Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақ тарихында Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің еліне сіңірген еңбегі



бет184/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Қазақ тарихында Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің еліне сіңірген еңбегі

Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол

қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен, билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге, яғни сот билігіне келіп саяды.

Тауке ханның басқару кезінде

Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасқан. Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – “Жеті жарғыны” жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгілеген.

Билеріміз қазақ елін асқақ мұраттарға жеткізуде ұлттық бірлікті көкседі. Ел билеушілердің бойында көсемдік пен имандылық қасиеттерді дамытарлықтай ақыл қосып, кәсіби заңгер әрі саясаткер ретінде ел басқаруды жетілдіру жолдарын іздестірді. Сол себепті билер қазақ жеріне қатер төнген заманда әскер басқару мүмкіндігін үш жүздің батырларының ішінен ретімен, алауыздық туғызбайтын етіп, алаламай, келісіп шешіп отырды. Сондай-ақ билер әлеуметтік жағынан шығу тегіне қарамай, қараны да, төрені де ісіне, қабілетіне, азаматтығына сәйкес әділ бағалап, қолдау білдірген




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет