Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы конституциясының орны мен рөлі
1993 жылғы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес жариялы түрде дауыс беру арқылы түгелге жуық көпшілікпен егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдады. (312 депутаттың Конституцияны жақтап дауыс бергені – 309, қалыс қалғаны – 1, қарсы – 2)
Контитуция – бул басты заң. Оны тагыда ата заңымыз депте атайды.
Осы конституция экономикалык жане саяси реформалык құрылымгның негізін қалап , жекеменшік институтының заңдылығын жариялады.
Алғашқы Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ, бұл құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі - мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екіншіден - экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден - жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден - ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету.
1993 жылғы Конституцияның тарихи маңызы:
Конституция тұтастай еліміздегі ұлтаралық жарасымдылықты сақтауға негізделген; Кеңестік және қазақстандық тәжірибеде тұңғыш рет адам құқығы мен бостандығының басымдылығы танылды; Қазақстан халқы дүниежүзілік қоғамдастың ажырамас бөлігі боп айқындалды;
Конституция 131 негізгі және 13 өтпелі баптан тұрады. Оның құрылымында кіріспе, «Конституциялық құрылыстың негіздері», мынадай төрт бөлім:
I. «Азамат, оның құқықтары мен міндеттері»,
II. «Қоғам мен оның құрылысының негіздері»,
III. «Мемлекет, оның органдары мен институттары»,
IV. «Конституцияны сақтау кепілдіктері», сондай-ақ «Өтпелі ережелер» бар.
- 1993 жылғы Конституцияның негізінде республикада ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің жаңа сапалы кезеңіне көшу басталды. Бұл Конституция бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден, күш көрсету идеологиясынан бас тартып, Қазақстан қоғамы дамуының оң серпіні үшін өріс ашты.
Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде негізгі заң Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет ретінде заңдастырды.
1993 жылғы конституция Қазақстан өзін қазіргі заманғы өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде білдіреді, ол тату көршілік пен көптарапты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қалайды, жалпы адамзаттық құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті.
Достарыңызбен бөлісу: |