Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата12.02.2017
өлшемі12,25 Mb.
#3967
1   2   3   4   5   6

Марат ӘБДІХАЛЫҚ,

 

 

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі

  “Қызға – қырық үйден тыю”

“Қызға – қырық үйден тыю”

                 



“Қызға – қырық үйден тыю”

“Қызға – қырық үйден тыю”

– сол “қиын баланың” ішіне кіретін тақырып. 

– сол “қиын баланың” ішіне кіретін тақырып. 

ЌИЫН  ЌЫЗ

– сол “қиын баланың” ішіне кіретін тақырып. 

– сол “қиын баланың” ішіне кіретін тақырып. 

ЌИЫН  ЌЫЗ

– сол “қиын баланың” ішіне кіретін тақырып. 

– сол “қиын баланың” ішіне кіретін тақырып. 

ЌИЫН  ЌЫЗ

– сол “қиын баланың” ішіне кіретін тақырып. 

– сол “қиын баланың” ішіне кіретін тақырып. 

ЌИЫН  ЌЫЗ


К Е Л І Н І   Ж А Ќ С Ы Н Ы Ѕ   –   К Е Р Е Г Е С І   А Л Т Ы Н

6

Үстіміздегі 



жылдың 

 

наурыз 

айында 

Елбасымыздың арнайы Жарлығымен 8-қыркүйек 

Отбасы  күні  деп  белгіленіп,  бұл  мереке  еліміз-

де  тұңғыш  рет  аталып  өтілді.  Осынау  мерекеге 

орай  Астана  мен  Алматыда,  еліміздің  барлық  облыс 

орталықтарында  бірқатар  қызықты  бағдарламалар 

жүзеге  асырылды.  Елорданың  бір  өзінде  14  іс-шара 

ұйымдастырылды. 

Отанымызды  сүю,  оған  деген  құрмет  отбасынан 

басталады.  Бұл  жөнінде  Елбасымыз  Н.Ә.Назарба-

ев  біздің  қоғамда  отбасылық  негізгі  құндылықтарды 

нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аудараты-

нын сөйлеген сөздерінде үнемі айтып та жүр. 

Демек, Отбасы күнін мереке ретінде тану тәуелсіз 

Қазақстанның  тұғырын  айқындай  түсетіні  де  анық. 

Өйткені,  жанұядағы  жандар  береке,  ынтымақпен 

бақытты күн кешсе, Отанымыздың іргесі де мықты бо-

латыны сөзсіз. Шаңырақ шайқалмаса, отбасын шаттық 

кернесе,  одан  артық  не  керек.  Еліміздің  өркендеуіне 

ондайда ұрпағымыз да өзінің сүбелі де салмақты үлесін 

қосуда еш аянып қалмайды. 

Бұл  мәселе  бұрыннан  назарда  екені  де  рас. 

Айталық,  Мемлекет  басшысының  Жарлығымен  1998 

жылы  22  желтоқсанда  «Әйелдер  істері,  отбасы  және 

демографиялық  саясат  жөніндегі  Ұлттық  комиссия» 

құрылды.  Әлі  күнге  жұмыс  істеп  келе  жатқан  бұл 

Комиссияның арадағы 15 жыл уақыт ішінде атқарған 

жұмысы  да  аз  емес  шығар.  Десе  де,  енді  жыл  сайын 

қыркүйектің алғашқы жексенбісінде тойланатын Отба-

сы күні мерекесінің өзіндік орны болатыны да сөзсіз. 

Бұғанға  шейін  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының    1993 

жылғы  шешімімен,  міне,  тура  жиырма  жыл  бойы  15 

мамыр бүкіләлемдік Отбасы күні ретінде аталып өтіліп 

келіп  еді.  Жасыратыны  жоқ,  оны  көпшілік  есінде  де 

сақтаған жоқ. Енді мереке ретінде оның қадір-қасиетін 

түсінудің,  маңыздылығын  білудің,  отбасыңа  деген 

құрметті үнемі еске сақтап жүруіңнің мол мүмкіндігі 

болып тұр. 

Отбасын  құрмаған,  шаңырақ  көтермеген  жас-

тар  үшін  де  бұл  мерекенің  маңызы  ерекше  болмақ. 

Өйткені босағасы берік, керегесі кең де тең шаңырақты 

шайқалтпай  ұстау  үшін    олар  өнегелі  отбасы 

мүшелерінің  үлгісін  алса  игі.  Осы  тұрғыда  мынадай 

статистикалық мәліметтерді келтіре кетуді жөн санап 

отырмыз. Өткен ғасырдың елуінші жылдары елімізде 

некелескен  100  жұптың  біреуі  ғана  ажырасқан  екен. 

Ал, 1960 жылдары 30 отбасының біреуі, одан кейінгі 

он  жылдықта  әрбір  6  отбасының  бірі,  1980  жылдары 

4  отбасының  бірі,  1990  жылдары  3  отбасының  бірі 

ажырасқан  көрінеді.  Байқап  отырғанымыздай,  соңғы 

елу жылда неке бұзу тым жиілей бастаған. 

Мәліметтерге  жүгінсек,  бүгінгі  таңда  Қазақстанда 

төрт  миллионнан  аса  отбасы  бар  екен.  Ал,  ажыра-

су  мәселесіне  келсек,  оның  себеп-салдары  көп.  Бұл, 

жеке әңгіме етерлік мәселе. Десе де, сол себептердің 

бірі  сүймей  қосылу,  бірін-бірі  жетік  білмей  жатып 

шаңырақ  көтеру  екені  анық.  Сондықтан  жастарға 

айтарымыз,  ертең  өмір  бойы  өкінбес  үшін  мың  ой-

ланып,  мың  толғанып  барып,  етек-жеңіңді  жинап, 

отбасыңдағыларды бағып-қағуға, асырауға шамаң же-

тетіндей халге келгенде ғана шаңырақ көтергенің ләзім 

дегіміз келеді. Текке жүріп, уақыт өткізіп алмау жағын 

да  ескерген  дұрыс.  «Жақсы  болса  қосағың,  маздап 

тұрар ошағың» деген қанатты сөзді әрдайым есте ұстау 

артық  болмайды.  Отбасы  мерекесіне  қатысты  әзірше 

қысқаша айтарымыз осы. 

\Марат СӘРСЕНҰЛЫ 

ЖАНЎЯМЫЗ ЖАЌСЫ БОЛСА, ОТАНЫМЫЗ ДА МЫЌТЫ

  Шаңырақ

Отбасындағы береке ене мен келіннің сыйластығы-

на арасындағы өзара қарым-қатынастың мәні ерекше. 

Сондықтан  да  оқырман  жұртшылықты  осы  мәселе 

төңірегінде ой бөлісіп, пікір алысуға шақырғым келе-

ді.  Өйткені,  көп  жағдайда  шаңырақтың  шайқалмауы, 

отбасында береке-бірліктің кең өріс ала 

түсуі де осы енелер мен келіндерге бай-

ланысты.

Келіннің  ақылы  мен  тәрбиесі 

түскен жерінде үлгі ретінде сөз етілетіндей болуы ке-

рек.  Енең  жас  болса  онымен  сырласып,  тымыраймай 

әңгімеңді айтсаң, ол да сені жақын тартады. “Жылы-

жылы  сөйлесең,  жылан  інінен  шығады”  демекші, 

сырыңды өз шешеңмен емес, енеңе айтып отырған өте 

дұрыс. Неғұрлым енеңмен сырлас болсаң, жігіт те сені 

соғұрлым сыйлап өтетіні рас. 

  Қазақта “жақсы келін келін, жаман келін келсап” 

деген сөз бар. Әркім де әулетіне түскен келінінің жақсы 

болғанын қалайтыны сөзсіз. “Келінді аяғынан” деген-

дей, жаңа түскен келінге сын көзбен қарау қашаннан 

бар нәрсе. Халық арасында айтылатын мына әнде:

Алдыменен өзіңнің енең сынар,

Емендей бол, бұл сынға емен шыдар.

