Қазақ тілінің қолдану аясының тарылу себептері, ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты
Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тəжірибесі көрсеткендей қоғаммен мемлекет құрылымындағы күрделіқұбылыс – тіл мəселесі болып табыладыүТіл ұлттық негізгі белгісі ретінде халықтық болмыс-бітімнің сақталуында шешуші рөл атқарды, оның рухани мəдениітінің бір бөлігі болып табылады, сондықтанда тіл өзіне деген құрметті талап етеді. Қазақ тілінде іс жүргізу мəселесін сөз еткенде, тағы да тарихқа тереңірек үңілуге туралы келеді. Бұл мəселе сонау 192030 жылдары оңды шешіліп, бірқатар тəжірибе жинақталғаны белгілі жайт. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі сол жылдарда конституциялық нормаларға сəйкес қазақ тілінде іс жүргізудің қалыптасуы мен дамуына жəрдемдесетін бірқатар қаулылар қабылдады: Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпандағы «Қазақ жəне орыс тілдерін республикалық мемлекеттік мекемелерінде қолдану туралы» декреті, 1923 жылғы 20 қарашадағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декреті қазақ тілінде іс жүргізудің алғашқы заңды құжаттары болды. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті КСРО Орталық Атқару Комитеті Ұлттар Кеңесі Төралқасының 1927 жылғы 26 тамыздағы мəжілісінде жасаған «Республика мемлекеттік аппаратын тұрғылықтандыру туралы» баяндамасында қазақ тілінде іс жүргізудің республикадағы жайын əңгімелеп, оны одақтық деңгейде мəселе етіп көтерді. Қазақ тілінде іс жүргізуді республикалық деңгейде дұрыс шешу мəселесі Қазақ өлкелік партия комитетінің 1929 жылы 11-16 желтоқсанда өткен V Пленумында қаралып, қаулы-қарарында ерекше көңіл бөлінді /2/. Алайда, ХХ ғасырдың 20-жылдары ортасынан бастап халықтардың тең құқықтығының принциптері, КСРО-дағы ұлттардың өз мəдениеті мен тілін дамыту құқығы шектеле бастады. Тіл саясаты өрескел бұрмаланып, оның орнына Сталиннің ұлттарды ұлттық рухани қазынасынан айыруды көздейтін «біртұтас кеңес халқын жасау» саясаты орнықты. Бұл бағыттағы
жұмыстар жергілікті халықтың жəне Кеңес Одағында, соның ішінде қазіргі Қазақстан Республикасында тұратын ұлттық топтардың мүдделері ескерілмей жүргізілді. Заңсыздық пен зорлық-зомбылық көп ұлтты мəдениетке орасан зор нұқсан келтірді, мұндай келеңсіздікке қарсылық білдірген зиялы азаматтар қуғынсүргінге ұшырады, көбісі ату жазасына кесілді. Тіл мəселесінің мемлекеттік деңгейде талқыға түсіп, жұртшылық арасында жаппай саяси тақырыпқа айналуы республика көлемінде қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тануға себеп болды. Осы талаптар мен ұсыныстар нəтижесінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ ССР-інің Тіл туралы заңын қабылданды.1920-1930 жылдар Қазақстан ғылым-ң қалыптасқан кезеңі болды.Өлкенің тарихы. Этнологиясы экономикасы зерттеле бастады жəне жаратылыстану ғылымының ірі орталықтары пайда болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылып, оның секциялары-ң жұмысына Асфендияров,Затаевич , Қ.Жұбанов , А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов М.Жолдыбаев жəне басқа көрнеекті ғалымдар атсалысты.1935 жылы Геология жəне тарих секторлары құрылы.1932 жылы КСРО ғылым акадмиясын Қазақстанда құру жағдайы жасалды.ХХ басында қазақ əдебиеті жаңа сапалық деңгейге көтерілді.Азғана тарихи уақыт ішінде 200-ге жуық кітап жарық көрді.Орыс жазушыларының шығармалары аударылды.Бұрын соңды қазақ əдебиетінде болмаған жанрлар-романдар повестер новеллалар п.б Кеңес билігінің орнауы коммунистік идеологияға сай көркемөнердің орнығуына жол ашып берді.Орынборда Семейде Оралда Ақмолада жəне басқа қалаларда клубтар, халық үйлері, драма,театрлар п.б 1926 ж қаңтарда Қызылорда республикада алғашқы қазақ ұлттық театрі ашылды.Алғашқы премьералар Əуезовтың «Еңлік-Кебек» «Абай» Мүсірепоовтиың «Қозы көрпеш –Баян сұлу» спектакльдерімен ашылды.Қазақ драма театры аз уақыт ішінде маңызаралық жетістіктерге жетті.1937 академиялық драма театры болып қайта құрылды.1933 ж Алматыда ұйғыр музыкалы театрі , 1937 жылы Қызылорда дада корей театрі,Шымкентте өзбек,Петропавлде татар театрі бой көтерді.1935 жылы Қазақ мемлекеттік филормониясы құрылды.Оны композитор Ахмет Жұбанов басқарды.Сонымен қатар опера жəне балет театрі , Бейнелеу, Кино өнері .Қазақ ұлттық кино өнерінің алғашқы туындыссы «Амангелді» көркем фильмі 1938 «Ленфильм» киностудиясында түсірілді. Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж. басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің кө
болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын əдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың “АзиЯ” деген талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвардия”, “Москва”, “Звезда” жəне басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмəн келтірді. Ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма жəне орысқа қарсы деп айыпталды.
Достарыңызбен бөлісу: |