  мезгілінен  кеш  сермесі»  анық.  «Уақыт 

адамзатпен  санаспайды,  ал  уақытпен  санасқан  адаспай-

ды»  деп  түйген  халық  нақылын  мына  бір  дәмді  ой  да 

аша түскендей: Бір жылдың қадірін білем десең, сынып-

та қалған оқушыдан сұра. Бір айдың қадірін білем десең, 

нәрестесін  сегіз  айлығында  босанған  келіншектен  сұра. 

Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын 

редактордан сұра. Бір сағаттың қадірін білем десең, бір-бі-

рін асыға күткен ғашықтардан сұра. Бір минуттың қадірін 

білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра. 

Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын 

алуға үлгермеген жүргізушіден сұра. Бір мини секундтың 

қадірін білем десең, әлемдік жарыста күміс жүлде алған 

желаяқ жүгірушіден сұра! 

Иә, үлкен жетістіктерге жеткен ұлы кісілердің барлығы 

да уақыттың қадірін біліп, оны өте тиімді пайдалана біл-

ген.  Бірде  «Мені  жарты  сағаттан  кейін  оятыңызшы» 

деп  көз  ілмек  болған  Эйнштейнді  қызметшісі  біраз 

тынықсыншы  деп  бір  сағаттан  кейін  барып  оятса  ке-

рек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты 

сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп: «Ал 

жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» деп кейісе керек. 

«Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға бола-

ды, ал ұрланған уақыттың орнын еш толтыра алмайсың» 

деген Гете де уақыт мәселесіне бей-жай қарамаған. Абай 

атамыз да өз өлеңінде уақыттың қайта айналып келмей-

тіндігін, шық-шық еткен сағаттың уақыттың ұрысы еке-

нін тамаша бейнелеген:  

Сағаттың шықылдағы емес ермек

Үнемі өмір өтпек - ол білдірмек. 

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Сағаттың өзі ұры шықылдаған, 

Өмірді білдірмеген күнде ұрлаған. 

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді кетті, 

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман. 

Иә,  адам  баласы  «қайта  айналып  бұрылмайтын, 

бұлдыр» уақытты әрдайым тиімді пайдалануы керек. Осы 

себепті болар еңбекқор қытайлар да уақыт мәселесіне кел-

генде «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» 

деп  безектейді  екен.  Осы  орайда  «Рахат  –  рахатты  тәрк 

етуде»  деген  шығыстық  аталы  сөздің  мәніне  тоқтала 

кеткен  де  орынды.  Ол  қазақтың  «Жас  кезімде  бейнет 

бер,  қартайғанда  зейнет  бер»  дегенімен  үндес.  Барлық 

уақытша  қызықты  қоя  тұрып,  дер  кезінде  қимылдаған 

адам кейін соның жемісін жемек. 



Бақ БЕР

  Ойтолғам

             

УАЌЫТТЫЅ ЌАДІРІН БІЛГЕНГЕ НЕ ЖЕТСІН!


...кґк ґрім бўтаќ кґгеріп, ґз жемісін берер сəт келер... 

...кґк ґрім бўтаќ кґгеріп, ґз жемісін берер сəт келер... 

9

Алпысыншы 

жылдары 

студент 

болған 

ағаларымыз  бен  апаларымыздың  өнерге  құштар 

болғанын  Шәмші  әндерін  сүйіп,  Әуезовтің  лекция-

сынан қалмай, театр мен концерт репертуарларын 

түгел білгенін үлгі ретінде түсінеміз. Сол кісілердің 

жалғасындай  біздер  де  70-80  жылғы  студенттер 

өнерге  құштар  болдық.  Соның  дәлелі  ретінде  сту-

дент кездегі күнделігімнің бетінен үзінділер ұсынғым 

келді. 

Бәлкім, кітап оқымайтын, театрға бармайтын, 

кино көрмейтін, тілін құрметтемейтін, халқының 

салт-дәстүр,  бай  мәдени  мұрасынан  мақұрұм 

компьютербас  жастарға  нарық  заманы  билеген 

уақытта  барлық  мәселе  ақшаға  тірелмейтінін 

түсінуге жәрдемдесер деген ойдамын.

Мылтықбай ЕРІМБЕТОВ, 

Жазушылар одағының мүшесі.

  

ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕР КЕҢЕСІ



27-28-29 қараша, 1973 жыл.

...  Таңертең  Жазушылар  Одағының  конференц  за-

лында  Қазақстан  жас  ақын-жазушыларының  II-ші 

кеңесі  ашылды.  Осыған  КазГУ-дің  журналистика 

факультетінің бір топ студенті қатыстық. Біздің курс-

тан,  Сейітқұл,  Ұлықбек,  Қонысбай,  мен,  қыздардан 

Гүлсім бар. Жиынды Әнуар Әлімжанов ашты. Ол бұл 

кеңестің  II-ші  кеңес  екенін,  I-ші  кеңес  1968  жылы 

өткенін,  оның  нәтижесінде  «Жалын»  альманағының 

дүниеге келгенін атап көрсетті. Және де қазіргі дәуірдің 

жас  әдебиетшілерге  қояр  талабының  үлкен  екендігін 

айтты. 


Сонан соң Т.Сауранбеков баяндама жасады. Сөзді 

«қазақ  ақыны»  деп  жариялап  О.Сүлейменов  алды. 

Сөзді емес, басқаруды. Ол орыс тілінде  «Сөз қазақтың 

белгілі жазушысы Ә.Нұршайықовқа беріледі» деді. 

Әзілхан  Нұршайықов  көп  нәрсені  айтты.  «Жас 

ақын-жазушыға  қойылар  талғам,  тілек,  міндет  көп» 

деді ол. Сонымен қатар, оның жас әдебиетшіге айтқан 

аталы сөздері құлағымда қалды. 

- Жуа берме өлеңіңді, шыққан өленіңді жуа берсең, 

шықпаған өлеңің шайылып кетеді, – деді. Ол сонымен 

бірге өз өмірінен естеліктер айтты. Қадыр Мырзалиев 

сөз алып, аз уақытта көп нәрсе айтты:

- Жасында өлең жазбайтын адам кемде-кем. Олай 

болса,  сіздердің  бәріңіз  дерлік  өлең  жазасыздар.  Де-

генмен,  осы  өлең  көбіңізді  ертең  айналысатын  про-

за-драматургияға  барар  жолға  шығарып  салады.  Жол 

айырығына дейін өлең шығарып салады. 

Талант – шын талант тасты да жарып шығады дей-

міз, ал сол талант тасты жарып шыққанша қарап отыру 

біздерге - әдебиетші қауымға ұят емес пе?!  

Қадыр  жақсы  сөйлейді  екен.  Қолды  ұзақ  соқтық. 

Өзінің  өлеңдері  сияқты,  аз  сөйлеп  көп  нәрсе  айтты. 

Т.Молдағалиев  «Жалын»  журналының  жылдық  жо-

спарлары  жайлы  айтты.  О.Сүлейменов  бір  қолын 

қалтасына  салып  тұрып,  бір  қолын  алға  сілтіп, 

гүжілдеген даусымен:

-  Жас  жазушы!  Сен  әдебиет  көшінің  ең  соңғы 

түйесісің, саған түсер салмақ ауыр! – деді. 

«Простор» 

журналының 

поэзия 

бөлімінің 



меңгерушісі В.Антонов та жақсы пікірлер айтып, орыс 

тілінде жазатын қазақ жастары туралы атап көрсетті. 

Кешке  Әуезов  театрынан  «Оқ  пен  гүлді»  көрдік.  Ав-

торы  –  Тоқаш  Бердияров.  Ертеңінде  28-күні,  кешкі 

алтыға  дейін  творчестволық  семинарлар  болды.  Бел-

гілі  ақындар  өздерінің  қасына  20-30  адамнан  алып, 

солардың өлеңдерін талдады. Мен Қайрат пен Шона, 

Сағида болдым. Қалижан бата берді. Өлеңімді мақтады 

да, даттады да. Әртүрлі пікірлер айтылды. 

Біздің 


семинарда 

шымкенттік 

Боранбаев 

Жарылқасынның  «Фараби»  атты  поэмасы  тал-

данды.  Қ.Бекхожин,  С.Жиенбаев,  Қ.Мырзалиев, 

Т.Молдағалиев,  Ә.Нұршайықов,  Аян  Нысаналин,  Са-

бырхан Асанов, Әнуарбек Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, 

А.Бақтыгереева, 

Т.Әлімқұлов, 

О.Сүлейменов, 

Ғ.Қайырбеков,  Өмірбай  Сәуірбаев,  А.Шеглов,  Ж.Бо-

ранбаев, Н.Бегалиев, Т.Оразбаева, М.Шаханов, Рахме-

тулла Райымқұлов, Ә.Әлімжанов, Т.Бердияров, Орал-

хан  Бөкеев,  К.Мырзабеков,  М.Мақатаев,  Тұрсынзада 

Есімжанов,  Т.Қызықпаев,  Е.Әукебаев,  М.Сүндетов, 

т.б.   пікірлерін  тыңдадым.   Ой бөлістім.  Қарашаның 

29-ы  күні  кеңес  өз  жұмысын  аяқтады.  «Көксерек» 

фильмін кино үйінен көрдік. Жап-жақсы. 

Кеңес  маған  көп-көп  салмақ  артқандай  болды. 

«Өлең  өлкесіне  сапар  шеккен  екенсің  темір  етіктен 

теңгедей,  темір  таяқтан  тебендей  қалғанша  талма,  із-

ден» дегенді айтқандай болды. «Өзгемен өзіңді салы-

стырма,  өзіңмен  өзгені  салыстыр»  деген  сияқты  көп 

асыл ой, пайдалы нәрсені басыма қондырғандай болды. 

Кім білсін, күндер зулап, көктем кеп, көк өрім бұтақ 

көгеріп, өз жемісін берер сәт келсе, онда осы кеңеске 

қарыздармын дер ем...

«ҚАЛЛЕКИ КЕШІ»

3 желтоқсан, 1973 жыл.

...Бүгін  М.  Әуезов  атындағы  драма  театрында 

қазақтың белгілі актері, әнші, домбырашы, драматург, 

СССР  халық  артисі,  СССР  мемлекеттік  сыйлығының 

лауреаты  Қалибек  Қуанышбаевтың  80  жыл  толуына 

арналған кеш болды. 

Кіріспе  сөзбен  Қазақ  ССР  Мәдениет  министрі 

Мүсілім Базарбаев ашты. Қалибек жайлы естелік айту 

үшін  сөз  жазушы  Сапарғали  Бегалинге  берілді.  Одан 

кейін  Қазақ  ССР  халық  артисі,  СССР  Мемлекеттік 

сыйлығының  лауреаты  Серке  Қожамқұлов,  Қазақ 

ССР  халық  артисі,  Мемлекеттік    сыйлықтың    лау-

реаты  Жүсіпбек  Елебеков  және  СССР  халық  артисі, 

Қазақ  ССР  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  Са-

бира Майқановалар қазақ театрының іргесін қалаған, 

қазақ өнерінің алғашқы қарлығаштарының бірі, қазақ 

өнерінің  қалыптасуына,  өсуіне  үлкен  үлес  қосқан 

Қалибек Қуанышбаев жайлы жақсы-жақсы естеліктер 

айтты.

Олар  Қалибекті  еркелетіп  «Қаллеке»  дейді  екен, 



өмір  бойы  солай  атапты.    Әдемі  кеңес  аяғы  көңілді 

концертке ұласты. Концерт жүргізуші – Әнуар Боран-

баев. Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген артисі, актер, режис-

сер Райымбек Сейтіметов Қадыр Мырзалиевтің (ақын, 

Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты) «Актер» 

деген өлеңін оқыды.

