Орындаған:Ермек Аружан Нурланқызы Қабылдаған:Авдрасоль С. Аралық бақылау-2
1.Цифрлық білім берудегі әлеуметтік желінің алатын орны
Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр.Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда
Цифрлық технология —болашаққа батыл қадам.
Қазіргі уақытта әрбір адамның заманауи ақпараттық-технологияларды пайдалануға мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы — цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Цифрлық технология тек электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануда ғана емес, тұрғындардың бір-бірімен ақпарат алмасуында да таптырмас құрал болып отыр.
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Бұл байланыс түрі ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемде зор қарқынмен дамып келеді 2. Қашақтық оқыту мен дәстүрлі оқытудың қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызы
Қашықтықтан оқытудың басым бағыты – қазіргі заманғы телекоммуникация құралдарының көмегімен құрылған оқушының жеке танымдылығының қызметі. Бұл тәсіл білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылының интерактивтілігін және оқу процесінің өнімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық және педагогикалық технологияларды біріктіруді көздейді. Бұл жағдайда ақпарат алмасу және жіберу оқушылардың нәтижелі білім беру қызметін ұйымдастыру үшін көмекші ортаның рөлін атқарады. Оқыту нақты уақытта синхронды түрде жүреді (чат, бейне байланыс, қашықтағы студенттер мен мұғалімдерге ортақ “виртуалды тақталар” және тағы басқалар), сонымен қатар асинхронды (электрондық пошта негізіндегі телеконференциялар). Білім берудің жеке, креативті телекоммуникациялық сипаты-бұл түрдегі қашықтан оқытудың негізгі белгілері, ал оның мақсаты — қашықтағы оқушының шығармашылық өзін-өзі көрсетуі. Қашықтан оқыту интернет-білім берумен тығыз байланысты, бірақ онымен бірдей емес және ұғымдар тұрғысынан екінші – жаһандық желінің мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқытудың техникалық және технологиялық ерекшеліктерін қатаң реттейтін бірінші түрдің айырмашылығы. Осы жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты еліміздегі білім жүйесі қашықтан оқыту форматына көшті. Осы кезде ұстаздар қауымында сабақты қалай ұйымдастыруға болады, өз уақытыңды қалай дұрыс пайдалануға болады? Ата- анамен қалай тиімді байланыс жасауға болады? – деген көптеген сұрақтардың туындағаны рас.