Жас келінге қаттырақ қарағаны,

Ширатып бір алайын деген шығар, – деген жолдар 

бар  емес  пе?  Кейде  қыздарымыздың  енесімен  кері-

сіп жататын себебі осы сынға әзір еместігі ме деп те 

ойлайсың. Бірақ кез келген ене келінді “келсап” етпей, 

тәрбиелеу керек. Тәрбие, өнеге аларлық небір келіндер 

мен енелер бар. 

Менің бір құрбым осыдан бірнеше жыл бұрын ке-

лін түсірді. Жаңа түскен келіні мен үшеуміз жолымыз 

түсіп базарға уақ-түйек алуға бірге шықтық. Қоғамдық 

көлікке міндік. Онда автокөлік жүргізішінің жанында 

жалғыз  орын  бос  екен.  Әлгі  жас  келін  соған  жүгіріп 

барып  отыра  кетті.  Біз  құрбым  екеуміз  бір-бірімізге 

қарадық.  Мен  автокөлік  жүргізушіге:  “Туған  енесіне 

орын бермей, тұрғызып қойып, мына келіннің отыры-

сын-ай”, – дедім келінге де естіртіп. Жүргізуші де таң 

көрмеді.  –  Қазіргі  жастар  сондай  ғой,  енді  қайтесіз, 

– деді де жайбарақат отыра берді. Құрбыма қарап, аяп 

кеттім,  өңі  бұзылып,  жыламсырағандай  болып  тұр. 

Жас келіннің сондай қылық көрсеткеніне. Менен қатты 

ыңғайсызданып  тұр,  білемін.  Танымайтын  жастар  да 

тұрып үлкендерге орын береді ғой. Бірақ көпшіліктің 

көзінше  ешнәрсе  деп  айта  алмады.  Оның  орнында 

басқа ене болса әлдеқандай болар ма еді?! Сол жерде 

айғайын сап, келінін де, өзін де жеккөрінішті етер еді. 

Базарға да жеттік. Құрбым түк болмағандай керектіле-

рін алып, келінімен сөйлесіп кетті.

Өзім де екі келінді болдым. Үлкен келініммен бірге 

тұрғаныма  он  бір  жыл  болды.  Өз  қызымдай  көремін. 

Ол  да  мамалап  тұрады.  Басында  тамақ  жасағанда 

тұзы аштылау болса, балама айтамын “ол тұз салмады 

екен деп мен де салып қойыптым, кінә менен” деген 

сияқты  келінімнің  сөзін  сөйледім.  Содан  да  ма,  келі-

нім өзімді сыйлайды. Қазір келінім тамақты  өте дәмді 

пісіреді.  Ауыра  қалсам,  мама  дәрігерге  көрінсеңізші. 

Қандай  дәрілер  керек,  алып  берейін,  деп,  көңіліме 

қарайды.  Келінім  екеуміз  бір  зат  алсақ  бір-бірімізге 

көрсетеміз.  Міне,  мынаны  алдық  деп,  мәз  боламыз. 

Бірде  баламның:  “Мама  мені  тудыңыз  ба,  жоқ  әлде, 

Гүлнарды  тудыңыз  ба?”–  дегені  бар.  Өйткені,  көбіне 

келінімнің сөзін сөйлеп тұрамын. 

Келінім екінші балаға босанарда сәбилер босанатын 

үйде үш-төрт күн бұрын сақтандыру бөлімінде жатты. 

Сол жерде жатып, толғағы таңғы сағат 6-да басталып-

ты.  Мен  сағат  9-дарда  жұмыстан  сұранып  бардым. 

Келініме  барып,  өзім  жанында  болып,  босанған  соң, 

өз-өзіне  келгенде  шайын,  тамағын  беріп,  кешке  бір-

ақ  шықтым.  Келінім  маған  риза  болғаны  соншалық: 

“Мама өзімнің туған мамамнан артық көремін сізді”, – 

деп жылап жіберді. Балама: “Ол да біреудің әлпештеп 

өсірген қызы ғой. Оған оң көзіңмен қара. Ренжітпе. Сен 

оны қадірлей біл. Көңілін көтер. Екі немеремнің ана-

сы болды. Үлкен ұлың есейіп қалды, Марсель 4-клас-

та оқиды. Қызың Жанель үш жаста. Балаларың сенің 

өміріңді жалғастырушы. Оған қоса қайтыс болып кет-

кен ініңнің баласы Дамир де сенің балаң. Оны да балам 

деп,  еркелетіп  отырады.  Сен  ондай  әйел  таппайсың” 

деп айтып отырамын.

Қазақта “Келін – қайын ененің топырағынан” деген 

сөз де бекер айтылмаса керек. Көрген адам келінімді 

“қызың ба?” деп сұрайды. Өзі де маған ұқсайды. Олай 

болса, келіннің жақсы болмағы енесіне де байланысты, 

– деп ойлаймын.

Басында  түйсігі  бар  келін  енесінің  жақсылығын 

түсінеді.  Түйсігі  жоқ  келін  енесі  қанша  асты-үстіне 

түссе де түсінбейді.

  Мысал  келтіріп  айта  кетейін.  Жақында  бір  туы-

сым келін алды. Келіні жоғары білімді, қызметі  бар, 

өзі  түр  десе  түрі  де  бар,  әдемі-ақ!  Жігіт  те  әп-әдемі, 

сымбатты,  жоғары  білімді.  Астанада  қыздың  ұзату 

тойы болды. Жігіттің ел-жұрты, үлкен кісілер Алматы-

да болғаннан кейін той осында болмақшы. Екі аптаға 

демалыстарын алып, бала мен келін осында Алматыға 

келді. Ауыл қала маңында.  Келген күннің ертесі жа-

стар әсем қала Алматыны аралап, кеш бата үйге келе-

ді. Келін қысқа “шорты” киген, асүйде тамақ әзірлеп 

жатқан  енесіне  “здрасти”  деп  бөлмесіне  кіріп  кетеді. 

Екі күн түске дейін ұйықтапты. Содан енесі жарылар-

дай  болып  келініне:  “Қысқа  тылтиған 

“шортиыңмен” көрші-қолаң не демей-

ді. Бұл ауыл. Олай жүрме, келін деген 

атың бар. Үйде тоқсанға келіп қалған 

әжең  бар.  Мен  ертең  ерте  жұмысқа 

кеткенде  әжеңе  шайын  бер,  аз  уақытқа  келсең  де, 

өзіңді келін екеніңді көрсетсеңші” дегені сол-ақ екен 

әлгі келін енесінің бетінен алып, түн ортасында үйден 

шығып,  келген  жағына  тайып  отырған  еді.  Үлкенді 

тыңдамаған  келін  келешекте  қандай  келін  болмақ?! 

Келешекте баласын қалай тәрбиелемек?! Сол келін өз 

қателігін түсініп, күйеуінен кешірім сұрап өзі барып-

ты. Ұзағынан сүйіндірсін. Бақыт тілеймін мен оларға!

Тағы  бір  танысым  келінді  болды.  Ораза  айы. 

Жанұясымен  ораза  ұстаған.  Жаңа  түскен  келіні 

сәресіне  сағат  үште  тұрып,  тамақтарын  дайындап, 

сәлем жасап, ілтипат көрсеткеніне ата-енесі дән риза. 

Мүмкін жігіт айтқан болуы керек. “Тұр, сен енді осы 

үйге келінсің, сәрелерін дайында, ата-анамды сыйла” 

дегенге ұқсайды. Ене мен келіннің арасындағы қарым-

қатынасқа жігіттің де ролі өте зор деп ойлаймын.

Кейбір  енелер  өз  келіндерін  “ашсам  алақанымда, 

жұмсам  жұдырығымда  ұстауым  керек”  десе,  енді  бір 

енелер келіндерінің білмегенін үйретіп, түсінбегендер-

ін түсіндіріп, маңдайынан сипап отырады. Менің ойы-

мызша, қай ене болса да, өз келініне ыстық ықыласпен 

мейірін  төгіп,  кем-кетіктерін  айтып  отырса,  ол  үйде 

ырыс, бақ-береке де болатынына күмәнім жоқ. Қалай 

дегенде  де,  қыз  –  жатжұрттық.  О  баста  Алла  тағала 

қыздарды  солай  жаратқан.  Шынында  да  әйел  адам 

жанұяның бар ауыртпалығын мойнына іліп алып, түн 

ұйқысын  төрт  бөліп,  жылаған  баласын  емізіп,  бесі-

гін  тербетеді.  Мезгілімен  ас  әзірлеп,  ата-енесі  мен 

күйеуінің  бабын  тапқысы  келеді.  Кейбір  есерсоқтау 

келген күйеулерінің де ауыр сөзін көтеруіне тура ке-

леді.


Отбасының  қалыптасуында  нәзік  жандылардың 

да  орны  бөлек.  Әйел  күйеуінің  ойына  қозғау  сала-

тын,  көңілін  көтеріп,  ерекше  серпілте  түсетін  жан. 

Ердің еңселі, абыройлы жүруі әйелге де байланысты. 

Сондықтан  да  халқымыз:  “Ерді  ер  қылатын  да  әйел, 

жер қылатын да әйел” деп текке айтпаған болар.

Жаңа түскен жас келіндерге салқын қабақ көрсетіп, 

жер-жебіріне жете бермей, қайта ақылын айтып, жол 

көрсету  әрбір  абзал  енелердің  міндеті  болу  керек-ақ. 

Ұрыс-керіс бола берген үйдің босағасында береке бол-

майды. Ақыры екі жас ажырасып тынады. Дүрілдетіп 

той  жасап,  қуанышқа  кенелген  сәттер  лезде-ақ 

құрдымға кетеді. 

“Келіні  жақсының  –  керегесі  алтын”.  Ендеше 

келіндеріміздің әдепті, инабатты болғанын тілейік!

Бану ШАЛОВА,

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі

ЕНЕ МЕН КЕЛІН СЫРЛАССА...



  Тәрбие тақырыбына

ОТАНДЫ СЇЮ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

7

Ғылым-білім-инновация  үштігіне  бет 



алған Қазақстан үшін, оның жастары – біз-

дер үшін бүгінгі күн тәртібіндегі маңызды 

мәселе. 

Елбасы  «Қазақстан  –  2050»  стратегия-

сында  жастарды  патриотизмге  тәрбиелеу 

–  болашақтың  бірден-бір  кепілі  екендігін 

айтқан  болатын.  Патриотизмді  ең  бірін-

шіден,  еліңе  қалтқысыз  қызмет  ету  деп 

түсінеміз. 

Біз,  ҚазҰТУ  жастары,  «Еңбегім  –  елім 

үшін»  деген  ұранды  бекерден-бекер алған 

жоқпыз.  Жасап  жатқан  әр  еңбегіміз  тек 

еліміздің игілігіне арналады. 

«Дені  саудың  жаны  сау»  демекші, 

денсаулық  –  басты  байлығымыз.  ҚазҰТУ 

жастары  салауатты  өмір  салтын  ұстанып, 

осы жолда көптеген шаралар өткізіп келеді. 

Студент-жастарға  саламатты  өмір  салтын 

насихаттау барысында бір апта бойы жаппай 

таңғы жаттығу өткізілген болатын. Осындай 

игі шаралардың нәтижесінде университеті-

міз былтырғы өткен оқу жылында Алматы 

қаласының жоғары оқу орындары арасын-

да көшбасшы болды. Бұл – баршамыз үшін 

үлкен  мақтаныш.  Тағы  бір  мақтанышпен 

айтатын  нәрсе,  ҚазҰТУ  –  Қазақстанда  бі-

рінші студенттік велоклубы бар жоғары оқу 

орны болып отыр. Биылғы жылдағы үлкен 

жобалардың бірі – «Үздіктер» жобасы бол-

ды. «Үздіктер» – қоғамға қалтқысыз қызмет 

етуді мақсат еткен үздік студенттердің ерік-

ті түрде біріккен қоғамы. Еліміздің жетісті-

гін ҚазҰТУ-дың жетістігімен байланысты-

ра 


отырып 

жұмыс жасай-

тын  студент-

терді үздіктер 

қатарына қосу 

жалғасын тау-

ып келеді. 

Е л б а с ы 

Н.Назарбаев 

инженерлік 

білім  беруді 

және      зама-

н

а

у



и 

техникалық 

мамандықтар 

ж ү й е с і н 

д а м ы т у -

ды  қамтамасыз  ету  керектігін  айтқан  бо-

латын.  Жан-жақты  болу  үшін  біз  тек  оқу 

бағдарламасын игеріп қана қоймай, ғылыми-

зерттеу  жұмыстарына  да  белсенділікпен  ат-

салысуымыз  қажет.  Осы  орайда  универси-

тетімізде  студенттердің  ғылыми  жұмыспен 

айналысу жүйесі енгізілсе деген ұсынысымды 

айтқым  келеді.  Бұл  –  студенттер  үшін  де, 

оқытушылар үшін де пайдалы іс болар еді. 

ҚазҰТУ-дың  студент-жастары  өз  елінің 

патриоты    болып,  университетіміздің, 

тәуелсіз  еліміздің  абыройын  биіктететініне 

сенемін! 



Ұлан ТОҚТАРҚҰЛ,

Жоғары технологиялар және тұрақты

даму институты кәсіптік оқыту             

мамандығының 3-курс студенті    

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЎМТЫЛАДЫ

Патриотизм  –  Отаныңды  сүю,  елің  мен  жеріңді 

құрметтеу,  өсіп-өнген  жеріңнің    мәдениетін,  та-

рихын, 

тарихи 


қ ұ н д ы л ы қ т а р ы н 

қадірлеу  деп  ұғамын. 

«Отанды  сүю  отба-

сынан 


басталады» 

дегендей, патриоттық 

сезім    әуелі  әр 

адамның  отбасынан,  

ата-аналарымыз  бен 

ұ с т а з д а р ы м ы з д а н 

алған 

тәрбиемен 



тығыз  байланысты.  

Отбасынан 

жақсы 

тәрбие  алған  бала  менің 



елім,  менің  жерім  деп 

тәрбиеленсе,  нағыз    па-

триот болып,  жүрегі От-

аным  деп  соғары  сөзсіз. 

Елбасының    «Қазақстан-

2050» 


Стратегиясына  

«Жаңа 


қазақстандық 

патриотизмнің  іргетасы  - 

барлық азаматтардың тең  

құқылығы  және   олардың  

Отан  намысы алдындағы  

жалпы    жауапкершілігі»  

деген  болатын.  Сонымен 

қатар,  әрбір патриот  жас  

бойында  Отанына  деген  сүйіспеншілігін,  ана  тілін, 

елінің өркендеуіне  деген көзқарасын ешқашан ұмыт 

калдырмауы тиіс.  Себебі, өркендеудің құты, қасиеті 

іспеттес бір ұғым – отансүйгіштік.      

Бейбіт  елдің  қадірін,  қасиетін  мен  қазіргі  елдің 

қарқынды дамуы деп білемін. Себебі, қандай елде бол-

масын тыныштық болмаса, елдің дамуына  кері әсерін  

тигізетіні айтпаса да белгілі. Оған көптеген елде бо-

лып жатқан алауыздықтар дәлел бола алады. Соның 

нәтижесінде  ел  экономикасына  кері  әсерін  тигізіп, 

ел  дамуының  көші  артта  қалады.  Осындай  келеңсіз 

оқиғалар  әсерінен  елдің  қадір-қасиеті  жоғалады. 

Қорытып айтар болсам,  осынау ұлан-байтақ жеріміз-

ді ата-бабаларымыз ақ білектің  күшімен, ақ найзаның 

ұшымен  қорғап,  артындағы  өскелең  ұрпаққа  мұраға 

қалдырған  қазынамызға  берік  болуымыз  керек.  Сол 

мұраның арқасында Тәуелсіз Қазақстанды өркендету 

жолындамыз.  Мен  осындай  бейбіт  елде  өмір  сүріп 

жатқаныма  өте  қуаныштымын.  Бейбіт  өмір  елдің 

өркендеуіне  көп ықпалын тигізеді. Қазіргі таңда біздің  

бейбіт  ел  күннен-  күнге    қарқынды  даму  үстінде. 

Еліміз  Кеңестен  кейінгі  кезеңдегі    күллі    кеңістікте  

ЕҚЫҰ-ға 

төрағалық 

етті,  осы  Ұйымның 

Саммитін өткізген және 

ғаламдық  ауқымдағы 

іс-шара 


EXPO-

2017    Халықаралық 

көрмесін  ұтып  алды. 

Э к о н о м и к а л ы қ 

тұрғыдан  да  қарқынды 

даму  үстіндеміз.  Міне, 

осындай 

көптеген 

жетістіктеріміз 

ба-


тыр  бабаларымыздың 

даңқты 


жолымен 

Отанға адал қызмет ету 

арқасында  жеткен  бей-

біт  өмір деп түсінемін.



Ерболсын ЖАМАНҚҰЛОВ, 

Ә.Бүркітбаев атындағы                     

     Өнеркәсіптік инженерия институты                                                                      

машина жасау мамандығының 

3-курс студенті

БЕЙБІТШІЛІКТІЅ ЌАДІРІН БІЛГЕН ДЎРЫС



  Патриотизм

КҮЗ

 

Күз келді жабырқау ма, мұңлы күйде,

Жас ақын арқау етті жыр мен күйге.

Таңға дейін сырласқан қыз бен жігіт,

Барады құшақтасып үйлеріне.

Жаз өтіп, жапырақтар сарғаяды,

Егін жинап,шопандар мал жаяды.     

Сыңғырлаған қоңырау үніменен,

Мұғалім оқушы біліміне қол қояды.

Көңілім алып ұшып санқияға,

Жүректен жыр төгілді дарияға.

Атамның дана ақылын ұмытпаймын,

Ұқсаймын кейде менде қарияға.   

 

 

Дәулет БЕЛГІБАЕВ,

 

 

Т.Бәсенов атындағы 

Сәулет және құрылыс

 

 

институтының 

2-курс студенті  

Коллажды әзірлеген

 Дидар Сарсанбеков

Адам баласы екі нəрсеніѕ ќадірін білмейді: уаќыт жəне денсаулыќ

Адам баласы екі нəрсеніѕ ќадірін білмейді: уаќыт жəне денсаулыќ

8

Белдеуі қос жұдырықтай болатын екі жас қайың өсіп 



келе жатқан болатын. Үйдің маңы, өзеннің жағасында. 

Есентай  өзенінің  екі  жиегін  көмкеріп,  төңірекке 

сұлулық,  демалушыларға  көлеңке-пана  болатын 

өзге  ағаштар  қатарында  бұл  екі  ақ  қайың  ерек-

ше  көрінуші  еді.  Әсемдігімен.  Жайқалған  қос 

қайыңның адам бойындай дәл бел ортасынан қағынған 

біреулер  қабығын  түгел  аршып  тастапты.  Бірінің  25-

30  см-дей  қабығы  аршылса,  екіншісінің  5-10  см-дей 

бірнеше  жерінен  қабығы  жалаңашталынған.  “Қайсы 

оңбаған  екен  деймін  мұны  жасаған?!”  “Жабырқаулы” 

ағаш жалаңаш жерін аяусыз қыздырып, күйдірген күнге 

“тым  болмаса  енді  сен  аясаңшы  мені!”  деп  жалбарына 

қарайтын секілді.