Ортаға  домбырасын  қолына  ұстап  Жүсіпбек 

Елебеков  шықты.  Ол  Қалибектің  «Көкаршын», 

Мәдидің  «Қарқаралы»  әндерін  орындады.  Қазақтың 

қазақшылығын  ұстаған,  ақбасты  ақсақалға  ду-ду  қол 

соқтық. Даусы қандай тамаша еді, үзіп-үзіп, жүректің 

қылын  шертіп,  еміндіріп  айтады-ау,  сабазың!  Серке 

Қожамқұлов  шығып,  Жамбылдың  «Ант»  атты  өлеңі 

мен Темірбек Жүргеновтің «Переводчиктің қиялы» де-

ген сықағын оқып, жұрттың ішегін қатырды. Әлден соң, 

артист – Әскербек Еңкебаев ортаға шықты. Ақанның 

«Құлагерін»,  Шонаның  «Бұған  да  бір  қарайық», 

Ғарифоллла Құрманғалиевтің «Қыздарын» орындады. 

Даусы жақсы екен.

Әлем билерін орындаушы биші Гүлжан Талпақова 

«Бұхар биін» орындады. Биші Марат Мунтин қазақша 

би биледі. Содан соң, опера театрының солисі, Қазақ 

ССР  халық  артисі  Кәукен  Кенжетаев  «Әкеме»  (әні 

Нұрғиса  Тілендиевтікі,  сөзі  Шәкен  Аймановтікі), 

«Аулың сенің іргелі» секілді әндерді шырқады. Кезек 

Қазақ ССР еңбек сіңірген артисі Бақыт Әшімоваға бе-

ріліп, Нұрғиса Тілендиевтің «Куә бол» әнін, «Желбір 

жекен» атты әнді орындады. 

...Көз  алдымызда  Қалибек  аға  көрінді.  Өз  рольде-

рі  жайлы  айтты.  Жайсаң,  жайдары  жарқылдаған  жан 

көңілді күлімдеп, ақтарыла сөйледі.

Кинофильм бітіп, Қалибек ағаны жоғалтып алған-

дай болдық. Бірақ, көрмеген адамымыздың кинофиль-

мдегі бейнесі жадыраған қалпында жүрегімізден орын 

алды.

Құрманғазының  «Серпері»  кетті  шарықтап.  Қазақ 



ССР-іне еңбегі сіңген коллектив, Құрманғазы атындағы 

мемлекеттік  ұлт-аспаптар  оркестрі  орындауда.  Дири-

жері  Қазақ  ССР-не  еңбегі  сіңген  артист  Алдаберген 

Мырзабеков.  Тәтті  күйлер  жалғасты.  Тәттімбеттің 

«Саржайлауы», Есжанның «Соқыр Есжаны», Тоқаның 

«Қосбасары» кетті күмбірлеп. Бірде мұңлы, бірде сыр-

лы,  бірде  жырлы,  сазды  әуен  сарқылмастан  сабырға 

шақырып, сезіміңді қозғайды. Жанарыңа жас үйірілтеді. 

Жүрегіңді  шымшылайды.  Әсіресе,  «Соқыр  Есжанда» 

қобыздың сиқырлы үні сағынышқа бөлейді ме, қалай? 

Ғаламат  күштің  жетегінде  кетіп,  аңсаудан  арыла  ал-

май  отырғанда  жарқ  етіп,  СССР  халық  артисі,  СССР 

және Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтарының лауре-

аты «қазақтың бұлбұлы» Бибігүл Төлегенова шығып, 

«Гауһартасты»  шырқап  қоя  берді.  «Қараторғай» 

жез  таңдай  әншінің  көмейінен  қанат  қағып  ұшты. 

Таңдайына  бұлбұл  ұя  салған  Бибігүл  «Бұлбұлды» 

шырқады.  Бір  сәт  абат  бақтың  ішінде  жүргендей, 

бұлбұл  әнін  тыңдағандай  боласың.  Латиф  Хамидиге 

риза болдым. «Бұлбұлды» жазған. Концерттен керемет 

көңіл-күймен шықтық.

Өнер шыңына ұмтылысым қалай болар екен?!



Жалғасы. (Басы өткен санда)

  Студент күнделігінен

Студент күнделігінен

ҐТКЕН ЄАСЫРДЫЅ 80 ЖЫЛДАРЫНДАЄЫ АЛМАТЫ



Мама, вот мой парень, познокомься. Не пьет, не 

курит, матом не ругается!

 

–А тебе с ним не скучно, доченька?

☺☺☺


 

Папа, ты говоришь, семья – это маленькое 

государство. А кто ты?!

 

–Президент, конечно!

 

–А мама?!

 

–Власть.

 

–А бабушка?!

 

–ФСБ!

 

–А я кто же?

 

–А ты... Ты народ!

 

Через час Вовочка звонит отцу на работу: 

– Господин президент, к власти пришел другой пре-

зидент, ФСБ спит, а народ волнуется!

☺☺☺


Мечта каждой японской девушки выйти замуж 

за молодого богатого камикадзе.

☺☺☺


– Почему ты такой толстый?

Потому, что завтрак ем сам, обедом со мной де-

лятся друзья, а враги отдают мне свой ужин. 

☺☺☺


– Мальчик, что ты делаешь в моем саду?

– Понимаете, дяденька, одно из ваших яблок упа-

ло и я хотел повесить его на место.

☺☺☺


– Назови 5 африканских животных.

– Две обезьяны и три слона.

АНЕКДОТЫ


Жымќырамын деп жайсыз жаєдайєа ќала жаздады

Жымќырамын деп жайсыз жаєдайєа ќала жаздады

1

1

0



0

ЖОЛДАН ТАЙМА, ЖАС ЖІГІТ!

ОЙЛАН! КЕРІ ҚАЙТ!

Өмірден көрген-білгенің көбейген сайын, түйсінесің, 

ойланып-толғанып, одан бір ой  түйесің. Неге бұлай деген 

сұрақтарға жауап іздейсің. 

Бүгінгі таңда кемелді келешегіміз жастарда деген сөз 

жиі  айтылады.  Өйткені,  болашағымыз  –  жастар.  Ата-

бабамыздың дәстүріне адал болып, салихалы білім алып, 

өлкемізді  өркендететін  де  жастар  деп,  оларға  әрдайым 

сенім артылуда. Сондықтан да жастар тақырыбы жанып 

тұр,    күн  тәртібінен  түспейтін  өзектілігімен  өзгелерді 

емес, алдымен мына біздерді, Сіз бен бізді, баршамызды 

бей-жай қалдырмай ойландыруы тиіс деп түсінемін.

Осы  күні  кеше  ғана  Білім  күні  аясында  Елбасымыз 

– Мемлекет басшысы Астанадағы № 64 мектеп-лицейінде 

оқушыларға дәріс оқыды. Кездесуге мектептің он бірін-

ші сыныбының оқуда, спортта, шығармашылық деңгейде 

үздік  нәтиже  көрсеткен  22  оқушысы  қатысты.  Онда 

отандық  патриотизм  тақырыбында  да  әңгіме  қозғалды. 

Нағыз  патриоттық  тәрбие  үйден,  өз  отбасыңнан  бастау 

алады.  Патриот  адам  алдымен  өзінің  үлгілі,  жақсы  ісі-

мен  өнеге  көрсетуі  тиіс.  Жат  қылыққа  жоламау  керек, 

жөнсіздіктерге  бей-жай  қарамай,  жанашырлық  сезіміңді 

жоғалтпай,  оны  жоғары  ұстау  керек  деген  сияқты 

тақырып  төңірегінде  әңгіме  өрбітілді.  Жоғары  сынып 

оқушыларымен  Ұлт  көшбасының  кездесуінің  өзіндік 

сыры бар. Олар күні ертең мектеп табалдырығын тастап, 

өмірдің сан қырлы жағына, жан-жаққа қанат қағады. Бірі 

оқуын жалғастырып, студент атанса, енді бірі еңбек жо-

лын  жаңа  бастап,  өмірінің  жаңа  парақ  беттерін  ашады. 

Бұл екі топ та, білімді және жоғары білімсіз болсын, бәрі 

де осы өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамның белді мүшелері, 

тәуелсіз Қазақстанның жастары болып есептелетіні хақ.

Жастар  тақырыбына  әңгіме  қозғауыма  таяуда  өзім 

көрген  мына  бір  жайт  түрткі  болып,  қолыма  қалам  ал-

дырды.  Көрген  көзде  жазық  жоқ.  Тақырыптың  өзі 

таңмен  тұрып  серуендеп  жүргенде  табылатынын,  туын-

дайтынын  қайтерсің.  Міне,  күз  де  келіп,  оның  алғашқы 

айының  күні  мен  түні  зымырап  өтіп  жатыр.  Күн  қанша 

жерден жылы дегенімізбен, түн мезгілінің салқын екенін 

сезінесің.  Әсіресе,  таңға  жуық  жылу  ауа  сейіліп,  сонау 

көкке  көтеріліп  кетеді  де,  етекті  салмағы  ауырлау  суық 

ауа алмастыра бастайды. Көк қуалап, көгал қуалап, қызық 

қуалап жүрген жастар мұны елемейді де. Қырықтан кей-

ін амалсыз қымтанып жүресің демекші, “Қайтып келмес 

қайран жиырма бес!” деп, осындайда айтылса керек. Со-

нымен, қысқартып, көргенімді айтайын.

Өзім  талай  тақырыпқа  жазған  мақалаларыма  арқау 

еткен  Есентай  өзені  жиегінде  шөлмектен  пластмасса 

стақанға  арақ  құйып  ішіп  отырған  үшеуге  көзім  түсті. 

Сағат  болса  таңғы  бес  жарым.  Жасы  қырықтан  асқан, 

тіпті елуді де еңсеріп қалған орыс келіншегінің қасында 

таза аппақ жейделі, джинси шалбар киген, өзі де әп-әдемі 

әрі  сүйкімді  қазақ  жігіті  көзіме  оттай  басылды.  Тұнық 

қап-қара  көзі  аппақ  беттің  ажарын  аша  түскен.  Тіпті 

бар  сұлулық  ұзын  қайқы  кірпігіне  байланып  қалғандай. 

Жігіттің мұндай әдемісі болар ма! Жат жолға жаңа түскен 

жас  жігіт  деп  ұқтым  мен  оны.  “Бұлай  ете  берсең  аппақ 

жейде киуің қайда, кірқожалақ күйіңмен албасты кейіпке 

түсуің алыс емес-ау!” деген суық та жайсыз ой санамды 

тілгілеп өтті сол сәт. Бұл екеуі отыр да, қасында түрегеп 

тұрған  кірқожалақ,  шашы  ұйпа-тұйпа,  су  көрмегеніне 

сексен  күн  болар,  үсті-басы  тым  лас,  отыздың  үстіндегі 

орыс жігіті жартылай шөлмектен сапыра, қолы қалтырай-

дірілдей арақ құйды да, жаңағы қазақ жігітіне ұсынды. Ол 

болса бетін тыржитып сәл кідірді де, қылқылдата жарты-

лай жұтып, қалғанын қасындағы егде келіншекке ұсынды. 

Әдемілікті кім жақсы көрмейді дерсің. Сұлу жігітке жеп 

қоярдай  бетіне  тесіле  қарап  отырған  егде  келіншек  оны 

құшағына  алып  қысты.  Жігіт:    “батпайды,  арақ  ары 

жүрмей тұр” деді ме, әйелдің құлағына бірдеме деп сы-

бырлады да, оны шашынан иіскеп, бетінен сүйіп қойды. 

Жанынан өтіп бара жатып жаңа сездім, арақ құйып тұрған 

әлгі албасты кейіптегі кісінің, кешіресіз, үстінен аңқыған 

зәр иісі қолқамды қауып үлгерді. Ауыз-мұрнымды қолмен 

жауып, қастарынан тезірек өтіп кетуге тырыстым.

“Жаңағылардан  жиіркенбей  жас  жігіт  қалай  ғана 

қастарында  отыр  екен!?”  Бүліну  мен  бұзылу,  міне, 

осындайлардан  бастау  алатынын  өмірден  көріп  жүрміз. 

“Өмірден  жолым  болмады”  деп,  ішімдік  жағалайтындар 

бойкүйездікке  ұрынып,  бойларын  енжарлық  пен 

жалқаулық  жайлап,  жатыпішерге  айналады.  “Айлас 

қатын,  мұңдас”  демекші,  ондайлар  көше-көшені  кезіп 

жүріп кезіктіреді бір-бірін. “Кешікпей тұрғанда кері қайт! 

Ойлан! Жолдан тайма, жас жігіт!” дегім келеді әлгіге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет