Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


-1922 жж. аштықтың негізгі себептері



бет107/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

1921-1922 жж. аштықтың негізгі себептері

1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап, қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете барды

Қазақ жерінде аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінің жағдайы аса ауыр болды. Бұл өңірлер осы уақытқа дейін де көп қиыншылықты бастан кешірген еді. Кеңестік жүйе орнағанға дейін патша үкіметінің қыспағын көрген, жерінен айырылған, отарлаушыларға кіріптар болса, ал азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдардың қанды қылышына ілікті.Газет қазақ көп шоғырланған Ақтөбе губерниясында адам да, мал да азықтың жоқтығынан қырылып жатқандығы айтылса, Шымкент уезіндегі қазақ ауылында шешек ауруы жайлап, адамдардың өлімі көбейіп бара жатқандығы жөнінде хабар басылды.



Ел басына түскен қиын заманда Қазақ өлкелік Орталық Атқару Комитеті 1921 ж. 15 наурызында өткен РК(б)П-ның Х съезінің салғыртты салықпен алмастыру жөніндегі қарарын негізе ала отырып, осы жылдың 11-18 маусымында болған конференция барысында азық-түлік салғыртын салықпен алмастыруды бірауыздан мақұлдады.Сөйтіп, азық-түлік салғыртының салықпен алмастырылуы барлық өнімдерге қатысты салық мөлшерін белгілеген құжаттар қабылдатып, сол мөлшер бойынша шаруаларға салық төлеу міндеттелінді. Жеуге азық, малын асырауға шөп таба алмай қиналған қазақ шаруалары үкімет белгілеген салықты төлеуге шамасы келмеді.Осындай елдегі ауыр жағдайға қарамастан үкімет уезд шаруаларын салықтан босатпады, керісінше төпелеп бірінің үстіне бірін салып, оларды салыққа әбден кіріптар қылып қойды.Сонымен Қазақстандағы 1921-22 ж.ж. ашаршылықтың шығуына екі себеп, яғни Ресейдегі азамат соғысының кесірінен қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы және табиғи апат, қолайсыз ауа-райының салдарынан туған жұт әсер етті. Тарихшы Т. Омарбеков Қазақстандағы бұл ашаршылықтың шығуына ауа-райының қолайсыздығы емес, азамат соғысының тұтануынан шаруашылықтың күйзелуі, яғни большевиктердің біржақты саясат жүргізуінен деп тұжырымдаған Тарихшы Манаш Қозыбаев 1921-22 жылдардағы аштық турасында: «1921-1922 жылдардағы аштық қазақтарды демографиялық апатқа әкелді. 1922 жылдың наурызында Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында 2 миллион 350 мың адам аштыққа ұшырады, олардың көбі өлді. Үкімет тарапынан көрсетілген көмек тек қала тұрғындарына жетті, сол уақытта онда қазақтардың екі-ақ проценті орныққан еді, дені ауылдарда болатын»С. Мендешевдің көрсетуі бойынша Қазақстанда 1921 жылдың соңында 1 476 985 адам, оның ішінде 927593 ересектер, 158392 балалар ашыққан. Ол аштықпен күресудің жеті жолын ұсынады. Оның біріншісі, азық-түлік ресурстарын дайындауды күшейту және оны аудандарға бөлу болса, екіншісі, он тоқ адамдардың бір ашты, тоқ болыстардың бір аштыққа ұшыраған поселкені көмекке алуы турасында үгіт жұмыстарын күшейту, үшіншісі тұқымдық астықты уақытылы қабылдауда және оны бөлуде төтенше әдіс қолдану, төртіншіге қоғамдық жұмыстар мен қолөнер артелдерін ұйымдастыруды жеделдетуді, ал бесіншіге аштықпен күресуде барлық Халкомдардың және өлкелік мекемелердің жұмысын күшейтуді, алтыншы бойынша автотранспорттық тамақтандыру орындарды жеткізу арқылы Дала өлкесіндегі ашыққан қазақтарға көмек көрсетуді, жетіншісі, жұт пен аштық кезінде күйзеліске ұшыраған қазақ ауыл шаруашылығын тез арада малмен қамтамасыз ету болды.Ұлт қамын ойлаған қазақ зиялылары мен жекелеген аймақтардың көрсетілген көмектері арқасында бұл күндер де артта қалды. Мұндай қиын-қыстау заманда өз халқы мен бауырларына жәрдем көрсетуді өздерінің азаматтық борыштары деп білген зиялыларымыздың бұл әрекеттері өміршең мүддеге қызмет еткендігінің тағы бір көрінісі болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет