Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы
Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесей жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы.
Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді.
«Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағыты дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген.
Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды.
Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жазулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 ж. Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.
Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрік" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.
Қазақстанның ортағасырлық археология тарихы өте теренде жатыр. Ғалымның ортағасырлық ескерткіштерді зерттеуіне негіз болған ойлардың бірі қазақ халқының пайда болуын, тарихын, мәдениетін жан-жақты зерттеу мен зерделеу болды. Осы бағытта ортағасырлық ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізу арқылы сол уакыттағы халықтардың тыныс-тіршілігінен, сол уақыттың мәдени және саяси өмірінен мол мағұлматтар аламыз. Отандық ғылымда Ә. Марғұланның ортағасырлық ескерткіштерді зерттеулерде алар орны ерекше. Оның жан-жақты ғылыми-зерттеу еңбектерінде ортағасырлық Қазақстандағы қыпшақтардың этно-мәдени құрылысы мәселесі жоғары орын алады. Болашақта қазақ халқының этноқұрылымында қыпшақ мәселесі негізгі кілті болатыны сенімді болған Ә.Х. Марғұлан бүл мәселені жан-жақты қарастырып отырды. Ол қыпшақтану саласында көрнекі із қалдырды.
«Қыпшақ тарихы» - Ә.Х. Марғұланның басты арманы болды деді көрнекті ғалым Л. Кызласов езінің академик жайлы жазған «К портрету ученого и человека» [1, 125]- деген мақаласында.
Ә.Х. Марғұлан XIV ғ. бірінші жартысы деп танылған - Нұрадағы қыпшақ қабірін ашты. Бұл қыпшақ қабірі жөнінде 1959 жылы жан-жақты зерттей келелі мақала жариялады.
Ал академиктің басты мақсаты болған ежелгі түркі тақырыбын оның үш оқушысы жалғастырды. Олар С.М. Ақынжанов - қыпшақтар жөнінде бағалы еңбек қалдырды, Б. Е. Көмеков - араб және парсы деректері бойынша қимақтар мәселесі және А.Ш. Қадырбаев - ХІІІ-ХІУ ғғ. түріктер мен ирандықтар жайында ортағасырлық қытай деректерін сөйлетті.
Академик ғалымның тағы бір басты көңіл бөлген мәселесі Орта ғасырдағы тасқа жазылған таңбалар сыры. Ол өзінің «Тамғалы тас сыры» атты мақаласында өзіне дейінгі зерттеген ғалымдардың байқауынша топталған таңбалар бір замандыкі емес, талай ғасырлар ішінде түсірілген деп жазып, өзіне дейінгі жазылған әртүрлі еңбектерге талдау жасап, тас сырын ашуға тырысты.
Қола дәуірінде, ертедегі кешпенділер заманында ежелгі тайпалардың мифологиялық сюжеттері мен аңыз әңгімелерінің негізінде жасалған көп пішінді композициялар пайда болған. Орта ғасырлардағы жартасқа сурет салу өнері бұрынғы қалыптасқан дәстурде дамыды. Бұл заманның суреттері көне петроглифтердің үстіне салу да жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда олардың жасы дәуірге тән белгілер мен сюжеттер және суреттер бояуы арқылы анықталады. Сурет неғұрлым көне болса, бояуы күңгірттене түседі. Кейбір ортағасырлық петроглифтердің жанында жазулар кездеседі. Кейінірек қазақтар өмірінің этнографиялық сюжеттерін бейнелейтін петроглифтер пайда болды.
Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы таңғаларлық жағдай. Қазақстанныңтасқа салынған гравюралары, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған ұлы мұрасы - көне заман жайында дерек беретін даусыз жәдігер. Қазақстан жеріндегі петроглифтердің барлық өлкелерде кездесуі, жасау шеберлігімен, сюжеттік байлығымен таң қалдырады. Ертедегі суретшілердің туындыларынан жабайы аңдардың бейнелерін - құлан, сайғақ, елік, арқар, марал, ертедегі бұқа - тұр, барыс, қасқыр, жабайы жылқы бейнелерін кездестіреміз.
Жануарлар жанды қимыл үстінде көрсетілген. Ертедегі шеберлер қос өркешті түйенің тәкаппар келбетін, тұлпарлардың сымдай сымбатын, бұғы мен сайғақтың әсемдігін, барыстың серіппеше атылуға әзір тұлғасын көрсете алған. Әсіресе аңшылық көріністері, жануарлардың арпалысы, батырлардың жыртқыштармен жекпе-жектері бейнеленген гравюралар өте қызықты. Жартастардағы суреттерден ертедегі малшылардың, темір қорытушылардың, көшпелі керуеншілердің өмірінен деректер беретін сызбаларды да керуге болады. Түйелі керуендер мен салтаттылар топтары бейнеленген петроглифтердің сюжеттері қазақтардың Желмая жайлы көне аңызымен үндеседі (Ұлытау, Бұланты, Білеуті, Абыралы және басқалары).
Достарыңызбен бөлісу: |