ҚазАКСР-і құрылған кездегі (1920 ж.) халқының санын, аумағын 1924 жылмен салыстырыңыз. Айырмашылықтың себебін анықтаңыз.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақтардың саны қысқарды, бұл табиғи және өлім-жітімнің өсу деңгейінің төмендеуімен түсіндіріледі. Жүздеген қазақтар жазалаушылар қолынан қаза тапқан және империя шегінен қашуға мәжбүр болған кездегі 1916 ж. көтерілістің жеңілу салдары болды. Тек 1916 ж. Жетісу облысынан 150 мың қазақ қоныс аударды. Осылай өзінің ежелгі аумағында қазақтардың азшылыққа ауысу негіздері салынды. Этно-демографиялық дамудың осы және басқа тенденциялары, әсіресе Қазақстанның көпұлтты тұрғындарының күшею процесі қазаннан кейінгі кезеңде, Кеңес өкіметі жылдарында кенет түрткіні алды, бұл әлеуметтік индустриаландыру, ұжымдастыруды жүзеге асырумен, басқа әлеуметтік-экономикалық өзгертумен, Ұлы Отан соғысының салдарларымен байланысты болды. Қазақ халқының демографиялық дамуына жағымсыз әсер еткен барлық облыстарда көші-қон саясаты теріс рөлді ойнады. 1920 ж. қазан айында астанасы Орынбор қ. болған Ресей Федерациясының құрамындағы Қазақ Автономдық Кеңес Социалистік Республикасы жарияланды. Бұл ұлттық мемлекеттік білім құрамындағы қазақтардың этникалық аумағының көп бөлігін біріктіруге мүмкіндік берді. 1924 ж. Орта Азия республикаларының ұлттық-аумақтық межелеуі өтті, оның нәтижесінде Түркістан АКСР-дің қазақ аудандары (Сырдария және Жетісу облыстары) Қазақстан құрамына кірді. Орынбор губерниясы Ресей Федерациясына берілді. Республиканың демографиялық жағдайында белгілі өзгерістер пайда болды. 1926 ж. санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында 6198,4 мыңнан астам адам өмір сүрді, олардың ішінде қазақтар - 58,5%, орыстар – 20,6, украиндықтар – 13,9, өзбектер – 2,1, татарлар – 1,3, ұйғырлар – 1,0, немістер – 0,8 және т.б. Егер 1897 ж. Бүкілресейлік санақтың деректерімен салыстыратын болсақ, осы 29-30 жыл ішінде республиканың тұрғындары шамамен 1,5-ке өсті, соның ішінде орыстар – 2,8-ге, басқа ұлт өкілдері – 4,3-ке, қазақтар тек – 234,8 мың адамға өсті, яғни 7%. Қазақтардың салыстармалы салмағы 23,2 пунктіне төмендеді, орыстар -9,6 пунктіне, басқалары – 13,7 пайыз пунктіне дейін өсті.
Қазақ АКСР негізгі ұлт көпшілігінің өсу саны төрт негізгі канал бойынша жүрді: 20-шы жылдардың ортасында жылыстау негізінде халық санының көбею нәтижесінде көші-қонның оң айырмасы; табиғи өсуі, өлімнен үстінен туу көбеюшілігі; 1924 ж. автономдық республикасының құрылуы және Орта Азияның ұлттық-аумақтық межелеуінен кейін республиканың іс жүзінде әкімшілік шекаралардың кеңеюі; ассимиляциялық және шоғырландыру процестері. 20-шы жж. демографиялық жағдай жағымсыз болғаны белгілі, бір жағынан 1921 ж. құрғақшылық және жұт кезінде шаруалардың бір бөлігі РКФСР және Украинаға қоныс аудара бастады. Қазақ АКСР ОАК республиканың шаруа тұрғындарына республикадан жылыстауды ұстау мақсатында арнайы жолдауымен шықты. Басқа жағынан – 20-шы ж. басында Ресейдің әр түрлі аудандарынан (мысалы, Саратов, Астрахан губерниясынан) Қазақстанға тек шаруалар (орыс, украин, мордов және т.б.) ғана емес, қазақ тұрғынадары да қоныс аударды немесе қайтып келді.
Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен.
Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан (әр мың адамға шаққанда 17,2 адамға өсті) Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді (КСРО-да орта есеппен 9,6 адам).
Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келген. Алайда халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Қазақ КСР-ның оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде, суармалы егіншілік дамыған шұраттардағы кей жерде халықтың тығыздығы 1 км-ге 100 адамнан асқан; сондай-ақ солтүстігінде де біршама жоғары деуге болған: қара топырақты орманды дала және дала өңірінде 1 км²-те 20 адамнан келген. Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда да халық едәуір тығыз орналасқан болатын. Ал Қазақ КСР-ның батыс, орталық; оңтүстік бөліктеріндегі орасан зор көлемді шөл және шөлейт жерлерде, бұған керісінше, халық сирек қоныстанған; бұл өңірлерде халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4-1,8 адамнан аспаған.
Достарыңызбен бөлісу: |