Үлбіреген  ұлпадай  жас  жұқа  қабықтарды  сыдыра 

келіп,  қалың  қабықтарға  қол  салған.  Ал,  әлі  үзілмеген 

үлбірек  кейбір  қабықтар  желмен  қалықтап,  қалбаң-

құлбаң  желбірейді.  Табиғатты  бүлдірген  мұндай 

қиянатты үлкендер жасады деуге еш қисыны келмейді. 

Мұны істеген қаланың қағынған жас қыздары мен жігіт-

тері  екені  анық.  Махаббатқа  толы  қызу  әңгіме  үстінде 

қарап  тұрмай  қасындағы  қайыңның  қабығын  аршып, 

шұқып тұрған тәрізді. Біреуін сыдырды, екінші қабатын 

және  сылды.  Сөйтіп  оны    жалаңаштап,  қайыңның  көз 

жасына қалған қағынған әлгілер бұл әбестігін білмегені 

кәдік. Десе де, табиғатқа орынсыз қол салғандық – сора- 

қылық.


Жастардың  бойында  қазақстандық  патриотизмді 

қалыптастыру хақында Елбасымыз жастармен кездесу-

лерінде,  халыққа  Жолдауларында  үнемі  айтып  келеді. 

Соның  негізінде  мектептерде,  жоғары  оқу  орындары 

студенттері арасында бұл бағытта жүргізіліп жатқан іс-

шаралардың бар екенін де білеміз. Бірақ көрнекілік үгіт-

насихат бәрібір жеткіліксіз, аз секілді. Табиғатты аялау 

керектігі  аз  айтылатыны  анық  немесе  осылай  орынсыз 

қылықтары  үшін  ұсталып,  қатаң  жазаланғандарды, 

оларға  қатаң  шара  қолданғандарды  тіпті  естімейміз. 

Ағаштарды  балталап,  аралап  кесіп  жатқандар 

туралы  аракідік  телеарнаның  берген  соңғы  ха-

барларынан  көрмесек,  жеке  шара  көрген  жайт-

ты  еске  де  түсіре  алмаймыз.  Өйткені,  мұндай 

қырсыздықтарды  көре  тұра  “тәйт!”  деп  ауыз 

ашпаймыз.  Бұған  селқос,  немқұрайды  қарайтынымыз 

өкінішті.  Себебі  түсінікті:  “Қайтемін  айтып,  жүйкемді 

тоздырып не қылайын. Менікі емес”. Міне, осы түбімізге 

жететіні де “Менікі емес” түсінігі.

Отандық  патриотизм  мәселесінде  санамызда  ұсақ-

түйек деген ұғым болмауы тиіс. Отанға сүйіспеншілік де-

геніміз – еліңді, жеріңді сүюмен қатар, қоршаған ортаны 

сақтау, табиғатын аялау, оның өсіп, көркеюіне қолыңнан 

келгенше қамқорлық жасау, тіпті әрбір тасы мен суының, 

жұтқан ауаңның қадір-қасиетін біліп, оны бағалау, баға 

жетпес  байлығыңның  парқын  жете  түсіну  деп  ұққан 

жөн.  Ал,  қиын-қыстау  кезде  қолыңа  қару  алып,  оның 

бәрін қорғау дегеніңіз патриотизм сезімінің ең тұнық та, 

әркім өзінің өн бойынан ешуақыт та жоғалтпауға тиісті 

таза парағы болып қалуы қажет-ақ.

Ал, қабығы аршылған әлгі қауқарсыз қос қайың бол-

са,  қазір  жылап  тұр.  “Обалы  –  оңбағандарға!”  дерміз. 

Сенің де теріңді тірідей сыпырса қайтер ең...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет