1) сыртқы саясаттың ішкі саясатпен тығыз өзара байланысы;
2) мемлекеттер егемендігін және тәуелсіздігін өзара құрметтеу;
3) мемлекеттердің тең құқықтығы;
4) мемлекеттік мүдделерді қорғау кезінде принциптілігі мен икемділігі, позициялық маневрлеуге қабілеттігі, «сіресіп қалған» стереоптерден бас тарту;
5) сыртқы саясаттың балансталғандығы және көп бағыттылығы, одақтастар мен серіктестерді таңдау кезінде прагматикалық;
6) бөлінбестік, қауіпсіздік, яғни оның түрлі деңгейлерінің тығыз өзара байланысы (саяси, экономикалық, әскери, экономикалық және т.б.);
7) бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемаларын шешуде жаһандық аймақтық, субаймақтық және ұлттық тәсілдер арасында балансқа қол жеткізу;
8) Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде халықаралық құқық принциптері негізінде сыртқы саясат жүргізеді;
9) Қазақстан ЕҚЫҰ қатысушысы ретінде өзінің сыртқы саясат қызметінде Хелсин қорытынды актісі декларацияларының принциптеріне сүйенеді
Белгілі болғандай, сыртқы саясаттың стратегиялық міндеттері – бұл елдің мызғымастығы, тәуелсіздігі, аумақтық бүтіндігі және шекарасына қол сұғылмайтындығы туралы түбегейлі ережелер нұсқаулығы. Қазақстанның сыртқы саясатының түбегейлігі бейбітшілік сүйгіштігімен және серіктестігімен шектеледі. 1994 жылы желтоқсанда ЕҚЫҰ Будапешт мәжілісі кезінде депозитарийлер тарапынан Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы Меморандумға, Ресей, АҚШ және Ұлыбритания ядролық қаруды тарату туралы Шарттарға қол қойылды, онда Қазақстанның аумақтық бүтіндігі мен саяси тәуелсіздігіна қарсы күш қолданбау туралы, экономикалық мәжбүрлеуден бас тарту туралы міндеттемелер болды. Кейін өз кепілдіктерін ҚХР мен Франция жіберді.Біздің республикамыз әлемнің саяси картасында пайда болып, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қорғау саясатын табанды жүргізе бастады, бұның астарында ең алдымен аумақтық бүтіндік пен егемендік жатыр. Сондықтан біз бірнеше проблеманы шешуге тиіс болдық.