Жылдың қазан айынан шығады


ГАЛСТУК ТАҚҚАНЫН ҚАЙТЕРСІҢ!



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата12.02.2017
өлшемі12,25 Mb.
#3967
1   2   3   4   5   6

ГАЛСТУК ТАҚҚАНЫН ҚАЙТЕРСІҢ!

ҰЯЛҒАНЫМ-АЙ!

Қала  күнде  қарбалас.  Кешке  қарай  әркім  үйді-үйіне 

кіріп, таңертеңгісін құмырысқаның илеуіндегідей сыртқа 

шығып,  қыбыр-жыбыр  күйге  қайта  түседі.  Әркімнің  өз 

тірлігі бар. Бірі жұмысына асықса, енді бірі базар, дүкен 

жағалайды. Алатыны бар әркімнің.

Осыдан  отыз  жылдан  астам  уақыт  бұрын  азық-түлік 

сауда кешендерінде өзіңе өзің қызмет ету тәсілі енгізіл-

генде,  еркін  кіріп-шығуға  бойымыздың  әрең  үйренгені 

де шындық еді ғой. Еуропадан келген бұл тәсілге басын-

да  тосырқай әрі таңырқай қарадық. Кәмпитің бе, басқа 

да  азық-түліктің  түр-түрі  сөрелерде  толып  әрі  ашық 

тұрады қазір. Көкөністер де солай. Қол созып, тіпті тал-

дап,  қалағаныңды  өзің  таңдап  алатын  күйге  де  жеттік. 

Касса алдында да бұрынғыдай ығы-жығы жоқ, көп кезек 

күтпейсің.  Алдынала  өлшеп,  пакет-целофанға  салынып, 

сыртына  бағасы  жазылған    алған  затыңды  автомат-кас-

сада  отырғандар  кодына  қарап  тез  есептейді  де,  оларды 

салып алып, сыртқа беттейсің.

Бәрі ашық сөреде жатыр, бәрі емін-еркін кіріп, аралап, 

керектісін алып жүргенімен, қолтықтап немесе қойныңа 

салып  тығып  алып  кетуің  мүмкін  емес.  Өйткені,  ішінде 

барлық жерге “көз” қойылған – бейнекамера орнатылған. 

Солар  арқылы  бәрін  бақылап  отыратындар  бар.  Одан 

қалса, касса сыртында күзетші, бақылаушы қызметкерлер 

тағы жүр.

Осындай    үлкен  сауда  кешенінің  бірі  Төле  би  мен 

Әуезов  көшелерінің  қиылысы  маңындағы  “SULP-

AK”  тұрмыстық  техника  бұйымдарын  сататын  сауда 

орталығының  бірінші  қабатына  орналасқан  “Realist”  су-

пермаркеті.  Іші  атшаптырым.  Бұл  сауда  орнынан  азық-

түліктен басқа күнделікті тұрмысқа қажетті өзге де ұсақ-

түйек заттар сатып алуға болады.

Бұл  жерге  ара-тұра  бас  сұғатынымыз  бар.  Алатыны-

мызды алып, кассаға да жақындағанбыз. Алдымызда бір-

ақ адам. Ақ көйлегіне галстук тағып, костюм киген, жасы 

жетпістің үстіндегі орыс ер кісі ғана. Оны бағана іштен 

көргем,  корзинкаға  алғандарын  салып  жүрген.  Со  кісі 

есептесіп сыртқа беттей бергені сол еді, касса-аппараты 

тұсында  шиқылдаған  дауыс  шығып,  дабыл  қағылды-ай 

келіп. Осы сәт кілт тоқтай қалған әлгіміз: “Ой, ұмытып 

кетіптім ғой!” деп, костюмінің ішкі төс қалтасынан цело-

фан қаптағы кешью дәнін шығара бергені.

–Мен... мен... мұны расында ұмытып кетіппін. Қазір... 

қазір барып өлшетіп келейін бе?.. 

Кассадағы қазақ қызы ләм-мим деместен бетіне тесі-

ле бір қарады да, “Үлкен кісіні ұялтпайын” деді ме, үнсіз 

со жақты “барыңыз” дегендей иегімен меңзеді. Бұл кезде 

есептесіп, кассадан біз де бері шыққанбыз. Алған затта-

рымыз да әжептәуір еді. Әлгі қарт та қайта жетті. Кешью-

ді өлшетіп, есептетіп келіпті. Жаңағы жайтпен ішке қарай 

ары өтіп, алған заттары үшін жаңа ғана ақшасы төленген 

чекпен  бері  қайта  сыртқа  жылжығанда,  бақылаушы 

күзетші екі жігіттің біздің қасымызға жетіп келмесі бар 

ма. “Жо-жоқ, бұ кісілер емес. Ана кісі” деді әлгінің бірі 

оны  нұсқай  екіншісіне.  “Е-е,  оған  ол  бағана  төлеген” 

деді  оның  бірі.  Бағанағы  жайсыз  жайтты  қызым,  тіпті 

байқамаған  болуы  керек.  “Не  боп  қалды?”  дегендей  аб-

дырап,  сасып қалғанын үйге келгенде бірақ айтып жатыр 

бізге.  “Құдай  сақтасын,  қызым!  Абырой  керек  бәрінен 

де!”  дедім  мен.  Кешьюдің  килосы  қазір  2100  теңге.  Бір 

кездері  ол  1200-1300  теңгеден  сатылатын.  Зейнеткер 

шал жымқырғысы келді ме, кім білсін, өз-өзімнен ол кісі 

үшін менің ұялғаным. Шалыс қимылыңды қалт жібермей 

қадағалайтын бейнекамералар тұрғанын кейбіреулер осы 

білмейді-ау!



Марат ӘБДІХАЛЫҚ,

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 

лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері 

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН

  Қала хикаялары

Қала хикаялары

       


Қазақ  үш  арсыздың  бірі  –  күлкі  деп  біледі.  Оны 

төмендегідей бірқатар мақал-мәтелдерден де 

байқаймыз:  «Малсызға  малға  балап  ұйқы 

берер,  арсызға  арға  балап  күлкі  берер», 

«Дарақының  күлкісі  қанбас,  жалқаудың 

ұйқысы  қанбас»,  «Санасы  жоқ  –  ұйқышыл, 

ақылы жоқ – күлкішіл», «Ит мезі болса үреді, кісі мезі 

болса  күледі»,  «Орынсыз  күлкі  –  ұрыс  шақырар», 

«Артық байлық адамды аздырады, артық күлкі жире-

ніш қоздырады». 

Сондай-ақ  оның  түрлері  де  көп:  қарқылдап  күлу, 

тарқылдап  күлу,  сақылдап  күлу,  жырқылдап  күлу, 

кеңкілдеп  күлу,  селкілдеп  күлу,  сықылықтап  күлу, 

жымиып  күлу,  кекесінмен  күлу,  миығынан  күлу, 

мысқылдап күлу, мырс-мырс күлу, өтірік күлу, жыл-

миып  күлу,  сыпайы  күлу,  ішек-сілесі  қатып  күлу, 

мазақтап  күлу  және  бос  күлкі,  бояма  күлкі,  орын-

сыз  күлкі  немесе  кісі  қадір-салмағына  лайық  мәнді-

мағыналы күлкі т.б. 

Біз осының ішінде орнымен болатын мәнді-мағыналы 

күлкіге,  яғни  әр  істе  үмбетіне  үлгі  көрсеткен  сүйікті 

Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (саллаллаһу  алайһи 

уәсәлләм) өнегелі өлшемдеріне тоқталмақпыз. 

Еш  күлмейтін  адам  бола  ма?  Оған  жауап  беру  қиын 

шығар. Дегенмен өмірден қанша құқай көрсе де барлығын 

шын ризашылығымен қабылдап, мұң-қайғысын жүрегіне 

жасырып,  сырт  адамға  ешнәрсе  білдірмей,  жүзінен 

жылылықтың табы кетпейтін, қай кезде де жылы жыми-

ыс-тан танбаған ғажап тұлғалар болған. 

Кісі жүзіне жылы жүзбен күлімдеп қарауды садақаға, 

сауапты  амалға  жатқызған  Пайғамбарымыздың  қалай 

күлгендігі жайлы жары Айша анамыз былай дейді: «Мен 

ол кісінің таңдайы көрінетіндей дауыстап күлгенін көрген 

емеспін. Ол тек күлімсірейтін» (Бұһари, Әдәб, 68). 

Иә,  Пайғамбарымыз  ешқашан  жөн-жосықсыз,  қатты 

дауыстап  күлмеген,  қуанышты  кездерінде  іштей  сүйсіне 

көзін  жұмып,  күлімсірейтін.  Сахабалардың  айтуынша, 

ол  мінезі  жібектей,  ең  кішіпейіл  жан  еді.  Күлгенінен 

күлімсіреуі басым түсіп, жүзінен нұр есіп тұратын.    

Бұл  жайында  Әбу  Құрсафа  былай  деген:  «Мен,  ше-

шем  және  туыс  әпкем  серт  беру  үшін  Аллаһ  елшісі-

не  (саллаллаһу  алайһи  уәсәлләм)  бардық.  Қоштасып 

сыртқа  шыққанымызда,  ше-

шем  мен  әпкем  маған:  -  Ба-

лам, жүзі осыншалықты жылы, 

киімі 


осыншалықты 

таза, 


сөзі  соншалықты    жұмсақ 

мұндай  кісіні  өмірі  көрген 

емеспіз.  Мүбәрак  аузынан 

нұр  төгілгендей  екен»,-  деп 

таңғалысты  (Хайсами,  VIII, 

279-280). 

Еврей 

ғалымдарынан 



Абдуллаһ  ибн  Сәлам  да 

Пайғамбарымызды 

алғаш 

көргенде,  қасиетті  жүзіне  бар-



лай қарап тұрып: «Мынандай келбеттен өтірік күту мүмкін 

емес» деп, сол мезетте-ақ мұсылмандықты қабылдаған еді 

(Тирмизи, Қиямет, 42/2485).   

Иә,  кісілік  келбеттің  қалыптасуында  адамның  әрбір 

іс-әрекетінің,  соның  ішінде  ең  қарапайымы  күле  білудің 

де өз жөні бар. Алаңсыз бейғам қарқылдап күлу адамның 

парықсыздығын аңғартып, оны ойсыздық пен ғапылдыққа 

салуы  мүмкін,  ол  уайымсыз-қайғысыз  жүрген  пендеге 

ғана тән. 

Иә,  сыпайы  күлкі  адамның  ажарына  ажар,  мінезіне 

салмақ қосса, ырқыл-жырқылға беріліп, күлегештене беру 

кісіні сыртқа тым жеңілтек көрсетеді. Бұл жайында хазіре-

ті Омардың айтқан мына бір сөзі өте мәнді секілді:  

«Күлкісі  көбейгеннің  –  сұсы  азаяды.  Қателікті  көп 

істейтін  адамның  –  ұяты  азаяды.  Ұяты  азайған  адам  – 

күнәлі нәрселерге үйірсек келеді, ондай адамның жүрегі 

өледі» (Ғазали, Ихия-у-улумуддин, ІІІ, 288). 

Расында да не болса соған күлегеш адамды салмақты, 

байсалды мінезді деп айту қиын. Мұның сорақылығы сол, 

ондай адамның көп күлуден бара-бара жүрегі қарайып, ішкі 

сезім  түйсіктері  әлсірей  түседі.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.) 

осыны  меңзеп  Әбу  Хұрайраға  берген  кеңесінде: 

«Көп күлуден сақ бол, көп күлу жүректі өлтіреді» 

деп ескерткен еді (Тәнбихул-ғафилин, Бустанул-

арифин, Б. 225).    

Бос күлкі адамның шикілігін, көкірегінің бос 

екенін аңғартатын тәрізді. Оны терең ойлы жандарға жа-

растыру қиын. Мұқағали ағамыздың:

Ақылына айырбаста күлкіңді, 

Қайтесің сол күлкі деген шіркінді?!

Бейқам күліп өспеген соң өз басым

Бос  күлкіні  ұнатпаймын  біртүрлі,-  деуі  де  сөзімізді 

қуаттай түсіп, бос күлкімен өмірді босқа өткізгеннен гөрі 

күн сайын ойға ой жамап, ақылға ақыл қосудың анағұрлым 

пайдалы екеніне назар аудартатындай.

Абай атамыз да өзінің төртінші қара сөзінде осы күлкі 

мәселесіне  арнайы  тоқталған.  Күлкіні  мастыққа  балаған 

ғұлама  бабамыз  көп  күлкіге  салынған  адамның  көп 

ғапылдыққа ұрынатынын айтқан. 

Қара сөзінің жалғасында Абай атамыз басқалардың на-

шар қылығын табалап күлуге емес, қайта солардан ғибрат 

алып  күлуге  шақырады.  «Бос  күлкіге»  тағы  да  «ызалы 

күлкі», «бояма күлкі» деген жаңа тіркестерді қосады.

Күлкіге себеп болатын нәрсе көп, соның бірі – әзіл. Әл-

Фараби бұл туралы «Сөз тапқырлық – жақсы адамшылық 

қасиет және мұның өзі әзілді орнымен пайдаланғанда бола-

тын нәрсе» деп, орнымен айтылған әзілдің кісі бойындағы 

ізгі  қасиеттердің  біріне  жататындығын  ұқтырған.  Әзіл 

өз  өлшемінен  аспай,  тамаққа  қосылған  тұз  мөлшеріндей 

болғанда ғана сөздің дәмін келтірмек. 

Иә,  иманды  адам  әрдайым  байыпты  болуы  тиіс. 

Әзілдесе  де  орнымен  әзілдеп,  күлсе  де  білікпен  күліп, 

тәрбиесі  мен  көргенділігін  байқатуы  тиіс.  Үлкен  әулие 

Жәләладдин  Руми  адамның  күлкісі-ақ  көп  нәрсені 

аңғартатынын меңзеп: 

«Қалай  күлгеніне  қарап,  кісінің  әдептілігін,  неге 

күлгеніне  қарап,  оның  ақыл-өрісін  танимын»  деген 

екен.                                               

Құдайберді БАҒАШАР

  Бабалардан ғибрат

Бабалардан ғибрат

АРТЫЌ КЇЛКІ ЖИРЕНІШТІ



ЌОШТАСУ КЕШІНДЕГІ ƏУЕН ЌЎЛАЄЫМДА ЌАЛЫП ЌОЙДЫ

ЌОШТАСУ КЕШІНДЕГІ ƏУЕН ЌЎЛАЄЫМДА ЌАЛЫП ЌОЙДЫ

11

Бір-бірінен  аумаған  күндер  зымырап  өтіп  жатты.  Түс 



мезгілі  болатын.  Дәурен  құдықтан  су  тартып  жатқан. 

Қалтасындағы  телефоны  шырылдай  бастады.  Анасы  екен. 

Амандық-саулық 

сұрасқан 

соң,  даусы  дірілдеп,  бәсеңдеп 

шыққандай болды. 

- Не ғой балам...

-  Не  болды,  мама,  ауы-

рып  тұрсыз  ба?  Үнінен  бір 

салқындықты 

сезіп, 

жаны қалмай барады.



-  Балам,  Алмас 

досың қайтыс болды...

-  Не  дейсіз?  Не 

болды оған?

-  Жолға  ертең  шық.  Кел-

гесін сөйлесеміз. Есіңді жиып, 

сабырға кел, жарығым.

Көз  алды  тұманданып, 

бұлдырай  бастады.  Шырамытып,  ештеңені  көрер  емес. 

Төбесіне  жай  түскендей,  бір  орында  қимылдамай  тұрып 

қалды.

- Жоқ, бұл қалай болғаны? Олай болмау керек еді ғой. Не 



болды, не болды екен?  Өз-өзінен күбірлей берді. 

- Дәурен, сені атам шақырып жатыр. Самат інісі қасына 

келіп тұр. Ол ештеңені елейтін емес, өңі боп-боз боп қуарып 

кеткен.


- Не болды саған? Жүр, кеттік үйге. Қолынан ұстап ертіп 

әкетті.


Дәурен  таңды  көзбен  атырды.  Ойы  сан-саққа  жүгіріп, 

жүрегі  дүрсілдеп,  естігеніне  сене  алар  емес.  Үйдегілерге 

де тіс жарып ешнәрсе айтқан жоқ. Ерте тұрған бойда апыл-

ғұпыл киініп жолға шығып кетті. Жеткенше шыдамай келе-

ді. Жол бойы ойланып, ішінің астаң-кестеңі шықты. Ауылы-

на жетті. Көліктен түсіп, үйіне қарай аяңдап келеді. Бірден 

Алмастың  үй  жағына  көзі  түсті.  Адамдар  көп  жиналған, 

жан-жақта өріп жүр. Жүрегі су ете қалды. 

-  Бұлар  мұнда  неғып  жүр?  Шынымен  бе  ?  Жоқ,  жоқ... 

Құлағына жылаған дауыстар келді. Әжесінің жоқтауы сай-

сүйегін сырқыратып барады. Есіктің алдында тұр, ішке кіре 

алар емес. Үстін зіл батпан ауырлық басып, қозғалтпай тұр.

- Аға, үйге кіріңіз. Қарындасы сөмкесін алып үйге кір-

ді.  Мұздай  суға  беті-қолын  жуып,  сәл  есін  жинағандай 

болды. Кішкентай болса да жағдайын тілсіз түсініп тұрған 

қарындасы ағасын қалай жұбатарын білмей жүр.

- Шаршап келдіңіз ғой, тамақ істейін бе?

- Жоқ. Бір кесе мұздай су әкеліп берсең болды.

- Мамам әкем екеуі Ермектің үйінде. Алмас қайтыс бол-

ды ғой, кеше естіген шығарсыз... Үлкен адамдарша байып-

пен әңгіме айтып отыр.

- Айтты ғой... не болған екен?

- Алдыңғы күні тест болды ғой, екі балл жетпей қалыпты, 

содан өзін...

- Не дейді, оны кім айтты?

- Мамасы біздің үйге жылап келді, сөйтіп талып қалды.

Дәурен  енді  түсінді.  «Екі  балл.  Небәрі  екі.  Сол  үшін 

өміріңді қидың ба, досым? Екеуміздің армандарымыз қайда 

қалды?  Неге  сол  үшін  тастап  кеттің  бәрімізді?  Неге  олай 

жасадың, неге?» Бұдан әріге шыдай алмай көз жасына ерік 

берді.

- Дәурен келді ме ? Асылбектің даусын бірден таныды. 



- Иә, үйде. Кіріңіздер. Қарындасы сыныптастарын үйге 

ертіп кірді.

Жүздері жабырқаулы. Бір-бірлерін құшақтап жылап тұр, 

сене алар емес. Барлығы жиналып Алмастың үйіне барды. 

Бұларды  көріп  жылауға  да  шамасы  келмей  қалған  анасы 

қайта-қайта талып жатты. Әкесі өзін әрең ұстап отыр екен. 

Қатар  тұрғандармен  көрісіп  жатты.  «-Қасыңда  жүріп  ай-

ырылып  қалдым-ау  ...  қайдасың?  Ағатайым,  қайда  тастап 

кеттің?». Ермек ағыл-тегіл. Ботадай боздап тұр.

Осылайша  ата-ана  мен  бауырды,  ағайын-туыс,  дос-жа-

ранды аяқ астынан қайғыға батырған жас өмір қыршынынан 

қиылып  кете  барды.  Бұл  –  Алмастың  ата-анасына  ауыр 

соққы болды. Неше күн өздеріне келе алмай жүрді. Өздерін 

алдаусыратуға  тырысқанмен,  оның  орны  ойсырап  тұрды. 

Анасы байғұс әр затына үңіліп, күндіз-түні солқылдап жы-

лаумен болды. Дәуренге де оңай тиген жоқ. Кішкентайынан 

бірге өскен құрдасы, қиындықта, қуанышта жанына жалау 

болған  қимас  досынан  айырылды.  Енді  оның  жоқтығына 

қалай  үйренбек?  Көкірегін  кернеген  күйінішін  кіммен 

бөліспек? Ұзақ уақыт мазасыз күйде жүрді. Алмастың же-

тісін өткізгеннен кейін атасының ауылына келген. Қаладан 

ағасы келіпті:

-  Дәурен  досыңның  қайтқанын  естідім,  арты  қайырлы 

болсын. Әлі жассың, өміріңнің бәрі алдыңда. Басыңа түскен 

қиындықты  өмірдің  сынағы  деп  қабылдап,  күресе  біл.  Әр 

ісіңе сабырмен қарап, ақылмен шеш. Ағасы ақылын айтып 

қалаға  шығарып  салды.  Дәурен  үлкен  өмір  жолына  қадам 

басты.  Бұрынғыдан  қарағанда  біраз  есейген  сияқты.  Әр 

түрлі үйірмелерге жазылып қойған. Үйден таңертең шығып 

кетіп, кешке төсегіне бірақ құлайды. Бірақ осы жүрісі өзіне 

ұнайды.  Ол  әдетінше  шаршап  келе  жатыр.  Аялдамадан 

түскен бойда кешкі асқа бірдеңе алмақ болып дүкенге кірді. 

Міне, қызық! Түрі таныс адам тұр.

- Санжар, қалайсың ? Сен мұнда неғып жүрсің ?

- Сәлем! Бөлем осында тұрады ғой. Қасындағы бейтаныс 

жігітті көрсетіп қойды.

Үшеуі Дәуреннің үйіне дейін әңгімелесіп жаяу келді.

- Ауылға қашан барасың ?

-  Білмеймін.  Бір-екі  айда  барып  қалатын  шығармын. 

Келгеніне  көп  болмаса  да  Дәурен  ауылын  сағынып  жүр. 

Барған  сайын  Алмастың  үйіне  кірмей  кеткен  емес.  Досын 

есіне  алып,  ата-анасын  жұбатып  қайтатын.  Барғанда  оның 

үй  іші  Алмас  келгендей  қуанып,  кететін  кезде  қимай  жы-

лап  қалады.  Алмастың  әкесі  :  «Сен  де  біздің  баламызсың, 

досыңның  орнын  жоқтатпай  келіп  тұр»  -  деген  болатын. 

Осы сөзін жадынан шығарған емес. Бұл барғанында да оның 

үйіне барып қонған болатын. Ермек биыл тоғызыншыны бі-

тіреді. Досының інісін өзінің туған  інісіндей көріп, жақын 

тартады.  Ата-анасына  «Ермекті  оқуын  аяқтаған  соң,  бірге 

ертіп кетем. Оқуға бірге тапсырамыз» - деген. Дәуренге өз 

баласындай қарайтын олар қуана келісім берді.

Күндер  өтіп  жатты.  Қалалық  өмірге  еті  үйрене  баста-

ды. Осы апта соңындағы демалыста Санжармен кездесетін 

болған. Ол бөлесінің үйінде тұрады екен.

-  Бірінші  жыл  болған  соң  ба,  қатты  қиналып  жүрмін. 

Сабақты  түгел  орындап  үлгере  алмаймын.  Санжардың 

қиналып жүргені түрінен көрініп тұр.Бетінде баяғы ойнақы 

күлкінің ізі жоқ. Сабырлы болып қалған. Дәурен Санжардан 

шығып, асықпаған жүріспен келе жатқан.

-  Дәуре-е-ен!  Құлағына  таныс  дауыс  сияқты.  Бұрылып 

қарады. Санжардың туған қарындасы – Самал екен. Жолдың 

арғы бетінде, мұны танып қолын бұлғап тұр. Дәурен дереу 

жолдан өтіп, жанына барды.

- Қалайсың  ? Санжарға барып келе жатырсың ба ?

- Иә. Өзің қалай, оқу жақсы ма ?

- Жақсы.


Самал орта мектепті бітіріп оқуға түскен. Мінезі ашық 

– жарқын. Мұңайып жүрген кезін аз көресің. 

- Айтпақшы, танысып қой, менің бірге оқитын құрбым. 

Дәурен  осы  сәтті  күтіп  тұрған.  Самалдың  қасындағы  орта 

бойлы,  аққұбаша  келген  сүйкімді  қыздан  көзін  ала  алмай 

тұрған. 


- Дәурен. Өзін таныстырып, қолын созды. 

- Маржан. Дауысы да әдемі екен. Шілденің аптабындай 

ыстық демі бетін шарпып өтті. Дәурен әдетте қыздармен көп 

жүре бермейтін. Неге екені белгісіз, осы қыз  бір көргеннен 

өзіне  магнитше  тартып  алды.  Тұлғасы  да  келісті  біткен. 

Құрғақ  қана  сұлулық  емес,  жанарынан  жан  сарайының 

тұнықтығын айқындап тұрған бір жылулықты сезді. 

- Үйден бір затымды алып шығайын, менімен барасың 

ба? Самал құрбысына қарады.

- Жоқ, осы жерде күте тұрам.

Самал жүгіре басып үйіне қарай кетті.

- Сен де биологияда оқисың ба ? Дәурен әңгімені бірінші 

бастады. 

- Иә. Самал екеуміз бір топтамыз.

- Қалай мұғалім болған ұнай ма ?

- Ұнайды


Ұялғандықтан ба, Дәуреннің аракідік қойған сұрақтарына 

қысқа ғана жауап беріп тұрды. 

-  Мен  Самалды  жақсы  танимын.  Ағасы  он  жыл  бірге 

оқыған құрдасым.

Барлығымыз бір ауылда туып-өскенбіз. Қаласаң, дос боп 

араласайық. Ренжітсем кешір, нөміріңді берсең, жақсы бо-

лар еді... Дәурен өтініп, қиылып тұрды. Маржан сәл кідіріп 

ойланды да:

- Дос ретінде болса ғана...

-  Әрине.  Дәурен  қуанып  кетті.  Қателесіп  кетпес  үшін 

әр  айтқанын  нақтылап  түсіріп  тұр.  Бұл  кезде  Самал  кел-

ген болатын. Ол үндемеген күйі қарап қалыпты. Өзі білетін 

талай  жігіттер  құрбысына  ойы  кетіп  танысқысы  келген-

де  ешқайсысын  жолатпаған  болатын.  Сүйкімді  құрбысын 

ағасымен қосып, өзіне жеңге қылғысы келетін еді. Осы ойы-

мен  оны  Санжармен  таныстырған.  Алайда  Маржан  оның 

ағасына  қарамай  қойды.  Санжар  болса  суретін  анасына 

көрсетіп  :  «болашақ  келініңіз»  деп,  сырттай  таныстырып, 

еге болып жүрген. Самал іштей «түбі екеуін жарастырамын» 

деген ойда жүрген. Маржанға таңқалып тұр. Осы кезге дей-

ін  ешкімге мойын  бұрмаған  құрбысының Дәуренге  жүрегі 

жылыған сияқты.

- Дәурен, жақсы онда, біз кітапханаға бауымыз керек еді. 

Самал ешнәрсе білдіргісі келмеді.

-  Жарайды.  Асығыс  болсаңдар,  тағы  бір  демалыста 

қыдыртамын ғой.

Өзара  қоштасып  жөндеріне  кетті.  Бұдан  кейін  Маржан 

Дәуреннің ойынан бір сәтке де түспеді.Түнімен ойлап жа-

тып, оны түсінде көретін болды. Оған ғашық болып қалды.

Іші алай-дүлей боп, толқып тұрса да, оған хабарласуға бе-

кінді. Телефоны қосулы екен, қоңырау барып тұр. Бірақ ол 

тұтқаны көтермеді. Қайтадан соқты. Тағы көтерген жоқ.

-  Енді  не  істеймін?  Мені  жақтырмаған  шығар,  әйтпесе 

сөйлесер еді ғой.

Әлде  қолы  бос  емес  пе  екен?  Ары  бері  ойланып  басы 

қатты. «Не де болса хабарласуым керек, сәл күтейін» - деп 

түйді. Екі сағатқа зорға шыдады. Қайтадан қоңырау шалды.

- Алло!                                              

Дәуреннің қуанғанынан жүрегі жарылып кете жаздады. 

Соның даусы ғой бұл! Не айтарын білмей сасып қалды.

- Маржан, сенсің бе?

- Иә. Қалың қалай?

- Жақсы. Өзің қалайсың, бәрі дұрыс па?

-  Дүкенге  шығып  кеткен  едім,  телефоным  үйде  қалып 

қойыпты.

- Ертең сабағың қай уақытта бітеді?

- Үште.

- Меніңкі де сол уақытта бітеді. Кездесе аламыз ба?



- Білмеймін. Жұмыстарым шығып қалмаса...

- Көп уақытыңды алмаймын.

- Жарайды, көрерміз.

Жүрегі  алып-ұшып  ертеңгі  күнді  тағатсыздана  күтті. 

Өзінен бақытты адам жоқ сияқты. Көп күттірген таң атты-

ау,  әйтеуір.  Маржанның  айтқан  жеріне  келіп  күтіп  тұрды. 

Ол  келе  жатыр.  Жап-жасыл  өзіне  жарасатын  әдемі  көйлек 

киіп  одан  сайын  сұлуланып  кетіпті.  Бір-бірін  тез  тауып 

алды. Жақын маңдағы саябаққа қарай жүріп келеді. Бүгінгі 

күн  екеуі  үшін  де  ерекше  күн  болды.  Тез  тіл  табысып, 

әңгімелері жарасып кетті. Қыстың ызғарынан, толассыз жа-

уыннан құтылып, енді көгере бастаған айналаға қарап ұзақ 

сырласты. Екеуінің өмірге деген көзқарасы ұқсас екен, іш-

тей табиғаттас болып шықты. Неткен сәйкестік десеңізші! 

Жер  бетіндегі  өсімдік  атаулымен  қоса  жүректеріндегі  ма-

хаббат гүлі бір мезгілде бүршік атты. Дәурен «арманымдағы 

болашық жарым болатын қыз осы» деп шешкен. Басқа еш-

кімді  көзіне  ілмеді.  Бақытын  өзгеден  іздегісі  келген  жоқ. 

Оның әрбір сөйлеген сөзі, қимылы жанына жақын. Маржан-

мен кездескелі бақыттан басы айналып жүрді.

Аптаның  соңындағы  кезекті  демалыс.  Уәдесі  бойынша 

Самал  мен  Маржанды  қыдыртпақ,  Маржан  екеуі  Самал-

ды  үйінен  ертіп  кетті.  Үшеуі  қайда  баратындарын  қызу 

талқылап келе жатыр.

-  О  –  о,  қалайсыңдар?  Алдарынан  Санжар  шығып 

қалды.


- Қалай, қолың бос па? Жүр бізбен бірге! Санжар 

көңіл-күйі түсіп тұрса да, Дәуреннің айтқанынан бас 

тартпады. Маржанмен қол ұстасып тұрғанын көрген 

кезде,  қызғаныштан  өртеніп  кете  жаздаған.  Төртеуі 

әбден қыдырып, кеш бата тарқасты. Самал ағасымен кетті. 

Дәурен Маржан екеуі қайтты. 

- Санжарға әлі таңқалып тұрмын. Қабағы бір ашылмай 

қойды ғой. 

Мұндайы жоқ еді. Сұрасам ешнәрсе айтпайды. Дәурен 

алаңдаулы көңілін жасыра алмады. Маржан жағдайды одан 

әрі ушықтырғысы келмей, бір жағы Дәуренді ренжітіп ал-

мас үшін оған бәрін басынан айтып берген. 

Екеуінің бірге жүргендеріне биыл екі жыл болады. Бір-

бірінің  көңілдеріне  қаяу  түсірген  емес,  махаббат  өзенінде 

қиялдың кемесімен жүзді. 

Екеуі  бір  жерде  жұмыс  істеуді  армандайтын.  Маржан 

биологиядан,  Дәурен  дене  шынықтырудан  сабақ  беріп 

жүрсе...  Қайда  жүрсе  де,  бірге  болуды  қалайды,екеуі  бір-

бірінен  ажырағысы  келмейді.  Болашақта  бақытты  отбасы 

болатындарына нық сеніммен қарайтын. Қос аққудай өмір 

айдынында бірге жүзген жарасымды жұп ақ, адал сезімнің 

үлгісі болды. Ту сыртынан тамсана, қызыға қарайтындар көп 

еді.  Мәңгілік,  өлмес  махабатты  армандаған  өмірге  құштар 

жандардың бейкүнә сезіміне көз алартушылар да табылды. 

Дәуренмен  арасы  суи  бастаған  Санжардың  қызығуынан 

қызғануы көп болды.  

Дәурен үйде жалғыз болатын. Кешкі асын өзі дайындап, 

теледидар көріп отырған. Арғы бөлмедегі телефон жан да-

уысы  шығып  шырылдай  бастады.  Жүгіріп  барам  дегенше 

сөніп  қалды.  Артынша  қайта  шырылдады.  Маржан  екен. 

Жылағаннан даусы қарлығып әрең шығып тұр. 

- Дәурен, мені алып қашып кетті. Сені өмір бойы сүйіп 

өтем, бірақ қалуға мәжбүрмін. Кешірші мені. Маржан егіліп 

тұр, үні жалынышты.

- Маржан, не деп тұрсың ? Қай жердесің, айтшы. Қазір 

барып алып кетем!

Ол өшіріп тастады. Қайта-қайта соғып ала алмай қойды. 

Бүкіл  қаны  басына  теуіп,  не  істерін  білмей  кетті.  Қайда 

барарын,  қай  жерден  іздерін  білмей  дал  болды.  Самалға 

хабарласты.  Ол  бұл  жәйттан  бейхабар  екен.  «Енді  қосқан 

болар» деген оймен таң атқанша үздіксіз қоңырау шалумен 

болды. Қай кезде хабарласса да өшірулі тұрды. Бұдан кейін 

ұйқының ауылы алыстай бастады. Құлашы кең, даласы дар-

хан дүниеге сыймай барады.

-  Не  істеймін  енді,  жынданып  кететін  шығармын.  Бар 

ашу-ызасын жағымсыз жәйтті жеткізген телефоннан алды. 

Ішек-қарны  ақтарылған  күйі  әр  жерде  шашылып  жатты. 

Дәурен түсініксіз хәлде.  Бәрі түс сияқты. Бұл жағдай тау-

ын шағып, есеңгіретіп жіберді. Ешнәрсені түсінуге, ойлауға 

мұршасы келмейтіндей. Жүрегінің жартысын әлдебіреулер 

өзінен  тартып  алып  кетті.  Енді  қалай  өмір  сүрмек  ?  Осы 

сұрақ  күні-түні  маза  бермеді.  Ішқұса  боп  үш-төрт  күн  ор-

нынан  тұрмай,  бір  бөлмеде  қамалып  жатты.  Жанында 

жүрген сүйіктісінен тірідей көз жазып, айырылып қалғанын 

көтере алмады. Енді оған өмірдің еш мәні қалмағандай. Жан 

досының қайғысынан арыла бастадым ба дегенде, оның отын 

қайта  үрлегендей  болды.  Бүткіл  арман-мұраты  құрдымға 

кеткендей. Санаулы күнде арып, құр сүлдері қалды. Екі көзі 

ішіне кіріп, түрі танымастай өзгерген.

Бұл – Санжардың ісі екенін естіді. Өзінің қолы жетпей-

тінін біліп, үйленгелі жүрген алыстау туысына екі-үш бала 

жабылып күштеп апарып беріпті. Екеуінің іңкәр сезімдерін 

аяққа таптап, ақыры дегеніне жетіп тыныпты... Бойын биле-

ген өкініш, Санжарға деген ыза алқымынан алып буындырып 

барады. Орнынан тұруға ұмтылып еді, жансыздана бастаған 

аяқ-қолы қозғалтпады. Ол қиналып жатыр. Басына әр түрлі 

сұрқия ойлар келуде. Өзіне қол жұмсап, мына өмірмен қош 

айтысуды ойлады. Осылай өз ойымен арпалысып жатқанда 

неше күннен бері ұйқы көрмеген көздері ілініп кетіпті. Ал-

мас келіпті. Бұған қарап жылап тұр: 

-  Неге  өзіңді  тастап  жібердің,  досым?  Есіңді  жишы! 

Мұндай  емес  едің  ғой  сен!  Сені  түсінемін,  бірақ  менің 

қателігімді қайталамашы. Сенің қиналғаныңды қаламаймын. 

Әркім өз қателігі үшін жауап береді. Орныңнан тұратыныңа 

сенемін. Сен де маған сенші, сенші...

- Алма - а - а- с. Қатты шыққан даусынан өзі шошып оян-

ды. Пора-порасы шығып терлеп жатыр екен. Жаңағы сәт көз 

алдында тұр. 

- Әрине, сенемін саған, қимас досым. Сенен басқа кімге 

сенейін? 

Мынадай  жағдайға  түскенімді  уайымдап,  тыныш  жата 

алмай жатыр екенсің-ау... Арманы алыстан қол бұлғап бара 

жатқанда артынан бір сәуле жылт еткендей болды. Жәймен 

өз-өзіне келіп, жүрегіне тыныштық орнай бастады. Әрине, 

сүйгеніңе қосылу, оған қол жеткізу – басыңа қонған бақыт. 

Ал,  шынайы  махаббат  –  қосылсаң  да,  қосылмасаң  да  оған 

деген пәк сезіміңді, адал көңіліңді жоғалтпау, оның басына 

түскен қиындыққа жаның ауырып, жүрегіңмен қиналу.

- О, Жаратқаным, ұлы сезімді сыйлағаныңа шүкір ! Оның 

күн шалмаған жанарын мұң шалғаны – сыздаған жан жарама 

түскен шоқпен тең. Мөлдір көздерінен аққан әр моншақ жас 

жүрегіме қадалған оқпен тең. Оның езу тартып, жымиғаны 

сырқатымды емдегендей болады. Сыңғырлаған әсем күлкісі 

бойыма  қуат  беріп,  үмітімді  жалғайды.  Ғашық  жүрек 

сыңарының  амандығын,  бақытын  тілеп  өмір  сүруге  бел 

буды. Қоштасу кешіндегі әуен құлағында қалып қойыпты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет