Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақстандағы тілдер дамуының проблемалары мен болашағы



бет187/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Қазақстандағы тілдер дамуының проблемалары мен болашағы

Тіл құрылысының қисыны елімізде бір қатар проблемалық аспектілердің бар болуымен байланысты.

1)Қоғамда мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі-мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасы қалыптасқанмен, қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының біліктілігін арттыру мәселесінің толыққанды шешілмеуімен, қазақ тілін оқытудың В1, В2 деңгейлері бойынша оқыту әдістемесінің жетіспеушілігімен, көрсетілген деңгейлер бойынша жүйелендірілген оқу-әдістемелік құралдар базасының болмауымен де байланысты.

2)Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі.Бұл бағыттағы проблемалы мәселелер туризм, демалыс пен ойын-сауық саласында мемлекеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны заң, ғылым және жаңа технологиялардың тілі ретінде дамытуға байланысты. Сонымен қатар проблемалық мәселе мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде танымал ету сияқты мәселелердің маңызды тізбесі болып табылады.

3)Қазақстандық қоғамда тіл мәдениетінің төмендеуі.Лингвистикалық кеңістікте сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру, интернет тұтынушылары қатарының өсу шамасы бойынша БАҚ-та тіл тазалығын, тіл мәдениеті, сөйлеу әуезділігін сақтауда айтарлықтай проблемалық мәселелер бар.Бұл аспектіде қазақстандықтардың үш тілді қатар меңгеруіне, Қазақстан мәдениетінің тілдік әралуандығын қалыптастыратын этностардың тілдерін сақтау үшін жағдай жасауға және халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге байланысты проблемалар жиынтығы орын алады.

Болашақта: - мемлекеттік тілдің нормативтік базасын нығайту жөніндегі шараларды іске асыру және оны аспаптық әдістермен жетілдіру (ынталандыру, көтермелеу т. б.);

-ғылым және білім, экономика, қаржы және басқару, сот өндірісі мен заңнама, сондай-ақ БАҚ және интернет-кеңістік саласында пайдалану саласын кеңейту;

-қазақ тілінің грамматикалық, лексика-фразеологиялық, оның ішінде терминологиялық және ономастикалық ресурстарын зерттеу, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, интернет-ресурстар, онлайн оқулықтар, ортологиялық және басқа да құралдар арқылы жаңа ғылыми-лингвистикалық білімді танымал ету жөніндегі шараларды қолдау;

- халықаралық коммуникациялық алаңдарда қазақ тілін қолдануды кеңейту және оны шетелде оқыту жөніндегі жұмыстарды іске асыру;

- отандық және халықаралық коммуникациялық алаңдарда қазақ тілінің латинографиялық кеңістігін қалыптастыру, ұйымдастыру, реттеу,дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

- Қазақстан аумағында этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға, қолданылуын кеңейтуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;

- Қазақстан мәдениетінің тілдік алуан түрлілігін қалыптастыратын этностардың тілдерін сақтауға жағдай жасау.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет