Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының 2014-2015 оқу
жылындағы атқарылған тәрбие жұмысының
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
1.
Кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
Жоспар жылдың басында бекітілді. Онда қыркүйектен бастап осы жыл
соңында осы жыл соңына дейін жоспарланған іс-шаралар рет ретімен орындалып
отырды. Айта кететін болсақ қыркүйек айында кафедра отырысында
тәлімгерлердің жоспары мен құрамы бекітілді.
2014-2015 тәлімгердің жоспарына сәйкес іс-шаралар толығымен орындалуда.
Кафедраның тәлімгерлерінің әр ай сайын кеңесі өткізіледі. Қосымша өткізілетін
іс-шаралар жоспарланып, жауапты тұлғылар тағайындалда, өткізілуі тексеріліп,
хаттама құжатқа тіркелді.
2014-2015 оқу жылына жоспарланған тәлімгерлер жұмысының негізгі
бағыттары жүйелі түрде жүзеге асырылды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-ның ректоры С.Ж.Пірәлиевтің № 12-04/19-371
бұйрығына сәйкес әр курсқа жауапты тұлғалар тағайындалған.
Әр ай сайын тәрбие тәлімгерлер кеңесі өткізіліп, есептер тыңдалды.
Кафедралардағы тәрбие тәлімгерлердің папкалары, хаттамаларының мазмұны
мен сапасы тексеріліп отырылды.
Жоспарға сәйкес іс-шаралар орындалды және жоспардан тыс жұмыстарда
орындалып, тәрбие тәлімгерлер журналына тіркеліп отырылды.
Жоспарға сәйкес жарты жылдық есептері тыңдалып, бекітілді.
2.
Тәрбие тәлімгерлер жұмысының барысы
Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының тәлімгерлер саны
11. Кафедраның тәлімгерлері институтта бекітілген жоспар бойынша тәрбиелік
жұмыстарын жоспарлары түрде жүргізілуде. Кафедраның магистранттарына
бекітілген тәлімгерлер әрі олардың ғылыми жетекшісі. Тәлімгерлер
магистранттарына арнайы журнал ашып, олардың жеке мағлұматтарын және фото
суреттерін тіркеп, жұмыс жоспарлы түде жүргізіліп отырды. Әрбәр тәлімгер
жетекші магистранттарға тәрбие жұмысының мақсаты мен жүру барысын
түсіндіріп, бағыттарды айқындай алды:
-
Қазақстандық патриотизм және азаттық тәрбие;
-
Танмыдық – интелектуалдық тәрбие;
-
Құқықтық тәрбие ;
-
Адамгершілік –рухани және эстетикалық тәрбие;
-
Рухани-адамгершілік және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
-
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
-
Экономикалық тәрбие;
-
Ұларалық қатынас және толеранттық тәрбие;
3.
Тәрбие жұмысының жоспары және оның орындалуы
Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының тәрбие жұмысы
Университеттің жылдық тәрбие жұмысының жоспарына және институттың жыл
басында бекітілген тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Оқужылының басталуы 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесін өткізумен басталды.
Бірінші курс студенттері кафедраларымен, лабораториялармен таныстырылып,
сонымен қатар олрамен оқу үдерісі және университеттің ішкі тәртібі туралы
әңгімелер жүргізілді.
Кафедра дәрістен тыс өткізілген тәлімгерлік жұмыстардың қорытындысы.
1)
Әр тәлімгердің жоспары бойынша көрстілген тәрбие сағаттары өткізілді;
а) жатаханада тұру ережелері; бірінші кезекте жатахана тәрібі, тазалығы; т.б.
ә) оқу орындарындағы заңдылықтарды ұстану; сабақтарға қатысу, үлгерімі.
б) оқуға түсу кезіндегі құжаттармен таныстыру;мамандықты дұрыс таңдауы;
в) университеттің кітапханалары мен оқу залдарын пайдалауды үйрету;
г) ҚР мемлекеттік мерекелерін атап өту әр тәлімгердің жоспары бойынша;
д) «1 қыркүйек – Білім күні», 1-курс магистранттарын «Магистрлер қатарына
қабылдау» мерекесі, «Ұстаздар күні», «Жаңа жыл», «Абай әлемі» атты
республикалық өнер фистивалі тағы басқа мерекелер тақырыптары қамтылды.
2) Тәлімгерлердің топтармен өткізген саяхаттары:
- ҚР Орталық музейі;
- Университеттің мұражайларына және Ә.Қастеев мұражайына;
- М.Әуезов театрындағы қойылымдарға;
- Цирктегі қойылымдарға;
- Парк, Көктөбе, Шарын шатқалы, Медеуге;
- Алматы қаласы және университет көлемінде өткізілген меркелердің шеруіне әр
тәлімгер топтармен қатысады.
3) Тәлімгерлер бос уақытында жатаханадағы өмірімен тагысып, бөлмелерін
тексерістен өткізіп, тәртібімен тазалықтары жайлы жиі жиналыстар өткізіп
отырады. Әр мерекелерді жатаханада және институт көлемінде өткізуге ат
салысып, жатаханадағы бөлінген кезекшіліктерін атқарып және топтармен
сенбіліктерге қатысып отырады. Кафедраның оқытушылары, магистранттары
тәлімгерлермен бірге институттың іс-шараларына қатысуымен іске асырылып
тұрды. Кесте бойынша кафедраның оқытушылары жатаханада кезекшілік жасап
тұрады. Кафедра оқытушылар тәлімгер жетекшілігімен жұмыс жасайды,
«Жатақхана туралы Ережені» басшылыққа ала отырып, жатақханаға орналастыру
және тұруды ұйымдастыру жұмыстары талартарға әйкес жүргізіліп, есебі, тәрбие
жұмысы, өткізіліп отырылады.
4. Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша кафедраның осы уақытқа дей»н
өткізген іс-шаралар.
Бірінші жарты жылдық бойынша
1.
2014 жыл 25 қыркүйек «ЭКСПО дүние жүзілік көрмесі және Қазақстан»
атты тақырыпта жатақханада дөңгелек үстел өткізілді.(барлық эдвайзерлер).
2.
2014 жыл 2-қазанда «Ұстазым менің, Ұстазым» атты тақырыпта тәрбие
сағаты өткізілді. (1, 2 курс «Информатика» мамандығының магистранттары
арасында ұйымдастырылды)
3.
2014 жыл 17 қарашада 17- қараша – Студентер күні өткізілді.
4.
2014 жыл 1 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Президенті
Ә.Назарбаевтың өмір жолы» атты тәрбие сағатын тәлімгер Ерженбек Б. 1 курс
студенттер арасында пікір алмасып, дөңгелек үстел өткізді.
5.
Тәуелсіздіктің алуымыздың саяси-тарихи алғышарттарының бірі елміздегі
1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасын атауға болады. «Желтоқсан жаңғырығы»
атты дөңгелек үстелді 1 курс магистранттарына PhD доктор, аға оқытушы
Шармұханбет С.Р. өткізді. Бұл шара жастардың рухани кемелденуіне, тарихи сана
мен ұлттық сезімінің дамуына үлкен ықпал етеді деп ойлаймыз. Магистранттарға
желтоқсанның оқиғасын баяндайтын тарихи деректер мен ақын-жазушылардың
ой-пікірлері жазылған слайд көрсетілді. Желтоқсан оқиғасына қатысқан
адамдардың естеліктері мен пікірлері жазылған бейнелер ұсынылды.
6.
Бидайбеков Е.Ы. және Камалова Г.Б. 2 курс магистранттарға алыс және
жақын шетелдерге ғылыми тағылымдамаға жіберер алдында тәрбиелік дәрістер
өткізді
7.
2014
жыл
25
желтоқсан
Қазақстан
Республикасы
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасы жарияланған «Нұрлы жол-
болашаққа бастар жол» атты Жолдауын профессор –оқытушылар құрамы мен
магистранттар арасында жаппай талқылау бойынша ақпараттық насихат, дөңгелек
үстел іс-шарасы өткізілді.
Екінші жарты жылдық бойынша
1. 2015 жылдың 20 қаңтарында «Ғасыр дертіне тосқауыл» атты ашық тәрбие
сағатына магистранттар, кафедрадан тәлімгерлер қатысты.
2. 2015 жылдың 2 ақпанында Денсаулық-салауатты өмір салты. Вич/Спидке қарсы
дәріс өткізілід.
3. 2015 жылдың 18 ақпанында «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»
ашық тәрбие сағаты жүргізілді.
4. 2015 жылдың 20 наурызында «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты тәрбие
сағатының қойылымы көрсетілід. Ондағы тәрбие сағатының мақсаты
магистранттарды салт-дәстүрлерді сақтау, қазақтың ұлттық ойындарын және
ұлттық тағамдарының ерекшеліктерін ашып көрсетумен жүргізілді.
5. 2015 жылдың 30 наурызында магистранттар қатысуымен «Тарих ғасырлар
куәсі» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тәрбие сағаты
ұйымдасытырылып өткізілід.
6. 2015 жылдың 30 сәуірде «Мамандық таңдауы» атты өткізілген іс-шара
бакалаврдың бітіруші түлектеріне арналған ашық есік күніне арналған тәрбие
сағатын талқылау болды. Кафедра оқытушылары , тәлімгерлер және
магистранттар арасында өткізілді.
7. 2015 жылдың 15 сәуірде «Қозы Көршеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне
арналған мерекелік кеш ұйымдастырылып тәрбие сағаты өткізілді. Бұл тәрбие
сағатының тәрбиелік мәні поэзия әлемімен магистранттардың жан дүниесіне
үңілу, эстетикалық тәрбие беру, табиғатқа деген мейірімділікке , қамқорлыққа
тәрбиелеу болды.
8. 5 мамырда кафедра оқытушылары Б.Бостановтың және Б. Шолпанбаевтың
жетекшілігімен Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне байланысты
магистранттардың араласуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Тәрбие жұмысының жоспары оқу жылы басында бекітілгендей, әр бір
тәлімгер жетекшілік ететін магистранттарымен кездесіп, жыл бойы оларға жан-
жақты біліктілік және тәрбиелік мәні бар дәріс сағаттарын өткізіп отырады.
Сонымен қатар қазіргі заман талабына сай коммуникативті, креативті, ортаға
биімделуі, оорындаушылықты және адамгершілік жағынан бай, Отаннын сүйетін
азамат болуға тәрбиелейді. Жоғарыда аталып ткен іс-шаралар, тәрбие сағаттары,
дөңгелек үстел, әңгіме сұхбаттар кафедра отырысында талқыланып, айтылған
ескертулерге байланысты өзгерістер енгізіліп отырды.
Кафедра меңгерушісі, профессор
Е.Ы.Бидайбеков
Кафедраның жауапты тәрбие жетекшісі
С.Р.Шармұханбет
Достарыңызбен бөлісу: |