Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Кеңес өкіметі орнаған алғашқы күннен бастап жүзеге асырылған іс-шаралар



бет102/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Кеңес өкіметі орнаған алғашқы күннен бастап жүзеге асырылған іс-шаралар

Әскери коммунизм саясаты:

Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды.

«Әскери–коммунизм саясатының» негізгі белгілері: 1)Азық–түлік салғырт енгізілді. 2)Жеке саудаға тыйым салынды. 3)Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4)Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5)Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6)Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды.

Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды. 1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. 1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. 1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды. Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды. Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.

Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында, мәселен Спасск заводында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мұнай кәсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2-ші Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады. Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық және уездік орталықтарда да жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін нығайту ісі, ауылдық және селолық Кеңестерді құру ісімен бірге жүргізілді. Алайда ауылдың экономикалық және мәдени жағынан артта қалуынан туындаған қиыншылықтар, әлі де күшті рулық байланыстар қазақ ауылдары мен болыстарында Кеңес өкіметінің органдарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын қиындатты. 1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-құлалық жойылып, билік Кеңес атқару комитеттері қолына алына бастады. Сонда да болса, ауыл-селоларда әлі Кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күресте облыстық және уездік кеңестер съездері көп роль атқарды. Облыстық, уездік, болыстық кеңестерде жер, азық-түлік,

шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдері ашылды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет