Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Арал қасіреті: тарих және қазіргі заман



бет206/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Арал қасіреті: тарих және қазіргі заман

Арал теңізі бұрын көлемі жағынан дүниежүзінде төртінші теңіз болып саналған еді, оның табиғат қоры өте бай, ал Арал маңындағы табиғат ортасы гүлденген және биологиялық тұрғыдан өте бай өлке еді. Аралдың бірегей оқшау болуы және әртүрлілігі ешкімді де бей-жай қалдырмады. Теңіздің осындай атауға ие болуы да таңқаларлықтай емес. Себебі «Арал» деген сөздің өзі түрік тілінен аударғанда «арал» деген мағынаны береді. Сірә, біздің ата бабаларымыз Аралды Қарақұм мен Қызылқұм арасындағы ыстық шөл даладағы жайлы қоныс және құтқарушы арал деп санаған ғой.

Арал теңізі 35000 жыл бұрын Тұран ойпатында пайда болған. Арал деп осы теңізді ең бірінші атаған адам араб географы және ғалымы Ибн-Руста (920 ж.) өз еңбектерінде атап көрсеткен. Арал теңізі ағынсыз, яғни әлемдік мұхитқа шығатын жолы жоқ теңіз болып саналады. Арал теңізі Қазақстанның оңтүстігінде және Өзбекстан автономиялық облысындағы Қарақалпақстан аралығында орналасқан. Аталуының өзі «Аралдар теңізі» деген мағынаны білдіреді, себебі онда 300 аралдан артық арал бар.Оның бассейніндегі климаттық өзгерістерге байланысты теңіздің тарихи табиғи көп жылғы тербелісі амплитуда 1,5-2 метрмен өлшенді. Судың көлемі 100-150 куб. км. өзгертілді, ал су бетінің ауданы – 4 мың шаршы. км көтерілді.

1918 жылы Ресей үкіметі Арал теңізіне сулары құйылатын екі өзен – оңтүстіктегі Амудария өзені және солтүстік шығыстағы Сырдария өзендерінің ағыстарын бұрып жіберді, себебі шөл даланы суару үшін, шөл далаға күріш, қауын, дақылдар мен мақта егу үшін сол өзен сулары пайдаланылды. Бұл Кеңес үкіметі жоспарының бір бөлігі еді, мақтаны немесе «ақ алтынды» өсіру үшін жанталасты, ал мақта кеңес елінің сыртқа шығарылатын басты өнімі болып саналды. Бұл жоспар, әрине, ең ақырында іске қосылды, себебі Өзбекстан осы күнге дейін әлемде мақтаны сыртқа шығарушы ірі елдердің бірі болып саналады.

Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар – Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс – қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім. 1990 жылдың 24 – 26 қаңтарында БҰҰ – ның қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықаралық құжат “ Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу ” деп аталды.1990 жылғы 11 – 12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде беікітілді келісім бойынша оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен “Диагностикалық құжат” жасалды. Бұл ұлкен ғылыми -тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. “ Диагностикалық құжат ” 1992 жылдың 4 тамызында ЮНЕП – тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған ҚР атынан Ұ. Қараманов, К. Салықов, Н. Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т. б. мекемелер қосыла отырып, орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және Халықаралық Арал қорының басшылығымен “ Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек Бағдарламасын ” іске қосты. Бұл тарапта 7 баңдарлама, 18жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.

2004 жылдарға қарай теңіз өзінің бастапқы үстіңгі беттік ауданынан 25 % ға дейін қысқарды, бес есеге дейін артқан тұздану сол теңізге тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесін құртып жіберді. Қазіргі кезде теңіз түбінің 33 мың шаршы километрден астамы құрғап кетті. Жағалау сызығы 100-150 километрге дейін шегініп кетті. Судың тұздығы 2,5 есеге дейін ұлғайды. Ал теңіздің өзі екі бөлікке бөлінді – Үлкен Арал және Шағын Арал. Осылайша Арал кеуіп бара жатыр.

Арал теңізінің кеуіп қалуы үлкен масштабта қоршаған ортаның қыста жылы болуына және жазда салқын болуына әкеліп соғуда, қуаңшылық пен құрғақшылық артуда, климаттың континенттілігі шиеленісуде. Тұзды құм шаң теңіз аймағындағы 15 мың га дейінгі жайылым жерді жыл сайын жұтып алуда.

Осы жерде мекендеуші сүт қоректі жануарлар мен құстар түрлері 50%-ға дейін азайып кеткен.

Осылайша, Арал маңындағы Арал теңізінің құрғап кетуіне байланысты ғаламдық сипатта халықтың денсаулығына және шаруашылықты жүргізу үшін зардаптардың шығу тегі мен деңгейі бойынша қалыптасқан экологиялық проблемалардың күрделі кешені пайда болды.

1991 жылы Қызылорда қаласында Н.Ә. Назарбаев қатысымен Қазақстан ғылым академиясының сессиясы өтті. 1993 жылы мемлекеттердің бес басшы қатысымен саммит өтті, сонда Президент Н.Ә. Назарбаев Аралды құтқару бойынша халықаралық қорының бірінші президенті болып сайланды

Шағын Аралды тұзды көлдің қалған бөлігімен қосатын тар бұғазды 1992 мен 1998 жылдары арақабырға қылды, бірақ екі жолы да бекітілмеген құм бөгеті — су деңгейінің арту шамасы бойынша сумен шайылып кетті.

Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін Арал теңізін қайта жаңғырту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін құтқару бойынша көптеген жобалар әзірленді. 2003 жылы қазанда Қазақстан Үкіметі ұзындығы 13 км болатын жаңа әрі неғұрлым сенімді Көкарал бөгетін салу жоспары туралы жариялады, ол 2005 жылы салынып бітті. Судың деңгейі маңызды түрде артты, ащылығы біршама азайды, қазір өнеркәсіптік масштабта балық ауланады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет