Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым және әдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Мил-лионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма непзшде қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дәрігер-лер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналыс-ты. Мысалы, соғыс жылдары А. Кучкин, А. Панкратова, Б. Греков, Н. Дружи-нин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты. Бұл аса құнды еңбек 1943 жылы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеоло-гия саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл әрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т.б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. 1949 жылдың 29 тамызы Қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретін-де тарихқа енді. Өйткені Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды. Семей полигонында 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасына 113 сынақ еткізілді. 1964 жылдан бастап жер асты сынақ-тары өткізіле бастады. И. Сталин өлгеннен кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды Осы кезде Қазақстан Компар-тиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды. Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру ба-ғытында әрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мәселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары әшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сәйкес Қазақстанда Т. Рыс-құлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі де болса ез күшінде екенін білдірді. 1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» женінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық түрғыда екі бағыты болды: 1. Интенсивтік бағыт - экономиканы реттеудің нарыктық қатынасына көшу. Бірақ та бул социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Ода-ғында тың игеруге дейінп астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бул өнім бұкіл игерілген тың жерлердің енімімен пара-пар болар еді. 2. Экстенсивтік бағыт - астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңцады.