1921 ж. жер-су реформасының жүзеге асырылу барысы, мазмұны және тарихи маңызы
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды.
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды. 1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. 1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. 1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды. Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды. Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).
Оныңміндеттері: 1)Еңбекартельдерінқұру. 2)Кедейлергежерберу. 3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:
1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.
2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.
4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
1921 – 1922 жылдардағы аштықтың салдары: 1) Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 – ке дейін азайды. 2) 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
«Қосшы» ұйымы және оның қызметі
1921 ж. 21 ақпанында кедей-шаруалар одағының бір айлық жұмысын қорытындылай отырып, Түркістан коммунистік партиясының орталық комитеті жері аз және мүлдем жері жоқ дихандары одағының Ережесін бекітіп, оны «Қосшы» одағы деп атауға ұйғарды. Осылайша бүкіл Түркістан АКСР-і мен Қазақстанның оңтүстігінде шаруаларды ұйымдастыру, біріктіру үрдісі мынадай жолдан өтті: кедейлер комитеті – кедейлер одағы – шаруалар одағы – еңбекші дихандар мен шаруалар одағы – Қосшы одағы. 1921 жылдың жазына қарай 90 мың адамның басын біріктірген одақтың 6 мыңға жуық ұялары болды. 1921 жылы 2-10 желтоқсанда Ташкенде өткен «Қосшы» одағының Бүкілтүркістандық І съезі одақты ұйымдастыру мен Түркреспубликасының халық шаруашылығын қалпына келтірудегі оның мақсаты мен міндеттерін анықтауда маңызды рөл атқарды. 1922 жылғы 15-наурызда Түркістан ОАК-і (ТурЦИК) «Қосшы» одағының мазмұны мен мәнін ашып көрсеткен Ережені бекітті. Ережеде «Қосшы» одағының саяси және экономикалық міндеттері анықталып, нақтыланды. Олар: көшпенді халық арасында кедейлердің азаматтық құқығын қорғау, батрақтар мен орта шаруаны кеңестік құрылысқа тарту, жер мен суды пайдалануда ұлттық теңсіздікпен күресу, жергілікті халықтар мен кірмелер арасында достық қарым-қатынастар орнату, жерді қоғамдасып өңдеу мен еңбек артельдерін ұйымдастыру, ал экономикалық міндеттер – аграрлық реформаларды жүзеге асыруда белсенділік таныту, ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін, мәдениетін және одақ мүшелерінің таптық сана-сезімін көтеру, еңбектің ұжымдық түрін дамыту, кедейлердің шаруашылығын кооперативке араластыру т.б.
Жетісу мен Сырдария облыстарында «Қосшы» одағының ұялары пайда бола бастады. Түркреспубликада, ең алдымен Жетісу облысында, Қосшы одағының ұйымдарын құруда Ораз Жандосов, Ж.Бәрібаев, А.Розыбакиев т.б. көп күш жұмсады. 1921 ж. көктеміне қарай Жетісу облысында Қосшы одағының 18 мың мүшесі бар 100-ге жуық ұяшықтары болып, Сырдария облысында олардың саны 15 мың адамға жетті. Одақ бастапқы кездегі алдына қойған мақсаттарын орындады, 1921 жылы Жетісуда өткен жер-су реформасы орыс шаруаларымен жері жоқ дихандар мен егіншілердің татулық пен бірлікте өмір сүруіне негіз болды. Бірақ 1921 жылы Жетісуда жүргізілген жер-су реформасы барысында көптеген қателіктер болды. Жетісудағы жер-су реформасын дайындау мен жүргізуде, жергілікті халықты жерге орналастыруда, жер мен суды пайдалануда отаршылдықтың қалдықтарын жоюда, көпұлтты Жетісу жеріндегі ұлтаралық татулық пен бірлікті орнатуда Ораз Жандосов шыдамдылықпен белсенді рөл атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |